Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қыс. Абай Құнанбаев.


Қыс. Абай Құнанбаев.

Қыс. Абай Құнанбаев.

Тақырыбы: Қыс. Абай Құнанбаев

Мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбаев туралы білімін кеңейту. «Қыс» туралы өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін анықтау.

Міндеттері:

  1. Қыс мезгілі, оның ерекшеліктері жайлы өлең арқылы түсіндіру. Мәнерлеп оқуын жетілдіру.
  2. Оқушылардың сөздік қорын, ойын, көз алдына елестету қабілетін салыстыру мүмкіндіктерін дамыту.
  3. Қоршаған ортаның  тылсым сырларына қызықтыру  арқылы  туған жерінің табиғатын  сүйе білуге баулу.

Көрнекіліктер: Абайдың суреті, қыс мезгілінің суреттері, музыка.

Әдістері: Сөздік, сұрақ-жауап, ой қозғау, салыстыру.

Типі: Жаңа сабақ.

Ақпараттық құралдар:  компьютер, экран, мультимедиалық                                                         проектор.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақ.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс айларын ата.

-Бүгінгі ауа райы туралы не айтасыңдар?

-Ал ендеше жұмбақ шешейік.

  1. Қыста бар да, жазда жоқ.      

2. Құлағы мен көзі жоқ,

       Жоқ тіпті қол мен аяғы.

       Бірақ ғажап өнерпаз,

      Мәнерлеп ою ояды.          

3. Көлге жапқан қақпақ

    Сіресіп тұр –

     Қатты –ақ.       

4. Қанаты жоқ -  ұшады.

Аяғы жоқ -  желеді.

  Аузы жоқ – ұлиды.   

-Енді қыс дегенде ойларыңа не келетінін топтастырып жазыңдар. (дәптермен жұмыс)

-Қыс несімен сендерге қызықты?

-Қыста ауа райы үнемі осылай жақсы болып тұра ма?

-Мына суреттен ауа райының қандай түрі белгілі болып тұр?

Ендеше бүгін біз сендермен Абайдың «Қыс» өлеңімен танысамыз.

Автор туралы мағлұмат.Абай  Құнанбаев

         Ұлы ақын, ағартушы, философ. Ол Шығыс Қазақстан облысы Абай  ауданында  Шыңғыс  тауының  бауырында дүниеге келген.Әжесі Зеренің бауырында өскен. Өте ақылды, зерек бала болған. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Тізбек бойынша 1 шумақтан мәнерлеп оқыту.

Өлеңді талдау. Түсініксіз сөздермен жұмыс.

Сөздік жұмысы.

Соқыр – көзі көрмейді.

Мылқау – естімейді.

Долданғанда – ашуланғанда.

Алты қанат ақ орда – керегеге байланысты киіз үйдің үлкендігі.

Суреттен керегені көрсету. Неліктен алты, он екі, жиырма төрт қанатты екенін түсіндіру.

3.Бекіту.

Сұрақтармен жұмыс.

Сұрақтарға жауап бер.

  1. Ақын қысты кімге теңейді?
  2. Абай өлеңіндегі адам бейнесінде айтылған қысты сипатта.
  3. Өлеңде балалар туралы не айтылған?
  4. Малшы туралы ше?

Қар қыста қай кезде сықырлайды?

-Мына суретті ақын өлеңімен салыстыр. Қандай ұқсастығы бар.

Бағалау.

Үйге тапсырма:Өлеңді жатта.

Ақынның қысты суреттегенін пайдалана

отырып  шығарма жаз.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Абай Құнанбаев. Қыс.
Абай Құнанбаев. Қыс
Абай. Қыс.
Абай Құнанбаев «Қыс»
Абай Құнанбаев. «Қыс»
Құнанбаев Өлең сөздің патшасы
Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбаев Қыс
Абай Құнанбайұлы “Әсемпаз болма әрнеге”өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры »
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 2101 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык