Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе


Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе

Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе

«Денсаулық-зор байлық »деген мақал тегін айтылмаған.Адамның басты байлығы-денсаулық. Денсаулық-адамға Табиғаттың берген ең ұлы құндылығы. Денсаулықты әртүрлі тәсілдермен сақтап, нығайтуға болады. Әркім өз денсаулығына ерекше мән беруі қажет. Өз денсаулығыңа жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын сақтау қажет.
Бүгінгі адам салауатты өмір мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып,өзін білімді адам деп санай алмайды. Өйткені, әрқайсымыздың денсаулығымыз бұл жеке байлық қана емес, ол сондай-ақ еліміздің дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін де қажетті шарт. Яғни, адамдардың денсаулығы да сол елдің өркениеттік деңгейін танытатын маңызды факторлардың бірі. Ал денсаулықтың негізгі шарты- мәдени орта, салауатты өмір салты. Сондықтан да елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында, дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен сауықтыру шараларын сақтауымызға бағытталған»деп атап көрсеткен.Оқушы мектепке барады. Ол көптеген уақытын осы «екінші үйінде » өткізеді. Білім алады, денсаулығын нығайтады. Баланың мектептегі денсаулығын сақтау кеңістігіне кім қарайды, кім жауап береді?                                                                       Казақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес «Білім ұйымдарындағы оқу-тәрбиелеу процесі оқушылардың, тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайларын есепке алып, жүзеге асыралады. Білім ұйымдарында аурулардың алдын алу ,денсаулықты нығайту, дене тәрбиесін жетілдіру, оқушылардың, тәрбиеленушілердің салауатты өмір салтына жағдай жасау бойынша қажетті іс-шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі. Білім ұйымдарында оқытудың, тәрбиеленудің  еңбек пен демалыстың салауатты және қауіпсіз жағдайларын жасау олардың басшылары мен құрылтайшыларына жүктеледі.»
 Қазіргі кезде әр білім мекемесінде мектеп медбикесі жұмыс жасайды. Мектеп медбикесінің негізгі міндеті-санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталуына, оқушылардың жүйелі тамақтану сапасына жауап беру. Бала денсаулығын сақтау үшін- білім сапасын арттырудың маңызды жағдайына байланысты мектебімізде дәстүрге айналған оқу- тәрбие шаралары өткізіледі. Өткізілетін шараларды ұйымдастыратын мектеп, ата-ана, мектеп медбикесі, мектеп психологі, дене шынықтыру пәні мұғалімдері.«Денсаулық-зор байлық» деп қазақ халқы дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға болмайды. Дене жанның құралы. Құралы мықты болса, иесі де мықты. «Сау денеде –салауатты рух болады»  деген мақал ескіден қалған. Адам саулыққа көңіл қойылған жағдайда адам елмен силасымды, ойлау қабілеті жоғары шама шарқынбілетін, ақылмен іс істейтін өте сезімтал ,ұстамды да байсалды , қоғамдағы ел орнын білетін , жауапкершілігіне ұқыптылықпен қарайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын, табиғатты сүйетін, қоршаған ортадан хабардар, бақыт дегенің не екенін түсінетін жан болады. Ал, рухани саулығы жоқ адам аталған барлық қасиетін жұрдай болмақ. Әр мектепте өзінің тәрбие жүйесі бар, өзінің бағыт бағдары бар.Біздің мектепте кешенді жұмыс жоспары құрылды. Тәрбие жұмыстарының  он екі бағыттарының бірі дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бастауыш кластарда «Адам денсаулығы», «Денсаулық- салауатты өмір салты» «Пайдалы және зиянды әдеттер», «Тазалықты сүйеміз»т.б тақырыптарда сайыстар мен тәрбие сағаттары өткізілді.                         
Денсаулықты сақтаудың тағы бір кепілі- адамның өз ағзасын түрлі аурулардан қорғап, дене шынықтырумен, өзінің жақсы көретін ісімен айналасу болып табылады. 
 Оқушылардың бойында салауатты өмір салты мотивизациясын дұрыс қалыптастыра білу мұғалімдер мен ата-аналардың қосылып жүргізілген шараларына байланысты болмақ. Өйткені, бірінші тәрбиенің ошағы-отбасында, екінші-мектепте болғандықтан, ата-ана мен мектеп, яғни мұғалімдер мен жұртшылық тығыз байланыста болуы шарты нәрсе дей келе мектебімізде ата-аналармен бірлесіп көптеген іс-шаралар өткізілді.Атап айтқанда, «Толағай»3- ші класс ата-аналарының арасында өткізілген спортық жарыс, «Әкем, шешем, мен- тату жанұя» 2-ші класта өткен спорттық сайыс, «Денсаулық күні» эстафеталық жарыс.                                      Ата-аналар жиналысында балалардың салауатты өмір салтын сақтау мақсатында баяндамалар оқылып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға ережелер мен кеңестер берілді.     Білім сапасын арттырудың маңызды жағдайын жетілдіре отыра сабақ үстінде оқушылардың денсаулығын сақтау барасында сергіту сәті мен психологиялық тренингтерді күнделікті сабақта өткізу  пайдалы, себебі оқушылар сабақ үстінде көп шаршамайды және сергіту сәттерінен кейін серпіліп оқуға кіріседі. Тренингтер, сергіту сәттері  оқушыны өзін еркін ұстап, өзгеге сенімін, жылуын күшейту арқылы тыныс алу жолдарының, нерв жүйесіндегі шаршағанды ұмыттыруға көмектеседі.Қазіргі кезде балалардың денсаулығының нашарлауы да байқалады.Барлығымызға ой салатын мәселенің бірі- орта экологиясының бұзылуы, бала денсаулығына кейбір технологияның және басқа факторлардың әсер етуі болып отыр, осындай әсер салдары адамның физиологиялық, психологиялық және адамгершілік қасиеттері мен денсаулығының бұзылуына әкеліп соғады. Көпшілік жағдайларда адамның осындай әсерлер кезінде өзін-өзі дұрыс ұстай алмау жағдайларынан болады. Содан барып өз денсаулығы, орта және өсіп келе жатқан жасөспірім денсаулығына қолайсыз жағдайлар туады. Атап айтсақ: ішімдіктерді, есірткілік және токсикалық заттарды  пайдалану,темекі шегу, насыбай атутб. Сондай-ақ жасөспірімнің күнделікті күн тәртібін дұрыс құрмау, демалыс уақытын дұрыс пайдаланбау, таза ауада дем алмау, ой және дене еңбегінен кейін ағзасын дұрыс дем алдырмау, уақытында және дұрыс тамақтанбау,психологиялық жүктеменің шектен тыс көбеюі немесе стресс жағдайынан шыға алмаут.б барлығы кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Күнделікті теледидар алдында, компьютер мониторының  алдында шектен тыс көп отыру- балалардың тек психологиясына ғана әсер етіп қана қоймай, көз ауруларына, күні кешке дейін құлақтарына іліп алып жүретін арзанқолды магнитофон ызыңы- құлақ, бас ауруына, аз қозғалу немесе гиподинамия- жүрек, қан, жүйке ауруларына, дұрыс тамақтанбау- ас қорыту жүйесінің түрлі ауруына әкеп соғып жатыр. Оқушы денсаулығын сақтау жолында тұрған ең басты мәселе- оларды салауатты өмір сүруге және оны сақтау және нығайту жолдарын білу.Қорыта айтқанда, бүгінгі таңдағы еліміздегі мектептердің әлеуметтік міндеті жас ұрпаққа сапалы білім, баланың саулығын сақтап, саналы тәрбие беру. Олардың әрқайсысына өмірден өз жолын табуға көмектесуді негізгі мақсат еткені абзал. Халқымыздың тәлім-тәрбиелік мұрасын, салт-дәстүрін пайдалана отырып, «баланы-жастан»демекші, дені сау, сана-сезімі терең, ақыл ойы зерек ұрпақ тәрбиелеу, баланы бесігінен жақсы әдетке баулу әр ата- ананың міндеті. Оқушының денсаулығына зиян келтірмей, қайта оны сақтауды, нығайтуды білім беру арқылы үйретіп, оқушының өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру мұғалімнің міндеті. «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы-денсаулық», «Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен бақытты болады өмір» Ендеше отбасы, мектеп және қоғамның игілікті болашақ жолындағы өзара ынтымақтастығы күннен –күнге арта беруі тиіс.
Әдебиеттер тізімі:
1. «Бастауыш мектепке оқыту» 2008ж  № 5
2. «Отбасы және денсаулық» 2010 ж № 3
3. «Бастауыш сынып.Начальная школа» 2010ж № 2
4. «12 жылдық білім.12-летнее образование» 2007ж № 3
5. « Валеология.Дене тәрбиесі спорт 2003ж №2
6. Салауаттану оқулығы Әбілханов Ә.С,Жаңабердиева К.А
7. «Бала тәрбиесі» 2007ж № 5
8. «Денсаулық»2005ж №8

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Футбол ойыны арқылы оқушылардың дене қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.
Шағын жоба Волейбол
Салауатты болсаң, сау боларсың.
Дені саудың – жаны сау.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы, оқушылардың денсаулығын сақтау аспектілері
Салауатты өмір-денсаулық кепілі
Денсаулық - мен білетін бірден-бір сұлулық
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Бала денсаулығын нығайту – өзекті мәселе
Дене шынықтыру тәрбиесінің маңызы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 10862 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык