Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Реттік сан есім


Реттік сан есім

Реттік сан есім

Сабақтың тақырыбы:  Реттік сан есім

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Сан есім түрлері тақырыбы бойынша алған білімдерін нығайту, тиянақтау.
2. Дамытушылы: Ойлау қабілетін дамыту, тіл байлығын арттыру, оқу дағдыларын қалыптастыру, пәнге қызығушылықтарын ояту, логикалық ойлауын дамыту.
3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге,қастерлеуге үйрету. Ұйымшылдық пен ұжымшылдыққа тәрбиелеу,топ намысын қорғауға жұмылдыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кесте, сұрақтар жазылған парақшалар, қызықты грамматикалық тапсырмалар.
Әдісі: сұрақ-жауап,топпен жұмыс, талдау оқулықпен жұмыс.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа әзірлеу,оқу құрал-жабдықтарын тексеру,топқа бөлу.
2.Үй жұмысын тексеру.
Берілген сан есімдердің мағыналық түрлерін анықтау,сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.
Жаңа сабақ. Реттік сан есім.

Мұғалім сөзі:

Балалар бірінші мына тақтадағы сөздерді екі бағанға топтап жазайық.

Ағаш,тоғыз,табиғат,адам,үш,елу,алты,күн,сексен,бесінші, Кітап,қалам,аспан,бес жүз,жеті,алпыс ,доп,он бірінші,гүл

 

Ағаш,табиат,адам,күн,                     тоғыз,үш,елу,алты,сексен,                       

Кітап,қалам,аспан,доп,гүл                бесінші,бес жүз,жеті,алпыс,он бірінші

 

 

                                                                                                                                                   -Неліктен олай топтадыңдар?

-Екінші қатардағы сөзге сұрақ қойындаршы?

-Бұл сөздер несін білдіріп тұр?

Дұрыс айтасыңдар.Ретін,санын білдіріп тұр.Ендеше бүгінгі тақырыбымыз Сан есім. Оның ішінде Реттік сан есім түрімен танысамыз.

Реттік сан есім-дегеніміз заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап беретін сан есім түрі.

 

Сан есімнің одан басқа негізгі 6 түрі бар:

1.Есептік

2.Реттік

3.Болжалдық

4.Бөлшектік

5.Жинақтық

6.Топтау.

Қалғандарымен алдағы уақытта танысатын боламыз.
Сонымен оқушылар біздің бүгінгі сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады.

«Мақал - сөздің мәйегі» демекші біздің бірінші бөліміміз

1-бөлім .«Білекті бірді жығады

Білімді мыңды жығады» деп аталады.Мұнда біз «Мақалдардың жалғасын тап ойынын ойнайық»

1.Жүзден жүйрік....(мыңнан тұлпар)

2.Семіздің аяғы-....... (сегіз.)

 

 3.Жеті атасын білмеген ұл........ (жетесіз.)

 

4.Жігітке жеті өнер де......( аз.)

 

5.Төртеу түгел болса төбедегі кетеді

(Алтау ала болса ауыздағы кетеді.)

6.Жеті рет өлшеп...(бір рет кес)

7.Бір тал кесең.....(он тал ек)

8.Батыр бір рет өледі.....(қорқақ мың рет өледі)

 

2-бөлім. «Мыңның жүзін білгенше,

                 Бірдің атын біл» деп аталады. Яғни,жаттығулармен жұмыс жасаймыз.

1-жаттығу. Сын есімдердің түбірі мен қосымшасын тап.

Бірінші, екінші, оныншы, елуінші, жүзінші.

2-жаттығу. Берілген сан есімдерге тиісті қосымшаны тап.

Төрт (-ыншы,-інші) сабақ

Тоғыз (-ыншы,-інші) сұрақ

Жиырма бір (-ыншы,-інші) ғасыр

 Үш (-ыншы,-інші) пәтер

3-жаттығу. Қазақша күн аттарын реттік сан есімі бар тіркестер түрінде жазу.

Үлгі: Дүйсенбі - бірінші күн
Сейсенбі _______________
Сәрсенбі _______________
Бейсенбі _______________
Жұма _______________
Сенбі____________________
Жексенбі _______________

4-жаттығу. Санамақты оқып,сан есімдерді тап.Оларды реттік сан есімге айналдыр.(ауызша)

Бір дегенім-бір таяқ,

Екі деген-екі аяқ,

Үш дегенім-үшкір тіс,

Төрт дегенім-төрт бұрыш.

Бес дегенім-бес қатар,

Алты деген-алты атар,

Жеті -жердің жемісі,

Сегіз -төлдің семізі.

Тоғыз деген төлбасы,

Он деген он жолдасы.

Сан білмеген айта ма.

Санамақты қайтала!

3-бөлім. «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» (Ребустар шешу)

 Әр топқа ребус сызылған парақ беріледі. Ребусты дұрыс шешкен топ, ішінде саны бар нақыл сөзді таба алады.

1-топ: Кітаптағы 5-жаттығу (ребус жауабы: Ел құлағы –елу)

2-топ: (ребус жауабы: Айла-алтау,ақыл-жетеу)

3-топ: (ребус жауабы: Жігітке жеті өнерде аз)

4-бөлім  «Тоқсан ауыз сөздің,тобықтай түйіні» деп аталады.(тапсырмалар беріледі)

1-Тапсырма: «Бес жолды өлең»

1-топ: Жетіқарақшы

2-топ: Алтыбақан

3-топ: Тоғызқұмалақ

2-тапсырма

Жаңа сабақты қорытындылау.
Семантикалық картаменжұмыс.

Сан есім

Есептік

Реттік

      Екі

    +

 

     бесінші

 

 

    он бес

 

 

   Елу

 

 

  жетінші

 

 

  алпыс алты

 

 

 Сексен

 

 

 Үшінші

 

 

 тоғызыншы

 

 

 Сегіз

 

 

Қорытындылау. Сан есімнің түрлері туралы түсінгенін сұрау.
Оқушыларды бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сан есім
Сан есімнің мағыналық түрлері. Есептік сан және реттік сан есімдер.
Сан есімнің түрленуі
Сан есімнен өткенді қайталау
Сан есім
Сан есім
Сан есім
«Сан есім» тақырыбы бойынша
Сан есім туралы түсінік
Сан есім туралы түсінік
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 9100 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык