Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жол тәртібін жадыңда ұста.


Жол тәртібін жадыңда ұста.

Жол тәртібін жадыңда ұста.

Сабақтың тақырыбы:  Жол тәртібін жадыңда ұста

Мақсаты: 
Білімділік:
Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс - жүзінде асыра білуге үйрету. 
Дамытушылық: Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Тәртіптілікке, сақ болуға, көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.
Кіріспе:Біздің еліміздің барлық қала,ауылдарына ортақ  көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да,үлкендер де,көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережесін жете білмейді. Ал кейбіреулері біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттерді орындағысы келмейді. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып,кейбіреулер жарақат алады. Сондықтан әрбір оқушы  мектепте оқытылатын жолда жүру ережесін  мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруы керек. Үлгілі,тәртіпті оқушы көшеде жолда жүру ережесін,заңын бұзбайды.

Қай көше,қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да

Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші баршамызға.

І. Тарих тағылымы

Бағдаршамның шығу тарихы

Мейіржан: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқанын  білесіңдер ме? Ал,ендеше тыңдап көрелік.

Тарихқа көз жүгіртсек  алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды.Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған.

  Оны көше қиылысында ыңғайлап қайта жасаған ағылшын инженер-меганигі Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

Аянат:Алдымен түрлі түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды. Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

   Өкінішке орай, бірде газ жарылып,кезекте тұрған полицей қаза болды да,содан жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

Амандық: Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында,сосын Нью-Йорк тағы басқа қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл және жасыл. 1914 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

Мұғалім: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамы пайда болды.

   Ал, бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанды бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.Қазақстанда 1917 жылға дейін небары 127 км ғана жол болатын.Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдарының ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

Гүлназ:Бағдаршам-өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек. Оның беретін сиқырлы әмір сөздері бар.

Менің үш көзім бар,

Бір көзім «кідір» дейді

Бір көзім «жүгір» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді

Қарап қалма маңайға дейді.

Сағындық: Көреген дәу қырағы,

Көшемізде тұрады.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әманда!

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

Тоқта!Сақтан!Жол ашық!

Жүрме жолға таласып.

Қызыл көзін ашқанда

Сынық сүйем баспа алға

Сары көзін ашқанда

Қарап қалма аспанға

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін жасқанба!

Мұғалім: Ал,енді жол белгілеріне сөз берейік.

  1. Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлыңғыр.

2.Есігінен артқы

Көлікке сен мінгін.

Енді есіктен алғы

Түсеріңді білгін

3.Сақтандыру белгісі:

Қып-қызыл үшбұрыш,

Ескерту белгісі мен болам,

Қауіптен сақ бол деп

Сәт-сапар жолдаған.

4.Тыйым салу   белгісі:

Қызылмен боялған шеңберім аумақты

Тыйымшыл белгімін,қаталмын, салмақты.

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар,бағдарла көз салып жан-жақты.

5.Міндеттеу белгісі:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс,әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол,шартыңды міндетті орында!

6.Нұсқау белгісі:

Баратын жеріңнің бағытын,тұрағын,

Үн-түнсіз жол сілтеп,жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де,түнде де от болып жанады.

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 

Амандық. Әй,жолда неғып иіріліп тұрсыңдар? Велосипед келе жатқанын көрмейсіңдер ме? Қағып кетсем қайтесіңдер?

 

Инспектор: Велосипед болғаны өте жақсы.Ендеше біздің жолда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызға қош келдің. Оларды білу саған да қажет. Атың кім өзіңнің?

-Атым-Зуылбек.Велосипедпен зуылдап жүремін.Сондықтан ауылдағылар осылай атап кетті. Ал мынандай белгілер көшеде де қаптап тұр,оларды біліп қайтем. Велосипедті мен бұларсыз-ақ зуылдатам.

Кенет Зуылбектің көзі қызыл жолақпен көмкерілген сары түсті дөңгелек белгідегі велосипедке түсті.

-Әй,мынау мен үшін жасалған белгі ғой.

Инсп: Иә,сен үшін.Бұл белгінің аты «Велосипед жүрмейді»

-Жүрмейді? Тапқан екенсің! Зуылбектің велосипеді жүрмейтін жер жоқ,білдің бе?  Мен үшін көше,аула,бақ бәрі ашық. (кекетіп)

Сендерше айтқанда,қалай еді,әлгі жасыл жарық.

Балалардың қасына жақындайды.

-Мұны да белгі дейді ау.Әй,көшеге пәтер ішінде тұратын жылу батареясы не үшін керек?

Бәрі күледі

Инсп: Зуылбек-ау,бұл нағыз саған керек белгі. Айталық,сен велосипедпен зуылдап келесің дейік.Қарсы алдыңнан осы белгі кездесті. Ендеше алдыңда «Шлагбауны бар темір жол өткелі бар» деген сөз. Ұқтың ба?

-А-а...(қолын сілтеп) Бұл белгінің де қажеті бола қоймас.Салдырап-гүрілдеп пойыз жеткенше,зу етіп те үлгеремін.

Адамның белгісі салынған нұсқау белгісінің жанына тоқтап

-(басын шайқап) төртбұрыш,ақ үшбұрыш,қара адам?!

Инс: Жаяулар өтпесі

-Велигім тұрғанда мұны қайтем.

Велосипедін келген жаққа бұрады.

-Қой,мен зуылдайын.Бұл белгілерді түгендеймін деп жолымнан қалармын. Сау болыңдар,ережелер!

-Шынында да жол жүру ережесін білген дұрыс екен.

Балалар: Дұрыс,кел қатарымызға қосыл.

Инсп: Көрдіңдер ме, балалар,жолда жүру ережесін сақтамаған Зуылбек жазым болуға аз ғана қалды. Енді ол жол белгілерін үйренетін болады.

«Көше ережелерін білейік» кезеңіне тоқталайық.

1.Жүріп келе жатқан машинаның алдынан өтіп кетемін деуші болма,ол тоқтағанша,не өтіп кеткенше күте тұр.

2.Мектепке келе жатып үлкен жолдың шетімен жүр.Алдыңнан машина шықса, жол бер. Тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт.

3.Көше тәртібін орындамау көліктің жүріп тұруына кедергі келтіреді.

4.Көшеден өтерде әуелі сол жағыңа,көшенің орта тұсына жеткенде оң жағыңа қара. Егер машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орныңда  ақ жолақ сызылған тұста күте тұр.

5.Аялдамада тұрған автобустың артқы жағынан айналып өт. Сонда сен келе жатқан машинаны дер кезінде көресің.

6.Жол үстінде ойнама,сырғанақ теппе. Жер тайғақ болса,жолда абайла.

Жұмбақтар шешу:

1.Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмііңді күзеткен,

Ысқырығы түзеткен. (жол сақшысы)

2.Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялдайды. (Автобус)

3.Жоқ өзінде бас та,ауыз да,құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

4.Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді (машина)


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Жол апатының алдын алу»
Жолда және тұрмыста қауіпсіз мінез-құлық таныту мәдениеті
Жолда жүру ережесін сақтайық!
«Жол апатының алдын алу»
Абайла , бағдаршам ! Жолда жүру ережесін жадыңда ұста.
Ертегілер еліне де – жол тәртібі қажет.
Жолың болсын,балақай!
Көшеде сақ бол!
Жол тәртібін сақтаймыз!
Жол ережесін білесің бе?
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3728 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык