Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Құлын мінген бала.


Құлын мінген бала.

                               Құлын мінген бала.                                              

Сабақтың тақырыбы: Құлын мінген бала.

Сабақтың мақсаты:

 1.Кеңес Одағының батыры Б.Момышұлы туралы мәлімет беру.Мәтін мазмұнын  

  түсініп,ондағы ойды анықтау.

 2.Жаңа сабақтың мәнін аша отырып,тапсырмалар арқылы баланың ой-өрісін есте сақтау қабілетін,топпен жұмыс істеу дағдысын дамыту.

3.Оқушыларға Отанын,туған жерін мақтан етуге. ерлікті паш етуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:

күн  шұғыласы,слайд Б.Момышұлы суреті, өмірбаяны .

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу,топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс:музыка ,дүниетану.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар,бүгін біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр ізеттілікпен сәлемдесейік.

Психологиялық  дайындық.

Жарқырап күн де ашылды

Айналаға нұр шашылды

Қайырлы күн!

Біз көңілді баламыз

Қайырлы күн!

Сәлемдесіп аламыз

Қайырлы күн болсын!

Сабағымыз сәттілікке толсын!

-Жақсы отыра қойыңдар.

ІІ.Үй тапсырмасын  сұрау.

Кіріспе әңгіме:

   -Балалар бүгінгі  біздің сабағымыз ерекше өтпек,сендер топ болып жұмыс істейсіңдер.Ұлы отан соғысының батыры туралы біліп, «Құлын мінген бала» мәтінімен танысасыңдар.Әр топтың -топ басшысы,баяндаушысы ,хатшысы және  көмекшілері болады.Топтың атаулары көктем гүлдерінің  аттарымен аталған.

(Жауқазын,Бәйшешек,Қызғалдақ)

Бір –бірлеріңді тыңдай біліңдер, сәттілік тілеймін.

-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-.........................

-Көктемде қандай өзгерістер болады?

-...............................

Балалар,күннің көзін бұлт басып қалыпты.Күнді бұлттардан құтқару керек.

Көмектесеміз бе?.......

Ол үшін бұлттардың  тапсырмаларын  дұрыс орындауларың керек.(Әр топқа парақ беріледі,топпен жұмыс)

     1-бұлттың тапсырмасы: Дыбыстар жайлы не білесіңдер?.

     2-бұлттың тапсырмасы: Әріп жайлы не білесіңдер?.

     3-бұлттың тапсырмасы: Сөйлем  жайлы  не білесіңдер?.

-Балалар,өте жақсы күннің көзі сендерге рахмет айтады,сендер жақсы  жауап бердіңдер.Күнді бұлт көзінен құтқардық.

Күн сендерге өзінің шуағын  әр дұрыс жауаптарыңа сыйлап отырады.

-Үйге  Тұрдақын Жексенбайдың«Астанаға барғанда»өлеңін  мәнерлеп оқуға,Астана жайлы сурет салу берілді.

  2-3 балаға өлеңді мәнерлеп оқыту.

   

Үй тапсырмасын бекіту

Астана қаласы қай өзеннiң жағасында орналасқан? (Есіл)
Бәйтеректің биіктігі қанша? (97м)

Астана символы. (Бәйтерек)
Астанадағы көпір атауы? (Сарыарқа)

III.Жаңа сабақ

-Жақсы ,балалар енді дәптерімізді ашып бүгінгі күнді жазып қоялық.

Оқулықпен жұмыс

Кітаптың 185 бетіндегі ,177-жаттығуға назар аударайық.

1–топ :Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.

2–топ: Дауысты дыбысқа   аяқталған сөздерді жазыңдар.

3-топ :Дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерді жазындар.

Мұғ.сөзі: Дәптерімізді жауып партаның шетіне қояйық.

           

Кубизм

1.Қандай батырларды білесіңдер?

2.Бес қаруды атаңдар.

3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім?

4. Қ.Сәтбаев  кім?

5.Абылай кім?

6.Қазақтың атақты үш биін атаңдар.

Ой қозғау.

-Балалар ,Бауыржан Момышұлы туралы естігендерің бар ма?

..............................................

Бауыржан Момышұлы өмірімен таныстыру .

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік  соғыстың  даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы.

Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия

қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.

Біз сендермен Әзілхан Нұршайықовтың «Құлын мінген бала»әңгімесімен танысамыз.

1.« Құлын мінген бала»  мәнерлеп  оқып беру.

2.Оқушыларға тізбектей оқыту.

           

Сергіту сәті.

«Көзді жыпылықтату», «Мұрынмен жазу», «Жалқау сегіздіктер»

Сұрақ-жауап:

1.Бауыржан бала күнінде құлынын қалай бақты?

2.Ол құрбыларына не деп мақтанды?

3.Бауыржан ата соғыста жүргенде қандай ат мінді?

4.Бауыржан Момышұлы неліктен батыр атанды?

5.Отанымызды қорғаған батырлардан кімдерді білесіңдер?

6.Туған елді,жерді не үшін қорғау керек?

Слайдтан батырларды көрсету .

Мұғалім сөзі:

Соғыс қашанда тек қайғы қасірет әкелген.Біздің жерлестеріміз жері ,елі үшін өмірлерін қиды.

Иә ,барлығы да халық, тыныштық  үшін ,бақыт үшін күресті.1945жылы 9 – мамырда  жеңіске жетіп Жеңіс күні аталды.

«Ешкім де,еш нәрсе де  ешқашан  ұмытылмайды».

1минут үнсіздікпен еске алайық.

Батыр аталарымыздың рухы биіктей берсін,аттары мәңгілікте есімізде сақтайық.

 «Білгенге маржан» (Әр топқа 2 мақалды аяқтау керек)

     1-топ

1.Өнерлі бала ..............................        (сүйкімді  )

2.Батыр туса-ел ырысы,

...........................................           (Жаңбыр жауса жер ырысы)

2-топ

1.Батыр бір рет өледі,

.....................................                (Қорқақ мың рет өледі)

2.Өнерлінің қолы алтын,

.......................................     (Өлеңшінің сөзі алтын)

 

3-топ

1.Шешен сөз бастар,

  ...........................                       ( Батыр қол бастар)

 

2.Өнер білім бұлағы,

   ...............................                  (Білім өмір шырағы)

  

Бекіту:

Бес жол өлең.

1.Кім? 1сөз

2.Қандай?2сөз

3.Не істеді?3сөз

4.Не үшін ?  4сөзден

5.Түйіндеу сөз: 1сөз.

Қорытынды: « Күн шұғыласын»  толтыру.  

Рефлексия:

-Сендерге не ұнады?

-Нені білдіңдер?

-Ұлы Отан соғысының қандай батырларын білдіңдер?

Балалар тілегі   (айтылады).

 «Әрқашан күн сөнбесін»әнімен  сабақты аяқтау.

Үйге тапсырма: «Құлын мінген бала» оқу,мазмұндау.

Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Батыр болғым келеді
Бауыржан Момышұлы 8-сынып қазақ тілі
Жеңіс күні.
Қайталау материалдары. Құлын мінген бала
Ұлы Жеңіске қосылған үлес
Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Маметова
«Ұшқан ұя» әңгімесі
Ұлы жеңіске қосылған үлес
Бауыржан Момышұлы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4768 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык