Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » М м дыбысы мен әрпі


М м дыбысы мен әрпі

М м дыбысы мен әрпі

Сабақтың тақырыбы: М м дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

М м дыбысы мен әрпін таныту. М м дыбысы бар сөздерге дыбыстық, буындық талдау жасап, сөз сөйлем құратып шығармашылық іскерліктерін қалыптастыру

Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту әдістері

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, буындар, суреттер, шығармашылық тапсырмалар т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Сәлемдесу

2. Оқу құралдарын тексеру

3. Сабаққа назар аударту

ІІ. Қызығушылықты ояту.

  1. Психологиялық дайындық.
  • Балалар, біз далаға шыққанда аяғымызбен нені басамыз?
  • Аяғымызбен Жер – Ананы басамыз
  • Жоғары қарап нені көреміз?
  • Көк аспанды, күннің көзін көреміз
  • Ендеше кәне, Жер – Анамен, көк аспанмен күнмен амандасайық
  • Армысың, ару Жер – Ана!
  • Армысың, ару көк аспан!
  • Армысың, нұрын шашқан алтын күн!

 

  1. Геометриялық фигураларды беру арқылы сыныпты үш топқа бөлу

ІІІ. Қайталау – білім анасы

  • Д д дыбысына сөз құрату, сөзден сөйлем ойлату
  • Оқулықта берілген сөз, сөйлемдерді тізбектеп оқыту

IV. Жаңа сабақ.

  1. Өзі жап – жас, мұрты бар                    2. Аспанда ақ сары құс шу салады

Ет пен сүткен ұмтылар                          Жабысып тақыр жерден су алады            

Тастамайды жылы үйде                          Адамнан алғаны тым өзгеше

Түкті тоны шұп – шұбар                          Дуылдатып денеге у салады 

  • Жұмбақтың шешуіндегі сөздерді буынға бөліп айтып, бірінші дыбыстарына мән беріп қарайық.

Мы – сық, ма – са сөз басында М м дыбысы естіліп тұр. 

  •  Олай болса, біз бүгін Мм дыбысымен танысамыз
  • Барлығымыз хормен М деп дыбыстап көрейік
  • М м дыбысы ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, қысылып айтылады.
  • М м дауыссыз дыбыс

М м әрпінің баспа, жазба түрін таныстырып, ауада жазу.

V. «Сиқырлы кітап» Оқулықпен жұмыс

1. Сурет бойынша әңгімелеу

              Қыздар моншақты әсемдік үшін тағады.                                                             

                                Комбайн мақта алқабында мақта орды.

                                                    Мақтадан киім тоқылады.

                                                                       Оймақты іс тіккенде қолданады.

  1. Бағанда берілген сөздерді хормен оқыту

Тізбектей оқыту

Жеке – жеке оқыту                       

                                                      Тамақ

Тамақтың адам үшін маңызын ұғындыру

VІ. Күш – білімде, білім – кітапта

Буындардан сөздер құрастырып оқу, дыбыстық талдау жаса

Мақ                             ма                                            д                    мы   та                                   са                        ла

сық                            на                     мон                                     шақ

VІІ. Ой толғаныс. Шығармашылық тапсырма. Бір сөзден көп сөз ойла

1 – топ:                              2 – топ:                           3 – топ:

Моншақ                           Оймақ                                Мақта

VІІІ. Сергіту сәті

«Қара жорға» биі

ІХ. Ой қозғау.

- Балалар, біздің Республикамыз қалай аталады? Біз қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасы.
- Қазақстан қандай Республика?
- Егеменді, тәуелсіз республика.
- Еліміздің астанасы қандай қала?
- Астана қаласы деп аталады.

- Республика қандай рәміздерін білесіңдер?
Эльшат: Ашық аспанды көгілдір туымыз бар.
Бекзат: Айбынды Елтаңбамыз бар.
Бейбарыс: Мағыналы ән ұранымыз бар.
Аружан: Елбасы, тұнғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев.

- Балалар , Қазақстан Республикасы біздің туған жеріміз, туған еліміз, оны тағы басқаша қалай айтамыз?
- Отанымыз.
- Отан туралы кім мақал - мәтел айтады ?

Алтын: Отан - елдің анасы.
Атабек: Отан - алтын бесік.
Жандарбек: Отан - оттан да ыстық.
Сағадат: Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.

  • Балалар туған жеріміздің ыстық екенін ұмытуға болады ма?
    Сондықтанда әр қашан туып өскен жерімізді құрметтеп, аялап, қорғап өтейік.

Х. Дәптермен жұмыс

  • М дыбысының бас әрпін, кіші әрпін тақтада жазып көрсету
  • Ауада жазып көрсету
  • Дәптерге жазу

ХІ. Сабақты қортындылау. «Топтастыру» стратегиясы

ХІІ. Оқушыларды мадақтау, формативті бағалау нормасы:

             Тапсырманы толық , нақты орындаса (өте жақсы)

             Тапсырманы жақсы орындаса (жақсы)

             Тапсырманы орташа орындаса (қанағаттанарлық)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қ дыбысы мен әрпі
"Пп"дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Қ дыбысы және әрпі
Ү ү дыбысы мен әрпі
Рр дыбысы мен әрпі
А а дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
С с дыбысы мен әріп таңбасы
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3457 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык