Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.


Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары.

Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары

 

Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен  жануарлары туралы

                                       түсінік беру

                                   2. Өз ойларын еркін айта білу қабілетін, білімін, ой-өрісін

                                       дамыту.

                                   3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды,

                                       қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың     

                                      ерекшеліктері  мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру.

 

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, СКТ

 

Түрі: жаңа білімді меңгерту

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

 

Психологиялық дайындық

 

Қоршаған орнта – табиғат

Жануар,өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау – парасат

Білейік мұны жамағат!

 

ІІ. Мақсат қою

 

  Жұмбақ

Өзіне шап-шақ,

Киген қалпағы аппақ,

Балалары тұр қаптап.  

                                (Бақбақ)

 

Саздауыт жерде өседі,

Хош иісі аңқыған,

Шипа өсімдік деседі

                                 (Жалбыз)

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру:

  • Бүгінгі  жаңа тарау – Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Соның ішінде «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру

     Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған  су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.

     Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот,тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.

     Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.

     Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді: Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады.

     Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады.

     Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған  тіршілікке кездесесің.Жылдың бұл мезгілінде  шалғынды бунақденелілір өте көп болады. Гүлден гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар  да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.

    Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.

    Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын.

   Ал,саршұнақ,көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.

  

    Оқулықпен жұмыс

Оқушылар тізбектей оқиды

ІV. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру

  1. Шалғында өсетін өсімдіктерді ата.
  2. Пішен дайындалатын шалғынды не деп атайды?
  3. Шалғында кездесетін жануарларды ата.

Дәптермен жұмыс

 

Өсімдіктер

Жануарлар

Бунақденелілер

Құстар

Жоңышқа

Қылтанақсыз арпабас

Атқонақ

Жүпаргүл

Күреңот

Тышқанбұршақ

Саршұнақ

Көртышқан

Қоңыздар

Көкшегірткелер

Түкті аралар

Бөдене

 

Сергіту сәті

Жел уледі,

Құйын келіп биледі

Қатты-қатты жел соқты,

Жапырақтар қол соқты

V. Сабақты бекіту

Шалғын 

 

                                                                                         Анықтама (Шалғын деген не?)                                                                         

                                                                              Шалғын өсімдіктері

                                                               Шалғын жануарлары

                                             Шалғынның түрлері: табиғи және шабындық деп нені 

                                                                                              айтамыз?             

                            Ерекшеліктері

         Қорытынды

  •  

VІ.Үйге тапсырма беру

Шалғын өсімдіктері және жануарларына жеке-жеке сипаттама беру

 

     Бағалау        


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Семей өңірінің галофитті өсімдіктері
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
«Дала, шөл, шалғын табиғат аймақтары» дүниетану пәнінен қайталау сабағы
Дала өсімдіктері мен жануарлары
Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары.
Абиотикалық факторлар
Өсімдіктердің тіршілік ортасы
Өсімдіктің өсіп-өнуі үшін не қажет?
Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары презентация
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 31445 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык