Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бақытты сәт


Бақытты сәт

Бақытты сәт

«Бақытты сәт» интеллектуалдық олимпиадасының мақсаты: оқушылардың биология,химия  пәні бойынша білім деңгейлерін, ой- өрісін байқау әрі кеңейту, биология,химия  пәніне қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

Ойынға 3 команда «Атмосфера» , «Литосфера» және «Гидросфера» қатысты. Әр команда 8-9 сынып  оқушыларынан құралған, оқушы саны  4. Сұрақтарға команда капитанының  рұқсатынан кейін жауап беру керектігі ескертілді.

Биология әлемінде» интеллектуалдық олимпиадасының мақсаты: оқушылардың биология пәні бойынша білім деңгейлерін, ой- өрісін байқау әрі кеңейту, биология пәніне қызығушылықтарын ояту, топпен жұмыс жасай білу дағдыларын жетілдіру.

Сайыс бөлімдері:

1.«Ия,жоқ»

2.«Биология әлемінде»

3.«Егер...»

4.«Сиқырлы ұяшықтар»

Сайыстың бірінші бөлімі: «Ия,жоқ»

1 топ:

1. Дүние жүзіндегі ең тез өсетін өсімдік –эвкалипт    жоқ 

 2. Эму- бұл түйе құс.     ия

 3. Піл тұрып ұйықтайды деген рас па?     жоқ

 4. Шаш ұшынан өседі.       жоқ

 5. Өрмекшінің төрт жұп аяғы бар.      ия

 6. Киттер- балықтар класының өкілі        жоқ

 7.Калий сілтілік метал.    ия

  1. NaCl -  сода.   жоқ

9.Фенолфталеин,метилоранж,лакмус-индикатор.   ия

10.Таңбалар мен формулалар шартты түрде жазылған реакциялар химиялық теңдеулер деп аталады.  ия

2 топ:

1.Жаңғақтың қабығы тірек ұлпасынан тұрады.   (иә)

 2.Шекшек шегірткелердің есту мүшесі аяқтарында орналасқан (иә)

 3.Жалаңаштұқымдылар жапырағын жыл сайын түсіреді. (жоқ)

 4.Құлақ қалқаны тек сүтқоректілерде болады   (иә)

 5.Ұшатын балық бола ма?   (иә)

6.Ломоносов атом-молекулалық ілімді жасаған орыс ғалымы. ия

7.Атомдардың әр түрінен түзілген заттар қарапайым заттар деп аталады.   ия

8.Шынының балқуы физикалық құбылысқа жатады?  ия

9.Плюмбум-мырыш.  жоқ

10.Құрамына кіретін заттардың бөлшектерін жай көзбен көруге болатын қоспалар әр текті деп аталады.  ия

3 топ:

1. Өсімдіктер тыныс алғанда оттегін сіңіріп,көмірқышқыл газын  шығарады.  жоқ

2. Үндістанда сиыр киелі жануар болып саналады.  ия

3. Бионика ғылымының дамуы тірі ағзалармен байланысты.  ия

4.Пенициллин қалпақшалы саңырауқұлақтардан алынады. жоқ

5.Тірі ағзалар оттексіз ортада да өмір сүреді  ия

6.Физикалық денелерді құрайтын зат   ия

7.Бөлінбейтін ең кішкентай бөлшектер  молекулалар.  жоқ

8.Мыстың латынша атауы феррум.  жоқ

9.Химиялық заттарды теңестіру кезінде қойылатын сандар коэффициенттер.  ия

10.Азоттық салыстырмалы атомдық массасы 18.

2 бөлім.  «Биология әлемінде»

Шарты: әр команда сұрақ оқылмастан бұрын 100, 200, 300, 400, 500

ұпайдың бірін тігеді. Жауап дұрыс болса тіккен ұпайларын алады. Жауап бере алмаса екі рет қосымша көмек алу мүмкіндігін алады, бірақ әр көмекке тіккен баллдан 100 балл шегеріледі . Кезек келіп тұрған команда жауабын береді , ал жауап дұрыс емес болса , тіккен ұпайы толық шегеріледі.

1-тапсырма. 1 топ:

 Ежелгі Грецияда бұл көкөніс ерекше ықыласқа ие. Бұл өсімдік адамға кез-

дескен алғашқы көкөніс болып есептеледі. Атақты қолбасшы Александр Македонский үнемі шайқасқа шығардың алдында өзінің жауынегерлерін осы көкөніспен тамақтандырып, өзінің жеңісінің құпиясы осыда деп сенген.

 Қызығы, ұлы математик ,философ Пифагорда осы көкөніске табынып қана

қоймаған, тіпті оның селекциясыменде айналысқан дейді.Ең жақсы іріктемелерінің  бірі ертеде Пифагордың есімімен бекер аталмаса керек. Бұл өсімдіктің латынша  атының аудармасы “бас”.

 Сұрақ: бұл қай өсімдік?

 1-көмек: бұл өсімдіктің күлтесі төртеу

 2 -көмек: Біздер бұл өсімдіктің жапырағын тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Капуста .

2-тапсырма. 2 топ:

 Ұзақ уақыт өсімдіктерді бақылай отырып адамдар бір гүлдің таңның атуының , екіншісі күннің батуының хабаршысы екенін байқаған. ХҮІІІ ғ. Швецияда белгілі  ғалым – натуралист К.Линнейдің кеңесімен гүл сағаты жасалған. Таңғы сағат 5-те  текесақал,сағат 6-да көкнәр гүлінің күлтелері ашылса, ал кешкі 10- да хош иісті  темекі , кактустың гүлдері ашылады. Осылай уақытты анықтап отырған.

 Сұрақ: бұл қызықты құбылыс немен байланысты? Неліктен әртүрлі гүлдер

әр түрлі уақытта ашылады?

 1-көмек: Жарқанат, ара суреті.

 2-көмек: Өсімдіктің көбеюімен байланысты

 3- көмек: Гүлдің түсіне де, иісіне де байланысты.

Жауап: Гүлдердің ашылуы тозаңдануға қолайлы жағдайымен байланысты.

 3-тапсырма. 3 топ:

 Бұл өсімдікті жек көрсе де, бірақ оған табынған, оның гүлдерімен патша са-

райларын сәндеген. Оффенбург деген неміс қаласындағы танымал ағылшындық  саяхатшы Фрэнсис Дрейкке қойылған ескерткіште: «осы өсімдікті Европаға алғаш  болып әкелген Дрейк» деп жазылған. Алғашқы жылдары бұл өсімдіктің жемісі патша дастарханында да сирек кездесетін тағамның бірі болған. Біздің дастарханымызға  бұл тағам жүздеген жылдар кейін келген.

Сұрақ : Бұл өсімдіктің атын атаңыз?

 1-көмек: Бұл өсімдік алқа тұқымдасына жатады.

 2-көмек: Бұл өсімдікті “ екінші нан” деп те атайды. Жауап: Картоп

3 бөлім. «Егер...».

Ойын бастаушы өзі: «егер»,- деп бір сөйлемді бастайды да, жалғасын ойыншылардың біреуіне жалғастыр дейді. Екінші ойыншы «онда»,- деп сөйлемді аяқтауы керек. Әр топтан бір оқушыдан шығасыздар. Бұл тапсырма сапалық реакцияларға арналған.

Бірінші топтың тасырмасы. «Егер метанольға күміс оксидін араластырсам, онда сынауықтың жанында жылтыр пайда болады.»

Екінші топтың тапсырмасы. «Егер, глюкозаны ашытсам, онда этил спирті түзіледі.»

Үшінші топтың тапсырмасы. «Егер, этиленге марганцовка қоссам,онда түсі өзгереді» .

4 бөлім.«Сиқырлы ұяшықтар».

Шарты: Биология,химия атты ұяшықтарды 10,20,30,40 ұпай тігілген сұрақтар жасырылады. Сол сұраққа дұрыс жауап берілсе ұпайды қанжығасына байлайды,егер жауап бере алмаса,келесі топтарға жауап беруге рұқсат беріледі.

Сайыстың қорытындысы шығарылып,жеңген топ марапатталады.

№36 орта мектеп

Химия-биология пәндері бойынша

Пән мұғалімдері:  Нұрсұлтанова К.

Демеубаева Г.

Рахимова А.

Атырау 2014 жыл


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Биология әлемінде
Білгір биолог
Жапырақ
Биология әлемінде интеллектуалдық олимпиадасы
Білгір биолог
Білгір биолог
Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі
Бақытты сәт
Биология білгірі
Сынама тестен кейін оқушының жай-күйін анықтау сауалнамасы алынады.
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 1812 | Қосты: Альмира Рахимова Мелисовна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык