Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Каспий теңізін қорғау


Каспий теңізін қорғау

 

   Каспий теңізін қорғау

1.Каспий теңізінің пайда болуы
2.Каспий теңізінің балықтары
3.Еаспий теңізінің экологиялық ахуалы
Қорытынды
 

Каспий теңізінің пайда болуы

    КАСПИЙ ТЕҢІЗІ — Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық су алабы. Ауданы 376 000 км2. Меридиан бағытында 1200 км-ге созылған, орташа ені 300 км. Жағалау сызығының ұзындығы 7000 км, оның Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалаудың солтүстік жартысы), қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит деңгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Ірі шығанақтары: Маңғыстау, Қазақ, Қара-бүғазкөл, т.б. 50-ге тарта аралдар бар (ірілері: Құлалы, Шешен, Артем, т.б.). Ірі түбектері Маңғыстау, Апшерон, Аграхан, Красноводск, Шелекен.

     Каспийдің шарасы терендігі жөне түпкі бедері жөнінен 3 бөлікке бө-лінеді. Құрлықтық қайранда орналасқан солт. бөлігі тайыз (10 — 20 м). Орта тұсындағы ойпанда тереңд. 788 м. Оңтүстік бөлігі терең ойпаң (1025 м). Судың беткі қабаты жаз айларында солтүстігінде 24 -26°С, оңт-нде 27 - 28°С-қа дейін жылынады. Қыста солтүстігінің тайыз бөлігі қатады, оңтүстігінде судың температурасы 10°С-қа жуық болады. Каспий теңізіне 130-дай өзен құяды. Ағын су көлемінің 80%-ін Еділ, 5%-ке жуығын Жайык өзендері берсе, Терек, Сулак, Самур өзендері 5%-тен астам, Кура өз. 6%-тін береді. Иран жағалауындағы өзен мен Кавказдың кіші өзендері 4%-ке жуығын береді. Жалпы жер беті суының теңізге келіп құятын ең көп жөне ең аз жылдық айырмасы жүз жыл ішінде 260 км3-ді құрады. Каспий теңізінің деңгейінің жыларалық өзгеруі құбылысында өзен ағыны ғана жарты метрді құрайды. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын-шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см-ге ғана көтереді. Каспий теңізінің тұздылығы Еділ мен Жайық өзендері сағасына жайдын маңында 0,1 — 0,3%о, оңтүстік -шығыста 13%о-ге дейін көтеріледі. Теңізде желдің, өзен суының және жағалау сызығының әсерінен циклондық айналма ағыс пайда болады.

      Қазіргі кезеңде Каспий теңізінің деңгейінің өзгеруіне климаттық және антропогендік факторлар әсер етеді. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей (+22,5 м) 19 ғ-дын басында, ең төмен деңгейі (-29,0 м) 1977 ж. байқалған, 1978 жылдан (20 ғ-дың соңына қарай) теңіз деңгейі 2 - 2,7 м-ге көтерілді. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты.

 

Каспий теңізінің балықтары

     Каспий балықтары Каспий теңізінде балық аулау көсібі жақсы дамыған. Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде. Ит балық аулау ертеден жолға қойылған.

 
КАСПИЙ АЛБЫРТЫ — албырттар тұқымдасының бір тұр тармағы. Негізінен Каспий теңізінің оңтүстік -батыс аймағын мекендейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Кавказ жотасынан ағатын езендерге өрлейді. 20 ғ-дың басында аз да болса Еділ мен Жайық өзендеріне өрлейтін. 1980 жылдан бері бұл өзендерде ауланғаны туралы дерек жоқ. Каспий албырты— албырттардың ішіндегі ең ірісі; ұзындығы 100 см жыныстық жағынан жетілгендерінің салмағы 2 — 7 кг. Қара теңіз албыртына ұқсас, айырмашылығы — құйрық сабағы жіңішке келеді. Каспий албыртының Каспий теңізінің Қазақстан бөлігінде мекендейтіндерінің тіршілігі зерттелме-ген. Әдетте, бұл өткінші (өрістегіш) балық. Алғашқы жылдарын өзенде, кейін теңізге шығып, сонда 3 — 5 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырығын (45 мыңға дейін) езеннің түбіндегі малтатасты жерлерге. қазан — қаңтар айларында (судың темп-расы 3 — 13°С-ка жеткенде) шашады, ұрығы 26 — 90 тәулік аралығында жетіледі. Теңізге шыкпай, тек өзенде тіршілік ететін аталықтары да болады. Каспий албырты 10 жылдай тіршілік етеді. Шабақтары жөндіктердің дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен қоректенсе, ересектері — балықтармен (килька, атерина, майшабақ), мизидалармен, креветкалармен қо-ректенеді. К. а-ның саны қай кезде де көп болған емес. Каспийдің оңт.-батыс бөлігінен басқа жерде сирек кез-деседі. Оның жылдан жылға азаюына байланысты, қорғауға алынып, Қазакстанның "Қызыл кітабына" енгізілген.

 
КАСПИЙ ИТБАЛЫҒЫ — ескекаяктылар отряды, итбалық тұқымдасына жататын аң. Оны қазақ тілінде т ү л е н деп те атайды. Дене тұрқы 125 -160 см, салм. 65 — 80 кг. Суда тіршілік етуіне байланысты дене құрылымында сол ортаға бейімделуі басым. Мойны денесімен түтасып біткен, соңдықтан басы айқын бөлектеніп көрінбейді; құлақ қалқаны болмайды, аяқтары ескек төрізді, башайларының арасында қалың тері жарғақтары болады. Қара түсті арқасында теңбіл дақтары айқын көрінеді, бауыры ақшыл болады. Каспий итбалығы тек Каспий теңізінде ғана таралған. Еділ мен Жайық өзендерінің төменгі ағыстарында сирек те болса, кездесіп калады. Әсіресе, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аралдарда қыс айларында көбірек ұшырасады. Тіршілігі-нің көбі суда өтеді. Тек түлейтін, шағылысатын және балалайтын кезде ғана теңіздегі аралдарға немесе мұз үстіне шығады. Шағылысуы ақпанның ортасынан наурызға дейін созылады. Бір жылдан кейін 1 кейде 2 күшік (ақүрпек) табады. Ақүрпегін аналығы майлы сүтімен 3-4 төуліктей қоректендіреді. 2 - 3 айда өбден семірген ақүрпегін "май итбалық" деп, ал бір жылдан кейін терісінің реңі бірнеше рет өзгергендіктен, оларды "қара итбалық" деп атайды. Негізінен, балықтар, шаянтәрізділер және моллюскілермен қоректенеді. Каспий итбалығының терісі мен майы өте бағалы болғандықтан көсіптік маңызы бар аң. Ересек түлен күзге қарай бойына 40 — 70 кг-дай май жинайды. Ол медицинада және парфюмерияда кеңінен қолданылады. Каспий теңізінде шамамен 400 — 450 мындай Каспий итбалығы мекендейді.

 
КАСПИЙ ҚАЯЗЫ — Арал қаязының түр тармағы, өткінші балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Дене түрқы 56 — 76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына үқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сөуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың темп-расы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 -- 1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан көсіптік маңызы шамалы.

КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ

      Каспий теңізінде мұнай-газ өндіру және мұнай еңдеу кешендерінің дамуына байланысты Казақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғат, әлеуметтік, экономикалық жөне экологиялық жағдай. Каспий теңізі — әлемдегі шаруа-шылық маңызы зор ең ірі тұйык, су алабы. Жыл бойына Каспий теңізі-нің деңгейі жел-қума-желбөгет құбышыстарының нөтижесінде 0,5 — 1 м-ге дейін ауытқып отырады. 1837 — 1990 ж. жүргізілген бақылау жүмыстарының нәтижесінде Каспий теңізнің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980 — 90 ж. аралығына сәйкес келетіні анықталған. 1929 - 41 ж. су деңгейі 2 м-ге төмендесе, 1977 ж. бұл көрсеткіш ең төменгі абс. мөлшері не (29,01 м) жетті. 1978 95 ж. су деңгейі 2,35 м қайта көтеріліп, 1995 ж. көрсеткіш -26,66 м болды.
Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Қазіргі заманның балық ш. — балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа, шоқыр жөне пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық з-ты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақгарын жібереді. 1998 жылдан бері Атыраудағы 2 балық з-ты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау ұшін түзды суға шығады. Мысалы, шортан, оңғақ, қызылқанат балық, алабұга теңіздің атырауына (дельта) дейін өрістесе, қаракөз, табан, көк-серке тұзды суда (тұзд. 10 — 11%о), ал бекіре төрізділер судың өте тұзды жерінде тір-шілік етуге бейімделген. Каспий теңізінде 2 тропиктік жүйе қалыптасқан (2-сурет). Солтүстік-Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Соның ішінде Казақстанның жөне Ресейдің "Қызыл кітабына" енгізілген өте сирек кездесетін калбағай, карабай, сары құтан, бүйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалыгы — тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн-нан астам итбалықтың 120 мыңы ауланған болса, 1980 жылдың аяғында 360 — 450 мыңға де-йін азайған итбалықтың — 27 мыңы, 1990 ж. — 13,8 мыңы, 1996 ж. — 8 мыңы ауланған. 2000 ж. сөуір — тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды. Каспий ит-балығының жаппай қырылуы — Каспийдің солтүстік бөлігіндегі гидрометеорол. жөне экологиялық. жағдайлардың нашарлауынан теңіз жануарлары иммунитетінің төмендеуін көрсетеді. Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туыс бірігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдік-терге (25 түрі эндемиктер) жатады, 6 түрі — Казақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Ал теңіздің өзінде су өсімдік-терінің 728 турі (оның 5 түрі — жоғары сатыдағылар) өседі. Теңіз өсімдіктері жамылғысының құрлық өсімдіктері-нен көп айырмашылығы бар. Құрлықта, негізінен, гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспийде негізінен қамыс, теңіз шөбі, шалаң, егеушөп, арамот, мүйізжапырақ өседі. Бұл өсімдіктер балықтардың уылдырығының су түбінде бекуі үшін қажет, сондай-ақ, су құстары мен кейбір балық түрлеріне қорек болады. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экол. жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мүнай-газ өнді-ретін және оны кайта өңдейтін көсіпорындар өсер етуде. Мүнай кәсіпшілігінің ең басты экол. проблемасы — ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Мүнай кен орындарында мұнай өнімдерін өндеу кезінде мұнай мен калдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды. Солтүстік Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтарымен ластанған аумақ. 194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлш. 1 млн. т-дан асады (2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне және мүнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құра-мында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органик. пестицидтер, аммо нийлы азот, ауыр металдардың мөлшері рүқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Теңіз жағалауының мүнай және мүнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суын-да тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілер-ге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде. Каспий жағалауы аймағының ластануы онда тіршілік ететін организмдерге ғана емес, жергілікті тұрғындардың денсаулығына да үлкен кауіп төндіруде. Сондықтан, Каспий теңізі жағалауындағы 5 мемлекет (Әзербайжан, Иран, Ресей, Түрікменстан жөне Қазақстан) Дүниежүзілік банкпен, БҰҮ-ның Адамды қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен бірлесе отырып, Каспий экол. бағдарламасын (КЭП) жасап, оны іске асыруда. Бүл бағдарламаның негізгі мақсаты –экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету. КЭП-тің негізгі бағыттары: теңіз деңгейінің езгерісі жағдайында жергілікті тұрғын-дардың түрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету; Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып, қоршаған орта жағдайын жақсарту; теңіздің экожүйесін сауықгырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; аймақта экологиялық. қауіпсіздікті жөне қорнай өнімдерінің ең жоғары шаған ортаның қалыпты » дайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету. Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су деңгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Оның бастысы - экологиялық жағдайлар.Біріншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауындағы табиғи жайылымдардьщ көлемін тарылтып, қүстар мен жануарлардың мекенін басып қалды. Суға тоскауыл үшін соғылған бөгеттер жағалаудың фаунасы мен флорасына зор шығын келтірді. Балықтардың уылдырық шашу аясы мен қүстардың үя салу тығыздығы кеміп, биокөптүрліліктің азайьга кету проблемасын туғызып отыр. Екіншіден, теңіз деңгейінің көтерілуі судың, ауа мен топырақтың ластануына, одан әрі экологиялық апатка апарады. Судың мұнай өнімдерімен ластануы 1980 жылдан бастап күшейе түсті. Су құрамында пестицид және ауыр металдардың көбеюі бекіре сияқты бағалы балықтар, теңіз мысығы, құстардың жаппай ауруларға ұшырап, қырылып калу фактілерін жиілетті. Соңғы мәліметтер бойынша бекіре балықтарын аулау 40 %-ға азайды.
Үшіншіден, су деңгейінің көтерілуі теңіз жағалауларындағы мұнай ұнғыларын, мұнай коймаларын, мұнай өндейтін өнеркәсіп орындарын, балық комбинаттарын, елді мекендерді су басып, орасан зор шығын келтіре бастады. Төртіншіден, мұнай игеруге шетелдік инвесторларды тарту Каспий теңізінің экологиясын одан әрі шиеленістіре түсуде. Мұнай өндірумен бірге ауаға шығатын ілеспе газдардың көтерілуі аймақтың ауа ағынында зиянды газдар үлесін көбейтіп отыр. Теңіз жағалауларының тозуы техногендік процестерді жылдамдатып, аумақтың шөлге айналуына себепші болып отыр.

Қорытынды


Каспий проблемасы бүгінгі таңда күрделі аймақтык экологиялық проблемаға айналды. Каспий мұнайын игеру жоғары қарқынмен жүргізіліп, ұзақ жылдарға жоспарлануда. Бұл проблема тек Қазақстан ғана емес Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан және Иран республикаларына да тән ортақ іс. Ең бастысы Каспий теңізінің фаунасы мен флорасының әр түрлілігін сақтап қалу. Каспий проблемасы бұл деңгейінде көтерілуде. Соның бірі 1999 жылы Көкшетау қаласында "Каспий теңізінің биокөптүрлігін сақтаудың белсенділігін бағалау" тақырыбында өткен бірінші аймақтық семинар болды. Мемлекетаралық деңгейде өткен кеңестік мақсаты - Каспий жағалауларындағы мемлекеттермен біріге отырып, Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын шешудің ең тиімді жолдарын қарастыру. Теңіз эко-жүйесінде туындап отырған проблемаларды саралап және баға бере отырып, экологиялық аппараттарға жол бермеуге және оны тез арада шешуге мақсат койылды. Бұл игі істер адам баласының дүние-жүзілік маңызы бар Каспий сияқты су айдынын сақтап қалу шараларының бастамасы.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қазақстан көлдері
Ірі көлдер
Каспий теңізі
Көлдер
Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі
Евразияның ішкі сулары
Балықтардың көбеюі және дамуы
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 1827 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык