Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Биология - ғажайыптар әлемі


Биология - ғажайыптар әлемі

Тақырыбы: Биология - ғажайыптар әлемі

Мақсаты:оқушыларды биология ғылымының  қызықты мәліметтерімен таныстыру және білімді, білікті болуға,  шапшаңдыққа, алғырлыққа, тез ойлауға, достарымен топтасып жұмыс жасауға баулу.

Жүру барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі /сынып оқушыларын 3 топқа бөліп орналастыру/

ІІ. Негізгі бөлім

  1. «Оймаржан»    /сұрақ-жауап/
  2. «Ойлы болсаң озып көр»  /суреттермен жұмыс/
  3. «Жұлдызды сағат»  /тапсырмалар/
  4. «Таңғажайып»
  5. «Білімдімен дос болсаң...»
  6. Сыр сандық

ІІІ. Қорытындылау /жеңімпаз топты марапаттау/

І. Сайысқа 3 топ қатысады:

1-топ: «Барыс»

2-топ: «Қыран»

3-топ: «Тұлпар»

 

Тапқыр,білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арынды.

Сүйсең туған жеріңді

Ортаға сал барыңды,-деп сайысымызды бастаймыз.

 

  1. ІІ. Негізгі бөлім  «Оймаржан»/сұрақ-жауап/

 

1-топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Жануарлар туралы ғылым /зоология/
  2. Өсімдіктің жер асты мүшесі  /тамыр/
  3. Ұлғайтқыш құрал /микроскоп/
  4. Өсімдікке жасыл түс беретін органоид  /пластид/
  5. Бунақденелілердің аяқ саны /6/
  6. Ерекше қорғалатын жануарлар мен өсімдіктер қайда тіркелген /қызыл кітап/
  7. Ихтиология қандай ғылым?  /балықтарды зерттейтін/
  8. Шортан қандай балық?   /сүйекті/
  9. Жүйелеуді енгізген ғалым  /Линней/

10) Сүлік қай кластың өкілі  /буылтық/

 

2-топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Өсімдіктер әлемін зерттейтін ғылым (ботаника)
  2. Қызылшақа балапан шығаратын құстар /кептер, торғай, тоқылдақ т.с.с/
  3. Құстардың арғы тегі /археоптерикс/
  4. Бунақденелілердің қанша түрі бар?  /700 000/
  5. Өте еңбекқор бунақденелілер   /ара, құмырсқа/
  6. Өсімдіктің көбею мүшесі /гүл/
  7. Ең кішкентай құс?   /колибри/
  8. Жасушаныашқанғалым. (Роберт Гук)
  9. Өсімдік пен жануар арасын байланыстыратын бір жасушалы жәндік
    (жасыл эвглена)

10)Бидай өсімдігінің гүлшоғыры (күрделі масақ)

 

3-топқа қойылатын сұрақтар:

  1. Жасыл боп жыпырлап өнеді, сары боп үзіліп түседі?  /жапырақ/
  2. Саңырауқұлақтарды  зерттейтінғылым? /микология/
  3. Бір жасушалы жасыл балдыр /хламидомонада/
  4. Өсімдіктің генеративті мүшелері (гүл, жеміс, тұқым)
  5. Жасыл эвглена қалай қозғалады? (талшық)
  6. Ұша алмайтын құс /түйеқұс/
  7. Балдыр жасушасына жасыл  түс береді?  /хромотофор/
  8. Энтомология нені зерттейді? /бунақденелілерді/
  9. Құстарға ғана тән тынысалу ерекшелігі /қосарлы/
  10. Омыртқасы жоқ желілі жануар /қандауырша/
     

2.      «Ойлы болсаң озып көр»  /суреттермен жұмыс/

 

Бұл бөлімде оқушыларға жануарлардың, құстардың, қосмекенділер мен жорғалаушылардың  дене мүшелері беріледі, сәйкесін тауып орналастыру керек.

 

3.      «Жұлдызды сағат»  /тапсырмалар/

«Жұлдызды сағат» - сын сабақ,

Жұмбақты шешіп, ойнап кұл.

Білімдіден мол талап күтіледі, оны біл!

Ал ойыннан қалмайық, жауапсыз мүлде болмайық.

 

Жұмбақ

  1. Өтім-дәрі, қаным-дәрі,

Әркімнің кірер меніңмен әрі.     /аққу/

Тікұшақтай жаны бар,

Танымасаң танып ал.  /инелік/

 

  1. Жатқан мылқау сарт етті

Жортқан қорғау жалп етті. /қақпан мен қасқыр/

 

  1. Аяқтары қолдай,

Мақұлық бар ондай.

Өзі балпақ,

Басы жалпақ.  /бақа/

 

  1. Қай мақұлық ол тағы,

Құлақтары құрықтай.

Түнде жортса қорқады,

Маңына жан жуытпай.              /қоян/

 

  1. Бейнетқор көпшілікте көрдім халық,

Күніңде бір отырмас дамыл алып.

Өзінен ауыр жүкті көтереді

Үйінде жатып кейде рахаттанып.      /құмырсқа/

4.  «Таңғажайып»       /жануарларды баласына қарай сәйкестендіру/

  1. Аққу

 

қозықа

  1. Қыран құс

 

торай

  1. Бұғы

 

бөлтірік

  1. Елік

 

қодыға

  1. Арқар

 

көгілдір

  1. Аю

 

алан

  1. Шошқа

 

мамыр

  1. Қасқыр

 

ақүрпек

  1. Барыс

 

қонжық

  1. Үйрек

 

еңлік

 

5.      «Білімдімен дос болсаң...»

Берілген суреттерге қарап мақал-мәтел айту.

6.Сыр сандық

Берілген сипаттамаға қарап қандай жануар екенін табу.

Қорытындылау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Білгір биолог
Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Биологиялық турнир
Биология пәнінен қызықты тест
Білгір биолог
Өсімдік - өмір сәні, өмір нәрі
Бақытты сәт
Биология білгірі
Көп жасушалы жасыл балдырлар
Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 3907 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык