Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып |
Көрсетілім: 6014 |
|
|
|
Жазғытұрым ашық сабақ
Тақырыбы: «Жазғытұрым»
Сабақтың мақсаты:
1. «Жазғытұрым» өлеңінің мазмұнын аша отырып, көктем мезгіліндегі өзгерістерді сипаттау.
2. Ой-өрістерін дамытуға, білімдерін кеңейтуге жағдай жасау. Әр түрлі тапсырмалар орындай отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Табиғатты қорғауға, сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктер: слайдтар, І. Жансүгіровтың портреті, көктем мезгіліне байланысты суреттер, плакатар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін қай күн?
- Аптаның нешінші күні?
- Қай мезгіл?
- Ауа - райы қандай?
Балалар, қыстың суығына қарамастан бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл-күймен өткізуге тырысайық. Ол үшін бір-бірімізге қарап күлімдейік, қонақтарға қарап күлімдейік. Сонымен сабағымызды бастайық.
Балалар, бүгінгі сабағымыздың ұраны мынадай болмақ:
«Бір сөз болса да дауыстап айт,
Ең бастысы үнсіз қалма!»
Яғни сабақта барлығымыз белсенділік танытайық. Бүгін біз сендермен топпен, жұппен және жеке жұмыс жасаймыз. Сондай - ақ сабақ барысында айтылған мағұлматтарға мұқият болыңдар, өйткені сабақ соңында шағын тестік тапсырма болады. Сол бойынша бүгінгі жұмыстарың бағаланады.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз бөлімді аяқтап, жаңа бөлімге көшкелі отырмыз.
Ол бөлім қалай аталып еді?
- «Өнегелі өмір» деп аталды.
Бұл бөлімде біз белгілі, ұлы тұлғалармен таныстық. Қазір тақтаға назар аударайық. Мен көрсеткен суретте кімнің бейнесі екенін және ол туралы қысқаша мағұлмат айтуларың керек. (слайд)
Одан басқа осы бөлім бойынша әр топқа тапсырма берілген болатын. Соған тоқталайық.
1-топ. «Мен үлгі тұтатын адам» деген тақырыпқа шағын шығарма жазу.
2-топ. «Өзім салған суреттер» деген альбом құрастыру.
3-топ. Өнер туралы, батырлық, ерлік туралы мақал - мәтелдер жаттау.
III. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Балалар, қазір көзімізді жұмайық. (магнитофоннан сылдырап аққан судың, шықылықтаған құстардың дыбысын естітемін)
Енді көзімізді ашайық. Осы дыбыстарды естіп отырып, көз алдарыңа не елестеді? (жауап алынады)
- Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?
- Көктем мезгілі. (суреті көрсетіледі) (слайд)
- Балалар, көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады? (күн жылынады, қар ериді, адамдар жеңіл киінеді, құстар оралады, түн қысқарып, күн ұзарады, мал төлдейді, мал өріске шығады)
- Көктемде ең алғашқы болып шығатын гүлді қалай атайды?
- Көктем айларын кім атайды?
- Көктемде қандай мерекелер болады? (жауап алынады)
- Бүгін 29 - ақпан қыстың соңғы күні. Ертеңнен бастап көктем мезгілі басталады.
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да көктем байланысты болмақ. Біз бүгін сендермен Ілияс Жансүгіровтың «Жазғытұрым» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Жазғытұры - көктем кезі. Қыс пен жаздың арасындағы маусым. Жазғытұры - шаруаның бір малы екеу болатын, көктің жетіліп, ақтың көбейетін, несібенің молаятын кезі. (слайд) (дәптерлеріне жазылады)
Ілияс Жансүгіров (1894 - 1938) Талдықорған облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Оның «Құлагер», «Күй», «Күйші», «Дала» поэмалары, балаларға арналған өлеңдер жинағы бар. (суреті көрсетіледі) (слайд)
Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мұғалімнің оқуы.
Түсініксіз сөздермен жұмыс.
Жылға - қаp, жаңбыp суы ағатын кiшкене жыpа.
Көк майса - жайқалған шалғынды, қалың өскен шөп .
Қыстау - малшылардың мал қыстататын қысқы мекені
Өлең мағынасын ашу. (сұрақ - жауап арқылы)
- Өлеңде жылдың қай мезгілі туралы айтылып жатыр?
- Ақын өлеңде көктемді қалай суреттеген?
- Жазғытұрым сендер тұратын жерде қандай болады?
Оқушылардың оқуы.
- Балалар енді тақтаға назар аударайықшы.
- Мына суреттер өлеңнің қай жолына сәйкес келеді деп ойлайсыңдар? (слайд)
- Балалар, айтыңдаршы жалпы бір жылда неше жыл мезгілі бар?
-Олар қандай мезгілдер?
Ендеше қазір сол төрт мезгілге байланысты сергіту сәтін айтайық.
Сергіту сәті.
Қыс - құнар береді,
Көктем - дән себеді,
Жаз - бастап, өсірсе
Күз - жинап береді.
Әр топқа шығармашылық тапсырмалар беріледі.
1. Көктем тақырыбына өлең құрастыру.
2. Тақырыпқа байланысты коллаж жасау.
3. Көктем мезгілін кімге теңер едіңдер? (суретін салу)
Әр топ өз жұмыстары жайлы айтады.
Балалар, бүгінгі сабақта сендер көктем мезгілі туралы біраз мағұлмат алдыңдар деп ойлаймын. Қазір сендер жеке жұмыс орындайсыңдар, яғни, әр оқушы көктем тақырыбына 4-5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме жазасыңдар.
Шығарманың бастапқы бір - екі сөйлемі беріледі. Әрі қарай оқушылар өз ойларымен жалғастырады. (бірнеше бала оқиды)
IV. Бағалау.
Өтілген тақырып бойынша шағын тест беріледі. Оқушылар берілген сұрақтарға қысқаша жауап береді. Яғни «+» немесе «-» таңбасын қояды. Тапсырманы орындап болған соң, тақтадан дұрыс жауаптары көрсетіледі. Оқушылар қасындағы баламен жұмыстарын ауыстырып, бірін - бірі тексереді. Мүлдем қатесіз орындаған оқушы - 5, бір немесе екі қатесі болса - 4, ал қатесі екеуден көп болса - 3 деп бағаланады.
- Жазғытұры көктем мезгілі ме?
- Көктемде қар қата ма?
- Ілияс Жансүгіров ақын ба?
- Көктемде құстар жылы жаққа ұшып кете ме?
- Көктемде күн қысқара ма?
- Сәуір көктем айы ма?
- Көктем жыл мезгілі ме?
- Көктемде мал төлдей ме?
- «Жеңіс күні» мерекесі көктемде бола ма?
Әр топтың жұмысын қорытындылау.
Оқушыларды жеке бағалау.
V. Қорытынды:
- Сонымен бүгінгі сабақта қай мезгіл туралы айттық?
- Көктемнің қандай болғанын тілер едіңдер ?
- Әр күні шаттыққа толсын!
- Даламыз дәнге толсын!
- Көктем гүлдей жайнасын!
- Құстар сайрасын!
- Көкте мәңгі күн тұрсын!
- Бұлағы сылдырлап, жері жайнап құлпырсын!
- Жерде көк мол болсын!
- Қорамыз малға толсын!
- Жүрегеміз әнге толсын!
Көктем шуақты болсын
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
|
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |