Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Лашын



Лашын

( 5 – сынып )

Сабақтың мақсаты : Сәбит Мұқанов шығармашылығы туралы ақпарат беру

Сабақтың міндеттері: білімділік – әңгіме мазмұнын меңгерту.

Дамытушылығы – кейіпкерлердің әрекеті мен саятшылықтың қызықты өнер екенін таныту;

Тәрбиелік – этнопедагогикалық тәрбие беру.

Оқытудың әдісі : түсіндірмелі

Типі : жаңа ұғымды меңгерту

Қолданылған технология : Блум жүйесі

Көрнекілік : Сәбит Мұқанов шығармалары мен өмірі бойынша жинақталған альбом интерактивті тақта.

Сабақтың барысы .

І. Ұйымдастыру кезеңі . Оқушылармен амандасу.

 Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Жаңа сабақ.

Танып білу кезеңі : Сәбит Мұқанов кім деген сұраққа жауап ізделінеді.

Туған жері : Солтүстік Қазақстан облысы Преснеов ауданы . Өмір сүрген жылдары : 1900-1973 . Шығармалары : «Сұлушаш» , «Ботагөз» , «Өмір мектебі» т.б.

Түсіну кезеңі .1.    Шығарма бойынша жоспар құрады.

Балтабай аулы
Құсбегі Ахмет
Үйрек алу
Қаз ілу
Дуадақпен айқас.

2. Шығармадағы түсініксіз сөздерді теріп жазып , өз білгендерінше түсінік береді. Қиындық туғызған сөздерді түсіндірме сөздіктен теріп жазады.

 Қадім – араб оқуы мен жазуы.

Атбелгілік – ат жаратып , баптауды кәсіп етушілік.

 Лашын – жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы

 Дуадақ – қанаты үлкен , мойыны ұзын дала құсы .

Дабылдау – қаңғыр- күнгір дыбыс шығару . Түлек – құстың тілеуіне байланысты жас мөлшері .

Саят – құс салып , аң аулаушылық .

Қолдану кезеңі .

 

Шығарма кейіпкері Ақметке тән қасиет

                                  Атбелгілік   Құсбелгілік

Жазушының лашын құсты суреттеген тұсын мәтіннен тауып оқу.

Көркемдеудің қандай тәсілі көбірек қолданған ? ( сүңгуір қайықтай , жолбарыстың тырнағындай , біздей өткір , құйрықтары сауысқандай ұзынша )

Ақмет құсты қай кездерде салады ?

Күннің еңкеюі мен батуының арасы                  Таңату мен көтерілу арасы

Ақметтің құсты саятшылыққа қандай түлегіне салған ыңғайлы дегенін анықта.

Талдау кезеңі .

Лашын құстың әрекеттерін әңгімелеу ( интерактивті тақтадан лашын құстың суреті көрсетілді )

Лашынның оңай алатын құсы . Жазушы оның себебін қалай суреттейді? ( Үйректің суреті интерактивті тақтадан көрсетілді ).

Лашынға үйректен гөрі алуға қиын соғатын құс . ( Қаздың суретін интерактивті тақтадан көрсетіледі). Лашынға алдыра алмайтын құс  ( Дуадақтың суреті интерактивті тақтадан көрсетілді ) .

«Құстың отқа шығар кезі» дегенді қалай түсесіңдер? Мәтінде бұл сәт қалай суреттелген?

Халық арасында аң мен құстың қандай сезім мүшелері жетілгенін айтады ?( мқрын мен құлақтың )

Құс аулар сәттегі табиғат көрінісі қалай суреттелгеніне көңіл аударып , саятшылардың кәсіптерінен алған рахатына баға бер.

Абайдың саятшылық туралы өлеңдері оқушылардың қалауымен оқылады.

Синтездеу кезеңі.1. Шығармада Ақметтің портретін жазушы қалай берген? (мәтіннен тауып оқы ) 2.жазушының көркемдік сөз қолданысына талдау.

Теңеу

Эпитет

Тұрақты тіркес

Мағынасы

 

Өткірлігі ұстарадай

Қарақаттай көздері

Айдын көл

Шабадан мұртты

Жарау ат

Жылы ұшырайтын

Құлақ естір жерде жоқ

Жақсы көретін

Жақын маңда жоқ

Бекіту. Аңшылық , саятшылық туралы мақал – мәтелдер айту.

Сабақ Серік Қирабаевтың «Өмір мектебі» - бір Сәбит емес , «халық өмірінің мектебі » деген пікірмен қорытылады.

Үйге: Ғ.Мүсіреповтің «Жаңа достар » әңгімесін оқу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Мәтіннің құрылымы, түрлері.
Жаралы құс
"Жылқы" . Сәбит Мұқанов .
Сәбит Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
С. Мұқанов «Лашын»
С. Мұқановтың «Саятшы Ораз» әңгімесі
Бақыт құсы қағаздан құрастыру
Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»
Әдебиет 5 сынып.
Сәбит Мұқанов "Саятшы ораз"
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 12362 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык