Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 7637 |
|
|
|
Қаңқа бөлімдері
Тақырыбы: Қаңқа бөлімдері
Мақсаты:
Білімді қалыптастыру:Қаңқаның атқаратын қызметін,тірек қимыл жүйесінің маңызы мен қасиеті туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық:Бас қаңқасы,дене қаңқасы,кеуде қуысы,иық белдеуі,қалдың еркін қозғалу қаңқасы құрлысы мен атқаратын қызметіне тоқталып кеңірек түсінік беру.
Тәрбиелілік: Адам үшін қаңқа бөлімдерінің маңызын,омыртқа жотасының атқаратын қызметіне тоқталып оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қаңқа құрлысы,бассүйек.
Сабақтың түрі:Баяндау,
І.Ұйымдастыру.
Амандасу,оқушыларды түгендеу
Сынып бөлмесін дайындау
Оқушыларды сабаққа дайындау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.Тері және бұлшық ет сезімі,иіс сезу және дәм сезу.
Жасырын сөзді тап!
.......................................Тері сырқы ортамен қалай жанасады?(тікелей жанасады.)
.......................................Жылу және суықты рецепторлар қайда орналасады?(бетте және
ерінде)
.......................................Сипап сезу дегеніміз не?( тері сезімі.)
.......................................Сипап сезу мүшесі кімдерде өте қатты дамиды. (соқыр
адамдарда)
.......................................Дәм сезу бүршіктері неше дәм сезеді
1.Тілдің ұшы қандай дәмді сезеді?(тәтті)
2.Ауызға түске құрғақ тағамды ерітетеін сұйықтық?(сілекей)
3.Тілдің бүйір шеті қандай дәмді сезеді?(Қышқыл)
Тілдің құрлысын түсіндір. Мына сурет арқылы не көреміз?
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Жаңа сабақ жоспар:1.Тірек қимыл жүйесінің маңызы.
2.Бас қаңқасы.
3.Дене қаңқасы.
4.Кеуде қуысы.
5.Иық белдеуі.
6.Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы.
7.Аяқ қаңқасы,аяқтың еркін қозғалысы.
Оқушылар! Қаңқа бөлімдері деген жаңа сабағымызды бастаймыз.
Егер адамның тірегі------ қаңқасын алып тастаса қалай болар еді?
Ал қаңқа сүйектері оларды байланыстырып тұрады.Аяқ қол сүиектері иінтірек болады.Осы иінтірек арқылы біз кеңістікте еркін қозғала аламыз.
Бас сүйек—миды.
Кеуде қуысы--- жүрек ,өкпе.
Жамбас астауы----- асқазан,жыныс т.б мүшелерін қорғайды.
Адам қаңқасында 200 ден астам сүйектен құралған.Адам денесіндегі әр бір сүйектің пішіні,мөлшері және қаңқада белгілі бір қызмет атқарады.
Ми бас сүйегінің сүйектері----- маңдай,шүйде,жұп самай,төбе сүйекткері.Бұлар миды қорғайды.Шүйде сүйегінің үлкен тесігі бар.Ми мен жұлын жалғасады.Сүйектердегі кішкентай тесіктер арқылы жүйкелер мен қан тамырлары өтеді.
Омыртқа жотасы:дене бөліктерін байланыстырып,жұлынға қорғаныштық қызмет атқарады.Бас,қол,бүкіл дененің тірек қызметін атқарады.Омыртқа жотасы 33-34 омыртқадан тұрады.
Мойын-----7 омыртқа,арқа---------12,бел----------5,сегізкөз ----------5,құйымшақ-----4-5.
Омырқа жотасы иілім түзеді.Адамда иілімнің болуы омыртқалы жануарлардан ерекшелейді,дененің тік жүруіне байланысты.Омыртқа арасында серпімді омыртқааралық серпімді дискілер орналасқан.Омыртқалар бірінің үстіне бірі орналасып,омырқа тесігі жұлын орналасатын омыртқа өзегін түзеді.
Кеуде қуысы:Арқа омыртқалары,қабырғалар мен төс кеуде қуысын түзеді.Доға тәрізді иілген 12 жұп қабырға болады.
Иық белдеуі:Екі жауырын,екі бұганадан тұрады.Жауырын кеуде қуысының арқа жағында орналасады,жалпақ үшбұрышты сүйек.
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасы:
Тоқпан жілік кәрі жілік білек,қол басы сүйегі.
Тоқпан жілік жауырын мен қозғалмалы байланысып әртүрлі қимыл қозғалыс жасауға көмектеседі.
Тоқпан жілік:білек,кәрі жілік,шынтақ сүйектерінен тұрады.
Қол басы сүйектері:білезік,алақан,майда саусақ сүйектерінен тұрады.
Аяқ қаңқасы:(Жамбас белдеуі)омыртқа жотасының сегізкөз бөлімінен екі жамбас сүйегінен тұрады. Жамбас бүкіл дене сүйектері тірек түзеді.Жамбас белдеуі ішкі мүшелерді қорғайды,оларды ұстап тұрады.
Аяқтың еркін қозғалатын сүйектеріне ортан жілік,асықты жілік,шыбық сүйегі,майда 26-сүйектен тұратын толарсақ ,табан,бақай сүйектері жатады.Тік жүруге байланысты адамның аяқ басы жүрісті қамтамасыз ететін күмбез тәрізді пішінге ие болады.
ІҮ.Ұғымды байқау.
Бұл сөзсызбадан бүгінгі өткен тақырыптың сөздерін оқи аласыздар.
Венн диограммасы:
Омыртқа жұлын
Жасырын сөзді табыңдар.
1....................Омыртқа жотасы неше омыртқадан құралған.(33-34)
2....................Тірек қимыл бөліктерін жазыңдар.(қаңқа,бұлшық ет)
3....................Адам қаңқасында неше сүйек бар.(200)
4....................Адамда доға тәрізді неше жұп қабырға болады(12)
5....................Жұлын қайда орналасқан.(омыртқа өзегінде)
Ү.Үй тапсырмасын беру.
Қаңқа бөлімдері
ҮІ.Бағалау
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |