|
|
Қосу және азайту.
Тақырыбы: Қосу және азайту.
Санға 1ді 2-рет қосу, саннан 1-ді 2рет азайту.
Мақсаты: Сандар қатарыныңнегізінде бөліктер бойнша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.
Дамыту: Ойларын, қабілеттерін, санасын, зейіндерін дамыту.Бір – бірден қосу мен азайту дағдысын бекіту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа , білімділікке, алғырлыққа, сауаттылыққа тәрбилеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ .
Әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау, суреттермен жұмыс , ойын, слайдпен жұмыс,саяхат жасау.
Сабақтың көрнекілігі: кеспе цифрлар, слайдтар, оқулық .
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу, түгендеу.
ә) Сабаққа даярлау.
Оқушыларды түгендеп, оқу – құралдарын тексеріп, назарларын сабаққа аудару.
б) Психологиялық дайындық .
Арайлап бүгін атты таң
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын шаттығын.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге қандай тапсырма берілді?
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз күндегіден өзгеше болады. Бүгін біз ,,Мақта қыз бен мысық’’ ертегісіндегі кейіпкерлермен кездесеміз.Ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. (Ертегі мазмұнын қысқаша айту). Біз, балалар, бірінші мысыққа көмектесуіміз керек. Ол үшін ертегі кейіпкерлерінің тапсырмаларын орындауымыз қажет. Арбаға мініп сиырға барамыз.
1. Сиырдың тапсырмасы. Кестелік қосу, азайту.
1. Санға 1- ді қосқанда қандай сан шығады?
Азайтқанда қандай сан шығады?
2. Сандарға байланысты өлең – шумақтарды айтып бер.
3. 7 санына байланысты не білеміз?
4. 7 күнді ата. 7атаны айтып бер.
5. 9 – ға дейін қандай сандар?
6.10 – нан жоғары қандай сандар?
III. Сергіту сәті.
1, 2.3.
Біз есепке салдық күш.
,, Артық ” десе, қосамыз.
,,Кем’’ десе, аламыз.
Соны еске саламыз.
IV. Жаңа сабақ.
Бүгіні сабағымыздың тақырыбы: Санға бірды біртіндеп қосу, біртіндеп азайту. Артық десек қосамыз , кем десе азайтамыз.
Мына ойыншықтарға назар аударайық : Дүкеннен анасы балаларына арнап ойыншық сатып алды. Оны балалары бақшадан келгенше сөреге жиып қойды. 1+1+1 =3 ойыншық . Балалар келген соң тарқатып берді. Арнатқа 1, Саматқа біреуін берді. 3 – 1 -1=1. Сөреде 1 ойыншық қалды. Оны анасы жиен немересі қыдырып келгенде беремін деп жинап қойды.
Мына тақтаға назар аударайқ . Ұзындығы 10см кесінді берілген.
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 2 +1+1=4 9-1-1=7 Ендігісаяхатымызағашқа жолығу. |
2. Ағашың тапсырмасы. v. Оқулықпен жұмыс.
3 оқушы тақтада орындайды жоғалған сандарды табады.
№1. 1+1=2 7 – 1 =6 4 + 1 =5
6 – 1=5 3 + 1 =4 10 – 1=9
3. Саяхатымыздың жалғасы қыздарға жолығу. Қыздардың тапсырмасы.
№2.
9 – 1=8 8 + 1=9 2 + 1 = 3
9 + 1 =10 8 - 1 = 7 3 – 1 =2
4. Бұл сапарымызда дүкенге барамыз. Геометриялық пішіндермен жұмыс жасауды дүкенші тапсырмаға берді.
VI .Сергіту сәті.
Қане, түзу тұрайық ,
Кесіндіні құрайық.
Сәуле болып созылып,
Нүкте болып қалайық.
5. Тауықпен кездесеміз не тапсырма берер екен? << Балық аулау >> ойыны.
1 +1+1=3 4+1+1=6 7 –1 –1=5 8 -1 – 1=6
2+1+1=4 5+1+1=7 6 -1-1=4 9 – 1 – 1 =7
3+1+1=5 6+1+1=8 5-1-1=3 10 -1 -1=8
Оқушыларымыздың қанша балық аулағандарын өрнектердің мәнін тексеру арқылы білеміз.
№4. Суретке қарап теңдік құра.
7 – 3 =4 7 - 2 =5
6. Ендігі саяхатымыз тышқанға жолығу. VII. Сабақты бекіту.
Тышқанның тапсырмасы тест сұрақтарына жауап беру.
- 4+3 дұрыс атауын тап.
а) теңдік ә) өрнек б) теңсіздік.
2. 7 -1 өрнегінің мәнін тап.
а) 6 ә) 8 б) 4.
3. 7=7 дұрыс атауын белгіле.
а) теңсіздік ә) теңдік б)өрнек.
4. Бұрыштың қабырғалары қалай аталады?
а) кесінді ә) сызық б)сәуле.
5. 5 пен 2 қай санның құрамы.
а) 3 ә) 7 б) 9
6. Салыстыр: 6 см* 7 см
а) <ә) >б) =
VIII. Қорытытнды.
- Балалар, бүгінгі сабағымыздан не білдік? Не үйредік?
Сандар қатарының негізінде бөліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгердік.
+ 1 +1 -1-1
IХ . Үйге тапсырма.
92 – 93 –б. № 3, № 5 есептер.
Х. Бағалау.
Бүгінгі сабағымызды біз алмалармен бағалаймыз . Піскен сары алма 5, қызыл алма 4, көк алма3 деген баға.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |