Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жыл бойы өткенді қайталау.


Жыл бойы өткенді қайталау.

Жыл бойы өткенді қайталау.

                                И, й, у әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

  1. Уақыт, уылдырық, меруерт, уыстау, қырау, тұсау, ашудас, хайуанат, миуа, қиюластыру, уағда, уілдеу, уылдырық, татулық, шашу, бурыл.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.

 

  1. Қайық, күйші, тыйылды, байиды, қайықшы, сыйлық, қайшы, торғай, лайықты, сыйымды, таңдай, сыйлау, тайлақ, шайнек, түйнек, тыйым.
  • Сыйлық сөзінің түбірін тап, басқа қандай сөз жасауға болады? Жаз.

 

  1. Инелік, жиен, киім, тәрбиеші, биыл, жиналыс, биік, табиғат, сиыр, сирек, иірім, қия, хикая, пирамида, жиһаз, қария, аквариум.
  • Пирамида сөзін қалай тасымалдауға болатынын жазып көрсет.

 

Көру диктанты.

                                   Берекелі алтын күз

Қайтқан құсты көрдің бе,

Қаптай ұшқан әуелеп.

Күткен күзім, келдің бе,

Сыңсып бағың мәуелеп.

 

Қамба толды астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

                                        Ескен Елубаев.

  • Өлеңнің бір немесе екі шумағын жатқа жазу. У дыбысы бар сөздердің астын сызу.

 

                                   Я, ю әріптерінің жазылуын қайталау.

Сөздік диктант

Тиянақты, ою, аяз, сарғаю, зиянды, биязы, көркею, марқаю, аяқ, тою, сия, оюшы, молаяды, Әсия, тою, күю, дария, сыяды, қою.

  • Биязы, молаяды, тиянақты, зиянды сөздерін буынға бөліп жаз.

 

Терме диктант

                            Жаңылтпаш

Қырықаяқ, қырықаяқ,

Қырық аяғы -  қырық таяқ,

Қырықаяқтың өзі – құрттай-ақ.

  • Я әрпі бар сөздерді теріп жаз, сол сөздермен сөйлем құрастыр.

 

Шығармашылық диктант

  1. Жақсы, уәде, оқуға, берді, Әбу.
  2. Иса, әзірледі, сыйлық, анасына.
  3. Тікті, Сәния, қуыршағына, тақия.
  4. Үйлер, зәулім, көбеюде, Астанада.
  5. Әсия, әжесінен, үйренді, ою, оюды.
  • Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаздыру.

                          Дауыссыз дыбыстардың түрлерін қайталау.

                            Б мен п, қ мен ғ, л мен р, к мен г, н мен ң.

Сөздік диктант

  1. Кітап, штаб, клуб, көп, лебіз, шөп, сеп, бөрік, белбеу, саба, мектеп, тәртіп, жіп, бұлақ.
  • Өзің қалаған үш-төрт сөзбен сөйлем құрастыру.

 

  1. Жауынгер, дөңгелек, үзеңгі, лебіз, балық, рұқсат, жұмбақ, реніш, ілгіш, ылғал, жолбарыс, сенгіш, діңгек, көлеңке, бозінген, көлік, қасық.
  • Дөңгелек, көлік, қасық, жұмбақ, балық  сөздеріне ы, і әріптерін қосып жаз.

 

Шығармашылық диктант

  1. 1. Ақбөкеннің басы үлкен, тұмсы...ы жалпақтау. 2. Кіта...ты жыртпа. 3. Болат қолындағы күре...ін жерге қойды. 4. Мұрат ауыл мекте...інде оқиды.
  • Көп нүктенің орнына п – б, қ – ғ, к – г әріптерінің тиістісін жаздырту.

 

  1. Төмендегі сөздерге у, ы, і әріптерінің тиістісін қосып жаз, үш сөйлем құрастыру.

Сап, тап, топ, мектеп, тәртіп, жіп, жап, түп.

 

  1. Егіншілер егін ... (орақ, орағын) ерте аяқтады. Биыл егіншілердің ... (астық, астығы) мол. Шөптің де ... (шығым, шығымы) жақсы болды. Егіншілер ... (өнім, өнімін) элеваторға тасыды.
  • Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің дұрысын қойып, сөйлемдерді жазу.

 

Өздік диктант

сақа – саға             күл – гүл               ұқ – үк

саба – сапа             тос – дос               тара – дара

  • Сөздердегі өзгерген дауыссыз дыбыстардың астын сызу. Сөздердің мағынасын түсіндіру.

 

Көру диктанты

                                   Көк шатыр

Шатырым бар қолымда

Жаңбыр маған түк емес.

Мейлі құйып тұрса да

Одан қорқар мен емес.

Аяғымда етігім,

Төбемде көк шатырым,

Ішіменен жаңбырдың,

Жүріп келем ақырын.

                                Сағындық Тәнеке.

  • Өлеңдегі н дыбысының астын бір, ң дыбысының астын екі рет сыз

 

Жатқа жазу

Көктемде көктеп масағы,

Шілдеде жайнап шашағы,

Тамызда толық толықсып,

Қауызын күзде ашады.

  • Құрамында түбір сөздің соңғы әрпі өзгерген сөздердің астын сыз. Ол сөздердің ы әрпін алып тастап айтып көр.

 

Диктант

                                                         Жұмсақ төсек.

       Күз келді. Кірпі ағаштың түбінен ін қазды. Ін өте жайлы болды. Бірақ төсегі болмады. Кірпі өзіне төсек іздеуге шықты. Ол үйіліп жатқан жапырақтарды көрді. Кірпі жапырақтардың үстіне аунады. Жапырақтар кірпінің инесіне қадалды. Кірпі жапырақтарды ініне алып келді. Енді кірпінің жұмсақ, жайлы төсегі бар.

                                                                                                                                                       (43 сөз)

                                                                  Күз.

       Қыркүйек. Күздің алғашқы айы. Аспан бұлттанды. Күннің қызуы азайды. Ағаштың жапырақтары сарғая бастады. Терек пен қайың жасыл жапырағынан айырылды. Айнала сары ала түске боялды. Шық осы айда түседі. Құстар да жылы жаққа ұшып кетеді. Аңдар қысқы тіршіліктеріне кіріседі. Адамдар болса күздің мол сыйын жинап алуда.

                                                                                                                                                       (45 сөз)

                                                                  Отаным.

       Менің Отаным – Қазақстан Республикасы. Қазақстанның жері өте кең. Жерінде тау да, жазық та, ойпат та кездеседі. Үлкен-үлкен көлдер, өзендер бар. Сәулетті қалалар да көп. Қазақстанның жер қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Республикамызда астық көп өндіріледі. Мал шаруашылығы да жақсы өркендеген.

        Қазақстан бес мемлекетпен шектеседі. Олардың бәрімен  достық қарым-қатынаста.

                                                                                                                                                        (46 сөз)

 

                                         Сөз және оның мағынасын қайталаймыз.

Шығармашылық диктант

  1. Көп нүктенің орнына сол сөзге мағынасы жуық сөз тауып жазу.

Батыр, ...

Көркем, ...

Алыс, ...

  1. Берілген сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөз жазу.

таза – ...                      биік  – ...

тар – ...                        ұзын – ...

қымбат – ...                 ыстық – ...

  1. Көп нүктенің орнына қою деген сөзді қойып, көшіріп жазу. Ол сөздің мағынасын түсіндіру.

Сүт ... ұйыды.

... қара бұлт төнді.

Қарындашты орнына ... керек.

Концерт ...ға келдік.

 

Көру диктанты

                         Мақал-мәтелдер.

  1. Жаман адам – құлқынның қара қабы,

Жақсы адам – адалдықтың тағы.

  1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
  • Қарамен жазылған сөздердің түбірін тапқызып, түбірдің соңғы әрпінің өзгеру себебін айтқызу.
  • Мағынасы қарама-қарсы сөздердің астын сыздыру.

 

Жатқа жазу

Аппақ қарға                                    Үйіне көрші

Қонды қарға.                                   Келді ме екен, көрші!

Мынау – қада                                  Бұтарлап талды

Жерге қада.                                      Қолымыз талды.

  • Жазылуы бірдей сөздердің мағынасын түсіндіріп, салыстыру.

 

                                          Сөз құрамын қайталаймыз

Сөздік диктант

Асық, бала, еңбекқор, кітап, сыйлық, оқушылар, шеге, биші, орындық, өрмек, мақта, түймедақ, құлақшын, ағаш, гүлдер, өнерпаз, үйшік, ожау, өзен, тау.

  • Түбір сөздердің астын сыз.

 

Шығармашылық диктант

1. Маржан төсек... тұрды. Ол төсек... жинады. 2. Кітап... күтіп ұстау керек. 3. Біз жексенбі күн... саябақ... бардық. Жапырақ жер... түсіп жатыр. 4. Сынып іші айна... тап-таза. 5. Апасы Әйгерімге сыз..., өшір... сатып алып берді.

  • Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаздыру.

 

                                           Сөз таптарын қайталау

Сөздік диктант

  1. Өрмек, қой, оқу, домбыра, кезек, бокс, сурет, аң, ән, сауын, аспаз, етік, кен, күй, мал, жұмыс.
  • Сөздердің қандай сөз табы екенін анықтау. Сөздерге -шы, -ші жұрнақтарының бірін жалғап жазу.  
  1. Бала, өлке, аудан, ел, бес, адал, әсем, орын, жақсы, бай, қашық, шебер, жаңа, биік, жаман, сақ, әділ, ұзын.
  • Сөздерге -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу. 
  1. Айт, біл, тоқы, ес,  ұш, өшір, кес, сүрт, жырт, ал, отыр, ат, іл, бас, көр, сөйле, кел, бар.
  • Сөздерге -ғыш, -гіш, -қыш, -кіш жұрнақтарының тиістісін жалғап жазу.

 

Көру диктанты

            Әдемі сурет

Дайын қағаз, қаламым,

Бояу таңдап аламын.

Ақ көгершін, көк аспан,

Суретін мен салмын.

                          А.Бақтыгереева                            

  • Зат есімнің астын сыздыру. Сын есімдерге сұрақ қойғызу.

 

         Жұмбақтар

  • Кімге керек бұл өзі?
  • Қызға керек!

Төмен қарап өседі екі терек.

                                (Қос бұрым)

Шеңбер жасап өседі,

Желмен бірге көшеді.    

                                 (Қаңбақ) 

  • Етістіктерді тауып, дара немесе күрделі екенін айтқызу.

 

              Уақыт өлшемдері.

       Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен, аптамен және күнмен өлшенеді.

Бір ғасырда 100 жыл бар. Бір жылда 12 ай, 364 немесе 365 күн бар, Бір айда 30 күн бар, бір аптада 7 күн бар. Бір тәулікте 24 сағат бар.     

  • Сан есімдерді сөзбен жаз, астын сыз.

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ағылшын тілі сабағында жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлері
Әліппеге дейінгі кезең
Диктант оны талдау жасау.
Сөз және оның мағынасы
Сөз құрамын еске түсіреміз
ю дыбысының жазылуы
Диктант түрлері
Сөз және оның мағыналары
Түбірлес сөздерге жаттығу
Өздік жұмыс
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 4467 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык