|
|
Тақырыбы: Тәуелсіздігім-мерейім!
Мақсаты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесі туралы түсінік беру.Өз Отаның,туған жерін сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақ халқының билерін сахналау,Астана суреттері,Қазақстан Республикасының рәміздері.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,сахналау,көрсету,сұрақ-жауап,тақпақтар,әңгімелеу.
Ұйымдастырушы:Салтанат музыкасы ойналады
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,балалар және тәрбиешілер! 16 желтоқсан Қазақстанның Тәуелсіздік алған күніне арналған «Тәуелсіздігім-мерейім» атты мерекелік ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүргізуші: Қазақ болып,ел болып өз жерінде билік ете алмаған қазағым!
Шіркін-ай тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірген үш жүздің әз билерін еріксіз есіңе аласың. (Мұнды әуенмен Төле би,Қазбек би,Әйтеке би келеді)
Төле би: Жүзге бөлінгеннің жүзі қара,
Руға бөлінгеннің құруға асыққаны,
Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Қазбек би: Бір дегенім-бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенім-егесіп өткен ер жаман.
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Әйтеке би: Асқар тау,сенде бір мін бар,асу бермейсің.
Тасқын су сенде бір мін бар,өткел бермейсің
Билер сендерде бір мін бар,өзгеге сөз бермейсің,-деп Әйтеке би ашулана айтады.
Жүргізуші: Құрметті бабалар!Сіздердің ұрпақтарыңыз өніп-өсіп өркендеуде,қарсы алыңыздар.Мінеки балалар біздің ата-бабаларымыз қанша қиыншылықтарды,зұлымдықты,қорлықты басынан кешті.Міне осы ұлы Төле би,Әйтеке би,Қазбек би бабаларымыз тарыдай шашылған қазақ елінің басын біріктірді.
Жүргізуші: Кәне,құрметті билерді тыңданыздар.
Төле би: Атың жақсы болса ер жігіттің пырағы,балаң жақсы жан мен тәннің шырағы.
Қазбек би: Алтын ұяң Отаның қымбат,
Құт-берекең атың қымбат.
Мейірімді анаң қымбат.
Асқар тау әкең қымбат.
Әйтеке би: Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Жүргізуші: Құрметті әз билер батаменен ел көгерер дегендей баталарыңызды беріңіздер.
Жүргізуші: Болашағы жайнаған бақ тұғыры,
Бұл да болса қазақтың мықтылығы.
Еркіндік,тәуелсіздік аңсаған ел,
20 жылға қыр асып шықты міне.
Егеменді еліміздің мерейтойы құтты болсын қазағым!Күншуақ тобының концерттік бағдарламасын тамашалаңыздар.
Тәуелсіздігімізге арналған салтанатты мерекені еліміздің әнұранымен бастайық.
Әнұран хормен.
Жүргізуші: (Қазақ киімін киген,домбыра ұстаған бала кіреді).
Нұрасыл: Мен қазақпын мың өліп,мың тірілген,
Мақтанамын ұлан байтақ жеріммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек,пәк періште үнімен.
Бекарыс: Қазақ батыр ел деймін,
Ұлы мен қызы ер деймін.
Ата қоныс жерімді,
Мен ешкімге бермеймін.
Айсәуле: Атамекен ақ үйдің,
Азат болған күні бұл!
Құндақтаған сәбидің
Қазақ болған күні бұл!
Жүргізуші: Тал шыбықтай бұралған,
Қазағымның қыздары-ай.
Сүйсіндірген биімен,
Өнерлі ғой қыздар-ай.
Шашу биі:
Жүргізуші:
Олжас: Отан-сенің ата-анаң,
Отан-досың,бауырың.
Отан-өлкең,астанаң,
Отан-аудан,ауылың.
Гүлім: Отан-тарих,Отан-тіл,
Отан-өлең,Отан-жыр.
Көтерген көкке ел даңқын.
Салтанат: Отанымның төрінде,
Сарқыраның өрінде.
Ту ұстаған Отаным,
Әсем қалам,бас қалам.
Жүргізуші: Ойын ойнамай,ән салмай өсер бала бола ма демекші,келесі кезекті ойынға берелік.Білек сайысы,қыз қуу.
Жүргізуші: Елорда Астанаға арналған өлең шумақ тақпақтарды қабыл алыныздар.
Аянбек: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің-Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!
Саида: Сүйікті туған ел,шарықтап өсе бер.
Ардақты ата-ана азаттық қүресте.
Шынығып өскен жер,
Гүлденіп, көркейіп өсе бер,
Өсе бер Астана,бас қала!
Мадина: Астанамыз ән қаласы,
Айналасы дән қаласы.
Отанымның панасы.
Жүргізуші: Ту ұстаған баланы шақырады.
Мейіржан: Көк байрағым желбіреп,
Асқақтай түсті аспандар.
Бақыттың таңы мөлдіреп,
Айнала нұрын шашқанда.
Ақниет: Айнымайды аспанның,
Біздің тудың бояуы.
Көк аспанда қызыл күн,
Көк аспанда жас қыран.
Аяулым: Туымызды аялайды сүйіп көк,
Нұрыңды күн көкірегіме құйып кет.
Ең сенімді қолда тұрған ел туы,
Көк аспанда желбірейді биіктеп.
Жүргізуші: Би.Қамшы биі орындалады.
Жүргізуші: Байтерек ұстаган бала келеді.
Қазбек: Отанымның төрінде,
Бой көтерген бәйтерек.
Қыранымдай көгімде,
Сән түзеген бәйтерек.
Сағыныш: 16-шы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып,
Ел жанында қалған күн.
Меруерт: Тәуелсіздік менің байтақ Отаным,
Бір өзінсің Мұхтар,Абай,Шоқаным.
Тәуелсіздік сәбилердің күлкісі,
Тәуелсіздік ақ батасы атамның.
Аида: Тәуелсіздік күні дедік бұл күнді,
Атын атап,ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер.
Нұрсұлтан: Әр жыл сайын,
Тәуелсіздік таңы атты.
Дүниені қуанышқа бөлеп тұр,
Ән айтылып,жыр төгіліп қанатты.
Ермахан: Тәуелсіздік жолында,
Талай,талай тер тамған.
Билігіміз қолымда,
Еркіндігіміз елтаңбам.
Нұрали: Кеңге толы қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол біздің Қазақстан!
Сармат: Алты алаштың баласы,
Қауымдасқан күні бұл.
Бір-бірімен жарасып,
Бауырласқан күні бұл.
Лаура: Сен әкелдің шаттығымды,күлкімді,
Ата-баба армандаған бұл күнді.
Тәуелсіздік өркендесің өрісің,
Бақытпенен қауыштырған жұртымды.
Гүлнұр: Тәуелсіздік таң нұрысың арайлап,
Бабалардың арманысың талайғы .
Ғасырлардың кұшағында ер жеттің,
Халқым сені өз бақыты санайды.
Жүргізуші: хормен «Желтоқсан желі» әні орындалады.
Жүргізуші: Міне,бүгін еліміздің Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.
Құрметті бүлдіршіндер,ата-аналар сіздер ешуақытта қиындық көрмеңіздер.Еліміз тыныш,халқымыз аман,бейбіт күніміз жарқын болсын! Әрқашан аспанымызда күн сөнбесін.Тәуелсіз еліміздің көк байрағы мәңгілік желбіресін!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |