Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » ХХІ ғасыр көшбасшысы


ХХІ ғасыр көшбасшысы

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Тақырыбы: “ХХІ ғасыр көшбасшыс” интеллектуалдық ойын                        

Мақсаты:   1. Пәннен алған білімдерін кеңейту,   тереңдету, жетілдіру, қалыптастыру.

            2. Алған білімдерін практика жүзінде қолдана білулерін  дамыту. Білімге деген құштарлығын, қызығушылығын арттыру.

                       3. Өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке баулу.

 

Ойын барысы

     І.Кіріспе сөз.

Мен, қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен,

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

 Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

   Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,

Айта бергім келеді, айта бергім.

Ел Тәуелсіздігінің 21 жылдық мерекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын! Білімді, дарынды, ел сүйер дарындылар көбейе берсін!

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған  білімдерін оқушылар ортаға салады.

  “ХХІ ғасыр көшбасшысы ” атты интеллектуалдық ойынымызды бастайық. Ойынға 3”а” сынып оқушылары қатынасады.

ӘДІЛ-ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ САЙЛАНАДЫ

1

2.

3.

4.

Сұрақтар қойылған кезде дұрыс қол көтеріп, нақты жауап береміз. Тез әрі жауабы дұрыс оқушыға ұпай беріледі. Ұпайы аз 1 оқушы ойыннан шығады.

1.«БӘЙГЕ» кезеңі

Сұрақтар:

1. Сөздің әрі қарай бөлінбейтін, мағыналы бөлігі? (Түбір)

2. Сын есімнің сұрақтары...(Қай? Қандай?)

3. Ң жазылатын бір сөз ата. (қараңғы)

4. Оңнан солға қарай оқысаң да, солдан оңға қарай оқысаң да сол сөз шығатын сөзді ата... (қызық, қазақ, қалақ)

5. Әдемі сөзіне жуық мәндес сөзді ата.  (сұлу)

6. Сұраулы сөйлемнің аяғында не қойылады? (сұрақ белгісі)

7. Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіретін сөздер...(Етістік)

8. Жалқы есімдер қалай жазылады?

9. Жаман деген сөзге қарсы мағыналы сөз... (Жақсы)

10. Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша?(Жұрнақ)

11. Сан есімнің сұрақтары...(Неше? Нешінші? Қанша?)

12. Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша... (жалғау)

13. Жалпы есімдер қалай жазылады?

14. Заттың санын, ретін білдіретін сөздер... (сан есім)

15. Етістіктің сұрақтары... (не істеді? Не қылды? Қайтті?)

16. Аласа сөзіне қарсы мәндес сөз... (биік)

17. Ф әрпі жазылатын сөздер... (фонтан)

18. Заттың сынын, сапасын білдіретін сөздер... (сын есім)

19. Хабарлы сөйлемнің аяғына қойылатын таңба... (нүкте)

20. Дауыссыз дыбыстар неше топқа бөлінеді?(3)

2.«Полиглот» кезеңі

ЖҰМБАҚТАР

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр топ кезекпен 1 жұмбақты оқып, шешуін айтады.

(Слайдпен  көрсету, оқушыларға оқыту)

1.Қолы менен қаламы жоқ,

   Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2.Қоймасын қыс ақтарып,
   Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3.Бірін-бірі қоштаған,

   Бір үйден көрдім,

   Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4. Жұқа тақтай бөлшегі,
      Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

  5. Қалқиып екі құлағы,
      Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

  6. Жолбарыстан аумайды,
      Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

  7. Жеп көріп ем өзім мен,
      Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

  8. Бұлаңдаған құйрығы,
      Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

  9. Әттең, даусым, тілім жоқ,
      Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

10.Сағат сайын қағылады,

      Тек мектептен табылады( қоңырау-звонок)

3.«ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК» кезеңі

Сұрақтары:

АНА ТІЛІ

1..Алты айғы қыс тартқаны – аштықтың азабы.Бар сенетіні – күйеуі Мақтым. Ол ел қыдырып, тілек тілейді. Ерте кетіп, кеш келеді. Бірақ оның да табатыны жоқ...

                                    («Күлпаш». Б.Майлин) 

2.  Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

                              («Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Бүгіннен бастап, сен де менің шәкіртімсің!-дейді.Сөйтіп төрт жасар бала мектеп есігін ашады.» Мәтіннің аты, кім туралы?

( «Ауылға келген мұғалім», М.Жұмабаев туралы)

4. Ұлытау өңірінде Қоңырбай батырдың отбасында дүниеге келген.Он екі жасында әкесіз қалған.Шешесі Қойсана-Абылай ханның сенімді серігі, атақты қазақ батыры Байқозының қызы.Әңгіме кім туралы?  (Ақжолтай Ағыбай батыр).

МАТЕМАТИКА

  1. Ең кіші үш таңбалы сан. 100
  2. 4 жүздік, 7 ондық, 0 бірлік қандай сан? 470
  3. 5пен 8 санының көбейтіндісі   40
  4. 3*5+40 мәні қанша?    55

ДҮНИЕТАНУ

1.Адам денесінің тірегі            Қаңқа

2.Жүрек қайда орналасқан?   Сол жақ кеудеде

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?    Қазақстан Республикасы

4.Сезім мүшелерін ата.             Тіл, көз, құлақ, мұрын, сипап сезу

Суреттер сөйлейді.

1.Н.Ә.Назарбаев-президент

2.Т.Әубәкіров-ұшқыш

3.Ж.Жабаев-ақын

4.Қ.Сәтбаев -геолог

 

4.«ЖОРҒА» кезеңі

Сұрақтары:

                1-оқушыға:

  1. ҚР Тәуелсіздігін қай жылы алды?     (1991 жыл)
  2. 16 желтоқсан-қандай мереке?      (Тәуелсіздік күні)
  3. Қазақстанның солтүстік көршісін ата.       (Ресей)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?  (Т.Әубәкіров)

5.Абайдың шын аты.   (Ибраһим)

6.Атақты қазақ күйшісі кім?  (Құрманғазы Сағырбайұлы)

7.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды?  (1995ж.)

8. Сәулелі жұлдыз іздеген адам. (Ы.Алтынсарин)

9.Парталас көршің?

10. Қазақтың үш биін ата.        (Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би)

               2- оқушыға:

1.ҚР Елбасы Н.Назарбаев президент болып қай жылы    сайланды?(1991ж)

2.Білім күні қашан тойланады?  (1-қыркүйек)

3.Үш жүздің басын біріктірген хан.  (Абылай хан)

4.Ертең аптаның қай күні? (Сейсенбі)

5.Азаттық жолында күрескен кім?   (Тоқаш Бокин)

 6. Балаларға тұңғыш Әліппе жазған кім?          (А.Байтұрсынов)

7.Құрманғазының шәкірті.  ( Дина)

8.4 жасынан бастап білім алған ақын   ( Мағжан)

9.Нешінші сыныпта оқисың?         (үшінші)

10.Кімнің баласысың?

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға.
Ақыл-шырақ, қара түнді ашатын,
Білім-жарық, нұрын саған шашатын.

Әділ қазы мүшелері қорытынды жасап, командаларды марапаттайды. Сайысымыз аяқталды. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
"Әр бала - болашақ данышпан"
Әкем, анам және мен
Өнер алды – қызыл тіл!
“Көшбасшы” интеллектуалдық ойыны
Ұлттық банк
Бақытты сәт.
Етістік. Етістік түрлері
Сөз мерген
Озық ойлы оқушы!
Сынып үздігі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12357 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык