Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы


Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы

Тақырыбы: Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы

Мақсаты: білімділігі: оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру,

                                        кітап оқуға құмарландыру, көпшілік алдында өз ойын

                                        еркін жеткізе білуге баулу

дамытушылық:          оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту,өздігінен кітап               

                                        таңдай білуге және кітапты құрметтеуге баулу.

тәрбиешілік мәні:       оқушыларды көркем әдебиет,оқулықтар оқу арқылы  

                                        сауатты,білімді болуға адамгершілікке,ізденімпаздыққа,

                                        мәдениетіліке,өоршаған ортаны аялауға дүниетанымын     

                                        қалыптастыруға,тіл байлығын дамытуға баулу.                                                                                                                   

               Кітап адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады.

               Оқушының жан-жақты дамуы, жарасымды қалыптасуы оөыған ортасына, алған біліміне байланысты. М.Айбек: «Кітапта адамзат ақыл-ойынның  інжу-маржанын бойына жинайды да оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді. Біз бір уыс күл топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады», - деген екен. Сол себепті білім алу үшін кітап ауадай қажет. Ол – білім бұлағы. Оны бойға сіңіру үшін көп оқу қажет.

              Кітап –рухани қазына,байлық,өмір айнасы,заман сыры,тарих шежіресі,оқу-тәрбие құралы.Кітаппен достассаң көп білесің.Бірде ұялтса,бірде мақтайды,бірде бүкіл әлем сырын алдыңв жайып салады.Кітап адамның ішкі дүниесіне, ой-өрісіне ықпал жасап, мұқтажын қанағаттандыратын рухани азығы болып қала бермек.

               Компьютер, теледидар және ұялы телефон ғасырында кітап бұрынғысынша әрқайсысымыздың ең сенімді өмір серігіміз болып табылады. Өйткені кітап – сарқылмас рухани байлық. Кітап адамзат баласына білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат баласының сан қилы құпия сырлары сақталған. Кітап біздің алға жылжуымызға, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуімізге өлшеусіз ақыл қосады. Кітап – ең сабырлы ұстаз.  

               Еліміздің баспаларынан күн сайын бірнеше милиондаған кітаптар басылып шығады. Осы кітаптар не туралы, көп кітаптың  ішінен өзіңе керек кітапты қалай таңдайтын болады?

               Әр кітап - өзінше бір құпия. Оны бірден парақтап оқи жөнелмей, алдымен «аударып-төңкеріп» қарап, кілтін табуға тырысайық. Бұл үшін кітаптың өзіндегі мәліметтердің құпиясын білу қажет.

               Мұқаба – кітаптың сырты, ол қалың қағаздан жасалып безендірілген, кітапқа әдемі көрік беріп тұрады. Мұқабадан кітаптың авторын, атауын білуге болады.

              Аннотация – кітаптың аторы және жалпы кітаптың қысқаша мазмқны жөнінде мәліметтер беріледі. Кітап сөресінің жанында тұрып-ақ, бұл кітаптың қаншалықты қажеттігін ұғасың. Яғни кітап өзі туралы өзі айтып береді.

              Мазмұны – кітаптың бірінші немесе соңғы бетінде болады. Мазмұны арқылы көп нәрсені білесің. Керек өлең немесе әңгімені табуға кітаптың «мазмұны» көмектеседі. Бұл жерде кітапқа кірген барлық тақырыптар қамтылып, оларды керек беттен тауып аласың.

                 «Кітап-білім бұлағы, білім өмір шырағы »

                «Жақсы кітап-жан азығы»

                «Кітап-ең сабырлы ұстаз»

 

             Пікір алмасу. Мұғалімдерді екі топқа бөліп отырғызамын. Екі топқа тапсырма беріледі, сол бойынша мұғалімдердің ой-пікірін білемін.

                             І топ – Баспасөз беттері туралы мәлімет

                             ІІ топ – Жаңа техникалық құралдары туралы мәлімет. (компьтер, сайт, интернет т.б.)

Ортақ сұрақ: Баланы қай бағытпен оқытқан тиімді? Екі топ сұраққа жауап бере отырып, өздеріне берілген тапсырманы қорғап шығу керек. Уақыты: шектеусіз.

  

             Қазіргі таңда жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі кітапхана.Жалпы кітапхана –көпшіліктің келетін орны, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие берумен қатар, рухани жан дүниесін байытып отыру бүгінгі күн талабы.

                                   а). Кітаптың маңызы

                                   б). Кітапты қалай оқу керек? 

                                   в)  Қазіргі таңда жастардың кітап оқу үрдісі қандай деңгейде?

                                     г)   Сізді кітапханадағы қандай кітап қызықтырады?  Деген сұрақ төңірегінде жауап аламын.  

            Ал енді кітапханаға барған оқушылар жайлы мәлімет бере кетейін.

         1. А. Байтұрсынов атындағы орталық кітапханаға ......... оқушы жазылған.

         2. Балалар мен жасөспірімдер орталығының кітапханасына ......... оқушы  барып, көркем әдебиетті оқу арқылы ой-өрісін, тілдік қорын байытуда.

         3. Мектеп кітапханасына шамамен ........ оқушы барып кітап оқиды екен.

          

                                                       Ұлы тұлғалар өсиеті

  1. «Жақсы көретін ісіңіз не?» - деген сұраққа Карл Маркс: - Жақсы көретін ісім кітап оқу, - деп жауап берген.
  2. Кітап туралы Шекспир былай деген: «Кітап маған тақтан да қымбат!»
  3. «Кітапсыз өмір сүру қиын » деген А. Байтұсынов.
  4. «Артық білім кітапта» деген Абай атамыз.
  5. «Үйде кітап жоқ деген сөз – денемде жаным жоқ деген сөзбен бірдей» деген екен Цицерон. 

Кітаптар бейне жапырақ,

    Жырлайтын сырын өмірдің.

                                             Оқисың кейде жатып ап

                                              Көтеріп күйін көңілдің.

          Кітапхана қазіргі кезде, жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы келбетін, ой-өрісін дамытуда, жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.

           Жақсы кітап оқу  - жақсы адаммен сырласқанмен бірдей деп Толстой атамыз айтқандай оқырмандар саны көбейіп, жас жеткіншектердің көзі ашық, көкірегі ояу, заманының ұлы тұлғасы болуына кітапханашының тигізер үлесі көп. Күш – кітапта, оқу-білімсіз, рухани демеусіз, ешкім де алысқа ұзай алмайды. Бала болашағымыз, өсер ұрпақ өнегені өзгеден емес, өз ішімізден іздесе, мадақтар да, мақтанар да ұлы перзентіміз болмақ. 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Адамның досы.
Кітап – рухани байлық, Кітап оқи білесің бе?
Кітапханалық сабақ өткізу технологиясы
Кітап- сарқылмас қазына
Ақын және кітап
Ақын және кітап
Кітап қайдан шығады?
Көркем әдебиеттің қоғамдағы рөлі мен маңызы
Кітап қайдан шығады
Білім көзі – кітапта
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 5806 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык