Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көктем келді.


Көктем келді.

 Көктем келді.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға «Атай» өлеңін  оқыта отырып, жасы үлкен кісіні қалай құрметтеу жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:  Оқу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорларын молайту.  Тілін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекқорлыққа, адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет  жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: оқулық. М.Дулатов суреті, үлестірмелер.

 

Әдісі:  түсіндіру, сұрақ-жауап, ізденушілік, әңгімелеу, өзіндік.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

ІІ .Үй тапсырмасын тексеру. Кім жомарт? Не жомарт? Жиырма тиын.

ІІІ. Өткенді пысықтау.

ІV Мақсат қою кезеңі: Ә.Дүйсенбиев. Атай, М.Әлімбаев. Көктем келді.

V. Жаңа сабақ: а/ Жұмбақтарды шешу.

  • Гүл-гүл жайнап жер аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең?

  • Қырға кілем жайылды.
  • Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады.

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.

ә/ Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы болған. «Жалын» баспасында «Жазушы» баспасында қызмет атқарған. М.Ю.Лермонтов, Дж.Родари, С.Маршак, С.Михалков, А.Барто, М.Жалил, Я.Колас, Тоқтағүл секілді ақындардың өлеңдерін қазақшаға аударған.

б/ «Атай» өлеңін оқып, мазмұнын ашу.   

в/ Сергіту сәті «Күнбағыс».

Күркіреді күн, күн...

Терезелер шың, шың.

Жауды жаңбыр топ-топ,

Шелек-шелек көп-көп!

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс, тез өс-өс!

г/ Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші-күйшілердің, ақын-жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл кітапханасының бір қыста 150-ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан» бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын тауысады.

ғ/ «Көктем келді» өлеңін оқып, мазмұнын ашу.

VІ. Білімдерін тексеру.

а/ Сұрақтарға жауап алу. Өлеңге сүйеніп, көктем белгілерін атау.

ә/ Дәптермен жұмыс. «Далаға көктем келді...» деп бастап, «Көктем» тақырыбына  әңгіме құрау.

б/ Екі өлеңді салыстыру /ұқсастығы, айырмашылығы/. 

Ә. Дүйсенбиев. Атай.                                            М.Әлімбаев. Көктем келді.

в/ Мақал-мәтелдер:

1. Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет

2.Үлкеннің алдын кесіп өтпе, оған жол бер.

VІІ. Қорытындылау.

1.Үйге тапсырма: Оқу, өлеңді жаттау.

2. Оқушылардың жауаптарын талдай отырып бағалау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жыл мезгілдері өлеңдері
Жыл мезгілдері
Қарлығаш
Тақырыбы: Көктем гүлдері
Келді көктем далама!
Көрікті көктем ашық сабақ
Буын
"Ағай" Әнуарбек Дүйсенбиев
«Қош келдің - Наурыз».
Көктем келді.
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 6150 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык