Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.


Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтар, көпбұрыштар салу. Құю құралын пайдалану.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Оқушылардыңқисықсызықтар,шеңбер, көпбұрыштар салу және құю құралынпайдаланудағдыларынқалыптастыру;
Тәрбиелілік:жүйелі және ретті жұмыс  жасауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:зейіндікқабілеттеріндамыту,музыкалықаспаптардыңсуретін салу арқылыпәнгедегенқызығушылығынарттыру.
Сабақтыңтүрі: аралас
Сабақтақолданылатынкөрнектіқұралдар: компьютер, таратпакарточкалары, видеоматериалдар, слайд
Оқыту  формасы: ұжымдық, жеке
Пәнаралық  байланыс:   музыка, ағылшын
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығын қадағалау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Сабақ «Ғажайып жетілік» деп аталатын 7 кезеңнен тұрады, яғни «До, Ре, Ми, Фа, Соль, Ля, Си». Оқушылардың көңіл-күйін көтеру және оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында әрбір нотаның артында белгілі бір аспап жасырылған, ол аспапты табу үшін әр кезеңде сол аспапқа сәйкес әуен жасырылады, оқушылар кезеңді бастамас бұрын жасырын аспап пен онын әуенін табу керек.  Әуен табылған соң, сол аспапта ойнайтын орындаушының суреті шығады, әр суреттің артында тапсырмалар мен сұрақтар жасырылған. Барлық кезеңдерден өтіп болған соң табылған аспаптың суреттері тақтаға ілініп,оркестр құрылады.
II. Үй  тапсырмасын  тексеру.
1.    «ДО» нотасы
Бұл кезеңде үй тапсырмасынан слайд арқылы бірнеше сұрақтар қойылады:
1.    PAINT графикалық редакторының атқаратын қызметі қандай және оны қалай іске қосамыз?
 (Сурет салуға арналған қолданбалы программа, оны «Пуск-Программы - Стандартные» командасы арқылы іске қосамыз)
2.    Графикалық редактордың терезесінің бөліктерін ата
(Тақырып жолы, Меню жолы, Құралдар тақтасы, Сурет салу алаңы, Түстер палитрасы)
3. Суреттегі тақта қалай аталады және оның қызметі қандай?
(Түстер палитрасы, ол түстер жиынтығынан тұрады және оның негізгі қызметі  - тышқанның оң жақ батырмасымен фонның түсі, ал сол жақ батырмасымен негізгі түс таңдалады)
4.“PAINT” СӨЗІ АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН АУДАРҒАНДА ҚАНДАЙ МАҒЫНАНЫ БІЛДІРЕДІ?
(Сурет салу)
5.Суретте қандай құрал бейнеленген және оның қызметін түсіндір(«Мәтін» құралы, ол суретке мәтін енгізеді)

III. Жаңа  түсініктер мен әрекеттердің қалыптасуы.
2.«РЕ» нотасы. Интерактивті тақтаның көмегімен калейдоскоптың суреті салынады.
 
IV. Қолдану. Біліктілік дағдысын қалыптастыру (Қорытындылау).
Компьютермен жұмыс.«Ми» және «Фа» ноталары бойынша оқушыларға жеке карточкалар таратылып, оқушылар өздеріне берілген аспаптардың суретін Paint құралдарын пайдалана отырып компьютермен жұмыс жасайды.
«Соль» нотасы. Флипчартпен жұмыс.
V. Сабақты бекіту. «Ля» және «Си»  ноталары. Бұл кезеңде дәптермен жұмыс жасалынып, бекіту сұрақтары қойылады
1. PAINT графикалық редакторының негізгі құралдарын ата
(Тік сызық, шаршы, тіктөртбұрыш, эллипс, шеңбер және т.б)
2.Құю құралы мен қылқаламды пайдаланудың қандай айырмашылығы бар?
(Құю құралы тұйық фигуралардың ішін толығымен бояйды)
3.Суретті көшірудің неше әдісін білесің?
(1. Жанама мәзірдің көмегімен Копировать, Вставить командасын орындау арқылы, 2. Ctrl+C, Ctrl+V пернелер комбинациясы арқылы)
4.Суретті Қиып алу (Вырезать) әрекетін пернелер комбинациясы арқылы қалай жүзеге асырамыз?(CTRL+X)
5.Алмасу буфері (Буфер обмена) дегеніміз не?
(Көшірілген немесе қиып алынған объектілерді уақытша сақтайтын жадының арнайы бөлігі)

    
VІ. Үй тапсырмасы туралы мәліметті алу кезеңі. Оқулықтағы§23 оқу (121-123 беттер).
VIІ. Сабақты бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
VIIІ. Рефлекция кезеңі. Балалар, сонымен біздің бүгінгі ойын сабағымыз аяқталды. Сабақ туралы өз пікірлеріңізді мына смайликтер арқылы білдірулеріңізге болады.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сурет бөліктерімен жұмыс істеу.
Paint графикалық редакторында сурет салу
PAINT графикалық редакторының құралдары
Paint графикалық редакторының құралдары
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Paint графикалық редакторында жұмыс істеу
PAINT графикалық редакторымен жұмыс жасау
Шаршы, тікбұрыш, эллипс, шеңбер салу кезеңдері
Масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу.
Paint
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2572 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык