Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жылу. Ф. Оңғарсынова


Жылу. Ф. Оңғарсынова

Сабақтың тақырыбы: Жылу. Ф. Оңғарсынова

Сабақтың  мақсаты:
1. Өлеңнен  ақын ойын ұға алуға, өлең мазмұнын түсініп оқуға дағдыландыру.
2. Оқушылардың көркем сөзді, көркем ойды өз сөздік қорларына қолдана алуға,анасына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен  жеткізе білуге үйрету.
3. Ананы сыйлау , құрметтеу, өнеге тұту сияқты ізгі қасиеттерді бала бойына сіңіру.
 
Сабақтың көрнекілігі:
Кесте , күн мен ана суреті, қима қағаздар.
Сабақтың  түрі:
Дамытушылық сабақ
 
Әдісі:
Ізденушілік, топтастыру.
 
Барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.Психологиялық дайындық.Бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, тілек тілейді.
Жылылық бар менде,
Жылылық бар сенде,
Бүкіл-бүкіл әлемде.
2. Үй  тапсырмасын сұрау.
Өтіліп жатқан тараудан еске түсіру. «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» 
Қайқауыс. Ата-ананы құрметтеу туралы.Өзбек  тілінен аударған  Т.Айнабеков.
Бұл  әңгіме «Қабуснамадан» келтірілген үзінді.
- Қабуснама қандай кітап?
 
Мәтінді бөліктерге бөліп, жатқа сұрау. Мәтін бөліктерінің тақырыптары:
1. Ата-ананы құрметтеу.
2. Ата-анаңды  ешқашан ренжітуші болма.
3. Ата-анаңа не істесең, саған перзентіңде соны жасайды.
Үй тапсырмасын қорытындылау.
«Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды», - осы ойға байланысты құрылған қандай нақыл сөзді білеміз?
«Ата-анаңа не істесең, алдыңа сол келер». Бүгінгі жаттаған мәтіндеріңді үнемі есте сақтаңдар, олар сіздерге қымбат жандар.
Қазыбек би:         Құт берекең Отан қымбат
                                    Аймалайтын анаң қымбат
                               Мейіірімді  апаң  қымбат
                               Асқар тауың - әкең қымбат
 
 
1.Жаңа тақырып.
 
Сөзжұмбақ
1. Мәтінде  перзентті  неге  ұқсатқан?     
2.Кітапты кімге  арнап  жазған?
3. Мәтінді  өзбек  тілінен аударған кім?
4. Қабуснаманы жазған  адамның  есімі кім?
- Жылу деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Жлу қайдан тарайды?
- Біз  бүгінгі сабағымызда  Ф.Оңғарсынова  апамыздың «Жылу» деген өлеңмен  танысамыз. Ф.Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда Атырау облысы  Новобогат ауданы  Манаш  ауылында  дүниеге келген қазақтың ақын қызы. Қазір Астанада  Парламент мәжілісінің  депутаты ,  Құрмет белгісі орденінің иегері.
Ф.Оңғарсынова апамыз өткен жылы 25 желтоқсанда 70 жасқа толды. Ақынның төл мәртебесін бүкіл Қазақстан халқы тойлады.
Біздің  мектебімізде атап өтті.Соның бір көрінісі 11 «А» класс оқушысы  Айнұрдың өлеңі сіздерге  үлгі (оқып бер).
 
 
 
Оқулықпен жұмыс.
Оқу түрлері:   а)  Күбірлеп оқу
                        ә)  Тізбектей оқу
                        б)  Тауып оқу (суретке  байланысты  айтылған  өлең  шумағын        
                              тауып оқу)
 
Топпен жұмыс.
1. Ситуация  сұрақ
2. Кестемен  жұмыс
               Сұрақтар                Берілген сөз
        Қандай?               Анам
        Кімнің?               құшағы
        Қандай?               жанары
        Кімнің?               сүті
        Ненің?               нұры
                  
1. Сен анаңды неге теңер едің?
2. Ана  туралы  мақал-мәтелдер  айту?
3. Ақын  ананы  не үшін  күнге  ұқсатады?
4. Ана  сүті  қандай , ана алақаны қандай?
 
Сергіту сәті:
Көкке  қолын  созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағын ашады,
Көлеңкесін  тосады.
Көк қарағай , қарағай,
Мейірбанды  анадай.
 
Дәптермен жұмыс (шығармашылыққа баулу)
 
Ақ сүт беріп ... (аялаған)
Менен бәрін ... (аямаған)
... (жанашырым) сая бағым
Аман болшы ... (аяулы анам)
 
4.Бекіту:
 
5.Қорытындылау:
Сендердің жылы сөздеріңмен Күе-ана жылуын бүкіл әлемге төгіп тұр. Олай болса, «Күннің шуағы жылы, Ананың құшағы жылы»
Сонымен «Ана – ұлы адам» , «Ана құдіретті жан»
Бізге қонаққа келген ұстаз аналарға , жер жүзіндегі аналар құдіретіне бас иеміз.
Ән «Мамаға  тілек»
6.Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар күнмен бағаланады.
7.Үйге тапсырма
Жылу. Ф.Оңғарсынова (жаттау)
«Менің анам» әңгіме жазу

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.
Жылу. Ф Оңғарсынова.
Қыз – ғұмыр
Ата-ананы құрметтеу туралы.Қайқаус.
Ана құшағында. Ғ. Мүсірепов
Ана
Құрметтей білейік
Баубек Бұлқышев Ана
«Әже» Ф. Оңғарсынова
Ақ шаш
Бөлім: Уроки / Бастауыш сынып | Көрсетілім: 3642 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык