Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.


Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

 Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

Тақырыбы: Т.Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан.

Мақсаты: а)Оқушылардың білімдерін тереңдету. Мәтін мазмұнын түсіндіре отырып, батыр, әрі ақын Қайрат Рысқұлбековтың қайсарлығын, елін, жерін сүйген ұлтжандылығын ұғындыру, бүгінгі ұрпаққа үлгі ету.

                     ә)Оқушылардың қазақтың батыр ұлынының ерлігіне қызығушылығын тудыру, өз ойларын жүйелі түрде жеткізе білуге жетелеу, оқушының сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

                    б)оқушыларды, елді жаудан қорғаған,елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түссетін елжанды,ел азаматы болуға тәрбиелеу.

 

Сабақтың тақырыбы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Негізгі бөлім.

а) Үй тапсырмасын тексеру

     - Үй жұмысын кім айтады?

Зейнолла Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңі

-         Осы өлең бойынша қандай тапсырма берілді?

  1. Жаңылтпашты жаңылмай жатқа айту.
  2. «Ақша қар» өлеңін жатқа айту.
  3. Сурет бойынша әңіме жазу.

ә)Сергіту сәті

б) Жаңа сабақ

- Балалар, енді мына сөзжұмбақты шешейік.

1. Рәміз                                                  

2. Қазақтың ханы

3. Жыл басы

4. Киелі сан

5. Бұрынғы астана

6. Ресей халқы

7. Алып жануар

8. Қасиетті ай

9. Мұз айдыны

10. Жыртқыш құс

11. Қазақстан қаласы

 

-         Ерекше жолдан қандай сөз шықты?

-         Тәуелсіздік

-         Дұрыс айтасыңдыр.

-         Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

-         Еркін, бостандық, өз бетінше.

-         Қандай мереке келе жатыр?

-         16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

-         Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

-         1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін  жариялады.

-         Онда бүгін біз Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін өтеміз.

-         Тұманбай Молдағалиев өміріне тоқтала кетейік.                  

Кітаппен жұмыс

«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіру

Тізбектеп оқу.

Сөздік жұмыс жүргізу

Тәуелсіздік - еркіндік

Ерекше – дара, бөлек

Мәңгілік – өмір бойы, өмірлік

Жадымызда – есімізде

Дәптермен жұмыс

-         Кәне, балалар, дәптерімізді ашып бүгінгі күннің жадын жазайық та, 16 желтоқсан қандай мереке екендігі есімізде сақталу үшін жазып алайық.

-                     16 желтоқсанды неге Тәуелсіздік мерекесі деп атағанын білесіздер ме? Өйткені, 1986 жылы 16-17 желтоқсан күндері жастар өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға  білдіру үшін шеруге шыққан. Бейбіт тілекпен шыққан жастарды билікке қарсы шыққан деген сылтаумен аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Олардың қолында қару болмаған еді. Бар алып шыққаны «Өз елін өз көсемі басқарсын!» деген тақырыптағы қағазға жазылған сөздер еді. Енді осы «Желтоқсан оқиғасына» тоқталайық. 

-                     Желтоқсан оқиғасы кезінде жалған жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға-апаларымыз кімдер еді?

- Бүгін біз осылардың ішінде Қайрат Рысқұлбеков өмірінен толық мағұламат аламыз.

Кітаппен жұмыс

«Есіңе сақта»  бөлімін оқыту (2-3 оқушыға)

 

2009 жылы 1 қаңтарында «Желтоқсан оқиғасына»  қатысқан 32 адамға, соның ішінде  Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановаға  «Халық батыры» атағы берілді.

1986-жылғы Желтоқсан уақиғасының Бас қаһарманы — Қайрат Рысқұлбеков небәрі жиырма екі-ақ жыл ғұмыр кешті. Есіл ер зұлым күштің құрбаны болды. Бірақ, өзі кеткенмен, артында мәңгі өлмес ерлік ісі, аламаттық асқақ даңқы қалды.

      Қайрат Батыр ғана емес, Ақын да еді, Оның шындық деп шырылдаған дауысы абақтының тас қабырғасын қақыратып, құлағымызға жыр болып жетті.  

    Кітаппен жұмыс

«Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін оқу (1-2 оқушы)

-       Мәтінде қорқақтық туралы не делінген?Сенің пікірің қандай?

-                     Қайраттың асыл міндет деп отырғаны не деп  ойлайсыңдар?

Қайрат Рысқұлбековтың қойын дәптерінен өлеңін оқыту (2 оқушыға)

АНА ТІЛІ
«Мен — қазақпын мың өліп, мың тірілген»,
Құшақ жая таныстым сан тілменен. — 
«Жаман үйді қонағы билейді» деп, 
Қала жаздап айрылып өз тілімнен. 
Өзге тілге еліктеп ел болмайсың, 
Қазағымның артык жоқ өз тілінен...

АҚТЫҚ СӨЗ
Күнәдан таза басым бар, 
Жиырма бірде жасым бар, 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар. 
«Еркек тоқты — құрбандық», 
Атам десең, атыңдар.


- Қазіргі кезде , яғни ел Қайрат сынды батырының өшпес ерлігін ұмытпау үшін, болашаққа ерлігін дәріптеу үшін қолынан келгеннің бәрін жасап жатыр. Қайратқа арнап өз туған жерінде ескерткіш орнатылса,оның қабіріне нағыз батырға сай құлыптас орнатылды. 2009 жылдың 17 желтоқсанында Алматы қаласында Желтоқсан құрбандарына арнап ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында  Мұхтар Шаханов Қайрат Рысқұлбековке арнап арнау өлеңін оқыды.

 Мұхтар Шахановтың арнау өлеңін тыңдау.

Қорытынды

-         Бүгін балалар, қандай өлеңмен таныстық?

-         Т.Молдағалиевтың «Он алтыншыжелтоқсан» өлеңі

-         16 желтоқсан қандай мереке?

-         Тәуелсіздік мерекесі.

-         Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

-         1991 жылы 16 желтоқсанда

-         Неге бұл күнді Тәуелсіздік мерекесі деп  алынған?

-         1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан Желтоқсан оқиғасы болды.

-         Желтоқсан құрбандарын кім атайды?

-         Қайрат, Ербол, Ләззат, Сәбира.

-         Қайрат Рысқұлбеков туралы не білдік?

Ой толғау 

Қайра

Үйге тапсырма:

1.Т.Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін  жаттау.

2. «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында әңгіме жазу.

3.Қайрат Рысқұлбеков туралы мәлімет жинастыру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Желтоқсан – ерлік тарихымыз
Желтоқсан желі ызғарлы.
Қайраттың жазу дәптері
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Желтоқсан - қасіретім, ар намысым, мақтанышым
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы
Тәуелсіздік – ел тірегі
Желтоқсан жаңғырығы
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
«Ұрпағының мәңгі есінде...» (Көркем - әдеби композиция)
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4882 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык