Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Үшбәйтерек атты оқушылар конференциясы


Үшбәйтерек атты оқушылар конференциясы
Үшбәйтерек» атты оқушылар конференциясы
 
 
Шараның  мақсаты:
Білімділік: ұлағатты адамдардың өмірімен шығармашылық жолын оқушыларға таныстыру, азаматтық тұлғасын таныту. 
Дамытушылық: мәнерлеп оқу, ауызша сөйлеу, көпшілік алдында сөйлей білу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Шығармашылық жұмыс істеуге, мәнерлеп оқуға, өздігінен қорытынды шығаруға, іздемпаздыққа үйрету. 
Тәрбиелік: оқушыларды биік адамгершілікке, елжандыққа баулу. Оларды елінің тарихын біліп, болашағына еңбек етулеріне шақыру.  
Көрнекілігі: І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің портреті, ақын жазушылардың шығармалар жинағы, техникалық құралдар, викториналық сұрақтар, интерактивті тақта, презентациялар, музыка, реквизиттер  
Әдіс-тәсілдері: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, көрініс, викториналық сұрақтар
 
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі. («Тау ішінде» әні қойылады)
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. 
- Бүгінгі оқушылар конференциясының тақырыбы «Үш бәйтерек». Конферецияда біз  І. Жансүгіров, С.Сейфуллин, Б. Майлиннің өмірі мен шығарамашылығы туралы мәліметтермен танысамыз. Олардың бір заманның өкілі екені анық. Қазақ халқы «Үш бәйтерек» деп атап кеткен Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет  Майлин қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосты. Олардың қаламынан Қазақстанның дарқан даласы, өндіріс орындары мен еңбек адамдарының     іс-әрекеттері, өмірге деген құштарлықтары, болашаққа үміт-сенімдері кеңінен көрінеді. 
       «Үш бәйтерек» ұлттық сөз өнерін азаматтық бейне, беделімен де, қайраткер, қаламгерлігімен де биік белеске көтерді. Ұлт руханиятын даңқты туындыларымен, тақырып байлығымен, жанрлық қырларымен, көркемдік әлемімен байытты. Әдебиеттің «Үш бәйтерегі» өмірдегі өрнекті өнегелерімен халық жүрегінде жол тапты.  
ІІ. Негізгі бөлімі.
1) 1-жүргізуші.«Туған жерім – Сарыарқа». (Презентация)
- Сәкен Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысы Ақмола уезі, Нілді болысының Бірінші ауылында (қазіргі Қарағанды облысы, Ақадыр ауданы) туған . Әкесі Сейфолла домбырашы, шешен әрі саятшы болған. Анасы Жамал ертелі – кеш Сәкенге аңыз-әңгіме, ертегілер айтып берген. 
         Табиғаттан дарынды жаратылған мөлдір қара көз, толқынды шашты, қырмұрын, қайратты ұлдарын Сейфолла мен Жамал азан айтып қойған Садуақас деген есімнің орнына, еркелетіп Сәкен атап кеткен. Әке – шешесінің ықпалымен жас Сәкен нәрсені біліп, болашаққа үмітін арттыра түсті. 
         Ауыл молдасынан тілін сындырып, арабша хат танып, қисса – хиқаяны өзі оқи алатын деңгейге жеткен Сәкенді «орысша тіл үйрен, орысша оқу үйрен», - деп, тоғыз жасында Нілді заводына жіберді.   
Сарыарқаның сайын даласы, Есіл, Нұра өзендері мен Оба, Ор тауларының әсем көріністері Сәкен шығармашылығының дамуына әсер етті. Өсе келе қоғам қайраткері, ақын – қаламгер ретінде жұртшылық жүрегіне жол тапты. Қазақ әдебиетінің барлық жанрында қалам тартты. Халық өмірін, еңбегін, адамның өміріндегі орнын кеңінен суреттей білді.   
С. Сефуллиннің «Өткен күндер» атты алғашқы өлеңдер жинағы халық өмірі мен тұрмысын кең көлемде жырлады. 1916 жыл оқиғасы, революция шындықтары, өмір - тұрмыс сырлары «Тар жол, тайғақ кешу» романында суреттелген. 
         Оның «Асау тұлпар», «Домбыра», «Экспресс» атты өлеңдер жинағы және т.б. шығармалары халық жүрегінен үлкен орын алды. 
         Сазгер ретінде  Сәкен  Сефуллин қазақтың жаңа музыкасының дамуына өзінің тамаша әндерімен үлес қосты.  («Тау ішінде» әні, орындайтындар       6 «Ә» класс оқушылары)
 
1- оқушы «Ананың хаты»
 
«Балам, сағындым, 
Ұмыттың ғой, бізді, тіпті, 
Бір келмедің не қылдым? 
Оқу іздеп кеткеніңнен 
Ауылға бір қайтпадың. 
Біз не көрдік жеткеніңнен, 
Елге уәж айтпадың. 
Жас күнінде көп ойлаушы ем, 
Сені әлдилеп, тербетіп. 
Арманым жоқ, деп ойлаушы ем, 
Қалқам өссе ер жетіп. 
Болмай шықты ойлағаным, 
Сен жігітбопжеткенсоң, 
Қалжырадым, ойла, жаным, 
Сен алысқакеткенсоң.  
Қалжырадым, сағындым мен, 
Біркепкөрінкөзіме. 
Ұмытқандай не қылдым мен, 
Жауапқайтарсөзіме!» 
  
 
 
2-оқушы «Сыр сандық»
 
Әр адамның ішкі сыры
Берік қойма сақталған.
Сол қойманың бір түпкірін
Достың досы-ақ ақтарған.
Кейде ашуға сол түпкірді
Іздейді жан жақынын.
Шертеді жан сырлы жырды
Сырлас жанын шақырып.
 
 
3-оқушы «Домбыра»
 
Домбыраға қосылып
Көкірегім сарнады.
Кернеді, толды, тасыды,
Көзімен жас парлады.
Тыңдаушы үйде әлеумет
Көңілденді, ойланды.
Тұнжырасып біресе
Тереіге сүңгіп ойлады.
Домбыраның күйлері:
Жас жүректің сыры еді,
Көңілдің зары, мұңы еді,
Көкірек сарын – үн еді
 
 
 
 
2) 2-жүргізуші«Поэзияның құлагері» (Презентация)
 Қазақ проэзиясының екінші бәйтерегі – Ілияс Жансүгіров Алматы облысы, Ақсу ауданында туған. Ілияс анасынан ерте айырылып, әкесі Жансүгірдің үлгі - өнегесін көп көрген. Ескіше хат таныған. Аңыз - әңгіме, шежіре сырларын естіп өскен. 
         Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық дәстүрлері Ілиястың өмірге, ізгелікке, сұлулыққа құштар болып өсуіне көп ықпал етті. 
Ілияс Жансүгіров Алматы, Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілиястың ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Әншіге» деген шағын өлеңдерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэмаларымен жалғасын тапты. Ақын «Дала» поэмасында – Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен Самарқанд, Шу мен Сыр секілді кең – байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының өмір – тұрмысын, дәстүр - өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» және «Күйші» поэмаларында тарих пен тағдыр ісі, қазақ халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. 
1928 жылы журналистика институтын бітіріп, елге оралған Ілияс Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясында қызмет істеп, қазақ баспасөзінін қалыптасуына көп үлес қосты. 1934 – 1935 жылдарда Қазақстан көркем әдебиет баспасында поэзия бөлімін басқарады. 
         Жазушының Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Мұхтар Әуезовпен достығы оның қаламгерлік жолында терең із қалдырған. 
         Көзі тірісінде қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтын Құлагері атанған Ілияс Жансүгіров кесепат-кесел репрессияға ұшырап, 1938 жылы опат болды. 
  3-оқушы«Құлагер» (поэмадан үзінді)
 
Қайырып қыстай баптап Құлагерді
Осы астың дақпыртына Ақан келді.
Мінгізіп бәйге бала жайтаңдатып,
Аулына ас бергеннің тақау келді.
Араға алты қонып алыс жерді,
Алып ед жайлап жүріп, Ақан сері.
Хабары Құлагердің осы жаққа
Келуші ед еміс-еміс көптен бері.
 
 
 
 
4-оқушы «Жазғытұрым»
 
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Жылғалардан су ақты.
Қаңқыл-қаңқыл өаз кепті.
Жер қарайды – жаз кепті.
Желкілдейді көк майса
Желіндейді мал жайса.
Ауыл көшті қыстаудан
Әне! Апамдар қой сауған.
Құс ұясын түзеді,
Тайымды ағам күзеді.
Ел ешкісін қырқыпты
Егіндерін жыртыпты.
Ой, балалар, балалар,
Ойналық та күлелік,
Қос басына мінелік.
 
 
5-оқушы «Жазғы шілде»
 
Ой, балалар, балалар,
Шілдем, шілдем – шілде айым.
Шырлап торғай күн сайын.
Шұбар ала шешектер
Шудалаған көк шөптер.
Жапырақтар жалпайды.
Жас қозылар марқайды.
Ұшты көкек сай құлдай
Сайда пісті таңқурай.
Құрт, ірімшік қайналды,
Құлындар да байланды.
 
 
6-оқушы «Гималай»
 
Сол күннен нұр ала алмай,
Басы мұнар, бауыры тар, 
Гималаймасқар неге олай?-
Анасындай алтын күн – 
Сел жіберіп, бір жуып,
Жел жіберіп, бір желпіп,
Ауық-ауық құшақтап,
Әлсін-әлісін нұр сеуіп.
 
 
 
 
3) 3-жүргізуші«Теңдік жыршысы» (Презентация)
         Бимағамбет Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айрылып, анасының тәрбиесінде болған.Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген.Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Татар, башқұрт ақын – жазушыларымен достық байланыста болып, алғашқы өлең, әңгіме, очерктерін жазды. 
         Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. 
Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, жер бөлісін, адам әлемін суреттейді. Бейімбет Майлиннің әдеби мұрасын бай мазмұнымен, көркем де шеберлік сипаттарымен ерекше орын алады. 
         Бейімбет еңбектері жаңа өміріміздің шежіресі еді, биік белесіне енді шыға бергенде үзіліп кетті.     
 
 7- оқушыБ. Майлин «Арман».  
 
Арман! Арман! 
Дүние жалған- 
Мың құлпырдың күніне, 
Күйдін,жандын, 
Малдыалдың, 
Жеттің ақыр түбіне. 
Өткенарман! 
Алуан,алуан- 
Өмір сүрген дәуренім. 
Бәрібітіп, 
Сәнімкетіп, 
Осы күні әуремін. 
Бояудан тон- 
Көрінген соң, 
Қайнағаны сорымның. 
Зарлап – зарлан! 
Арман, арман! 
Бөгелгені жолымның
 
4) Көрініс. Б.Майлиннің «Түйебай» әңгімесінен үзінді.
2- жүргізуші: Қазақ әдебиетінің тарихына үш бәйтерек болып енген – Сәкен Сейфуллин,Ілияс Жансүгіров,Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылықтарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті. 
1 - жүргізуші: Қазақ зиялылары,ұлттық әдебиеттің үш бәйтерегі аталған ақын-жазушылары кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл - ұлтшылдар» атанды.20 ғасырдың отызыншы жылдар ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келді.Қуғын- сүргінге ұшырап, атылды.   
2 - жүргізуші: Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмырбаяндары ғибратты да мәнді болып табылады.  
1-жүргізуші:Заман қалай, адам қалай өзгерді 
Өзгергенді шүкір қазір көз көрді. 
Арың менен ақиқаттың алдында 
Шындықты айтып шыңғыратын кезкелді. 
Айтсананарсенгішхалықедікқой. 
Халқымыздыңқамынжегенұлдарын
О, ғаламат, халықжауыдедікқой! 
 
 ІІІ.  Қорытынды бөлім. Викторина өткізу
1. Сәкен Сейфуллиннің шын аты? (Садуақас) 
2. Сәкеннің өмір сүрген жылдары (1894-1938) 
3. Бейімбет Майлиннің шын аты (Бимағамбет) 
4. Бейімбетті кім тәрбиеледі ?( шешесі) 
5. Ілияс Жансүгіровтың туған жері (Алматы облысы, Ақсу ауданы) 
6. Ілияс Жансүгіров кімнің тәрбиесінде болды? (әкесінің) 
7. Ілияс Жансүгіровтың қай поэмасында Ақан сері өмірі бейнеленген? (Құлагер) 
8. Сәкеннің туған жері (Ақмола облысы) 
9. Бейімбет Майлиннің туған жері. (Қостанай уезі) 
10. Сәкеннің әдеби қызметінің жиырма жылдығы қай жылы тойланды? 
(1936) 
11. Қазақтың үш бәйтерегін ата (Сәкен, Ілияс, Бейімбет).  
 
Сәкеннің әнін тыңдау және шырқау(«Біздің жақта» әні

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Сәкен Сейфуллин өлеңдері
Сәкен – жырдың сарқылмас дариясы
І. Жансүгіров «Күй» поэмасы
Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы
Сәкен Сейфуллин (1894-1938)
Жансүгіров. «Анам тілі», «Домбыра» өлеңдері
Сәкен Сейфуллин Ақсақ киік
Үш бәйтерек ашық сабақ
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
«Аты әлемге мәшһүр жазушы.Ілияс Есенберлин - 100 жыл»
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2726 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык