Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Г. Мендель заңдарына есептер шығару


Г. Мендель заңдарына есептер шығару

Г. Мендель заңдарына есептер шығару

Мақсаты:Г.Мендель заңдарына есептер шығару арқылы оқушылардың генетикалық білімдерін жетілдіру.
Міндеттері:
Г.Мендель заңдарына есептер шығара білуге үйрету
Биология пәніне қызығушылығын арттыру
Өз бетімен ізденуге, қорытынды жасауға тәрбиелеу.
ЕСЕП.Гетерозиготалы қара үй қоянының ұрғашысын осындай қоянның еркегімен шағылыстырды.Мынандай сұрақтарға жауап бер:
Бірінші ұрпақтың генотипі қандай?
Осы генотиптердің ішінде гетерозиготалары қанша? Гомозиготалары қанша?
Осы ұрпақтың фенотипі қандай? 
ШЫҒАРЫЛУЫ: Қояндарда жүннің қара түсі доминантты белгі.
А-қара түсті қоян
а-ақ түсті қоян
Гетерозиготалы қояндардың генотипі – А а.
Р♀                     Аа        х           Аа         ♂
Гаметалар               А,а                      А,а    
Ғ1  генотипі
♂ А а
А АА Аа
а Аа аа
Белгілердің ажырауы мына сандық қатынаста жүреді: 1 AA: 2Аа:1аа
Жауабы: 1 ұрпақтың генотиптері     АА,Аа,аа.
Гетерозиготалы генотиптің мөлшері     50% (2 Аа ).
Гомозиготалы генотиптің мөлшері     50% (АА,аа).
Қояндардың ¾ бөлігінің түстері қара, ¼ түстері ақ.
ЕСЕП. Үй қояндарының терісінің түстері ала және тұтас бір түсті болады. Осындай қояндарды шағылыстырғанда Ғ1 ала түсті көжектер, ал Ғ2-23 ала, 8тұтас түсті көжектер пайда болды. Қай белгі доминанты? 23 ала түсті көжектердің қаншасы гомозиготалы?
ШЫҒАРЫЛУЫ. Ала түсті қояндар    -   А
                           Тұтас түсті қояндар  -   а
1.        Р              ♂            АА        х           аа    ♀
Гаметалар                        А                         а    
Ғ1  генотипі                                  Аа
2.Р       ♀                     Аа    х         Аа        ♂
Гаметалар        А,а                              А,а
Ғ2генотипі      АА          2Аа          аа
                                                     23                      8
фенотипі                              3          :                 1
ЖАУАБЫ: Ала түсті тері доминанты белгі. 23 ала түсті қояндардың 1/23 гомозиготалы, 2/23 гетерозиготалы
 
ЕСЕП. Сұр және ақ тышқандарды бір-бірімен шағылыстырды.Бірінші ұрпақта тек қана сұр тышқандар пайда болды.Ал екінші ұрпақта 198 сұр және 72 ақ тышқан туды.Осы аты аталған белгілер қалай тұқым қуалайды?
ШЫҒАРЫЛУЫ.Сұр түсті тышқан
Ақ түсті тышқан     -   а
Р      ♂   АА         х       аа       ♀
Гаметалар      А                    а
Ғ1    генотипі            Аа
Р     ♂    Аа       х         Аа    ♀
Гаметалар      А, а            А,  а
Ғ2  генотипі     АА  :    2Аа    :   аа
198                  72
Фенотипі              3       :            1
 
Жауабы: Бұл белгілер моногибридті шағылыстыру бойынша тұқым қуалайды.Сұр түс доминантты да,ақ түс рецессивті белгі.
 
ЕСЕП.Қарбыздың сырты жасыл және ала болады.Ал пішіні жағынан  сопақ және домалақ.Сопақ,жасыл гомозиготалы қарбызды  домалақ ,ала  гомозиготалы қарбызбен будандастырғанда   Ғ1 ұрпақта  домалақ ,жасыл қарбыздар пайда болған.Ғ2 ұрпағы қандай?
ШЫҒАРЫЛУЫ..Есептің мазмұнынан жасыл түс пен домалақ пішіннің доминантты екенін байқадық.
 
 
  Гаметалар 
       Ғ2
 
♂ АВ Ав аВ ав
АВ ААВВ ААВв АаВВ АаВв
Ав ААВв ААвв АаВв Аавв
аВ АаВВ АаВв ааВВ ааВв
ав АаВв Аавв ааВв аавв
 
Жауабы.Екінші ұрпақта белгілердің ажырауы 9:3:3:1 қатынасында жүреді.Демек,
9  жасыл түсті, домалақ пішінді,3  жасыл түсті, сопақ пішінді,3 ала түсті домалақ пішінді, 1  ала түсті, сопақ пішінді.
 
ЕСЕП.Түсі қара,жүні бұйра теңіз шошқаларын өзара шағылыстырғанда бірінші ұрпақта түсі ақ,бұйра  жүнді және түсі қара, тегіс жүнді жануар пайда болды.Кейінгі ұрпақта қандай теңіз шошқалары пайда болады? Ата-аналарының генотиптері қандай?
ШЫҒАРЫЛУЫ.Теңіз шошқаларының  қара түсі және бұйра болуы доминантты болып келеді.
   1.Қара түс     -   А
     Ақ  түс         -    а
  2.Бұйра жүн   -  В
     Тегіс жүн     -   в
Фенотиптерін біле отырып,осы ағзалардың  генотипін фенотиптік радикал арқылы жазамыз.Түсі қара болғандықтан  міндетті түрде А  аллелі,бұйра жүн болғандықтан  В аллель бар болады.Бірінші ұрпақта түсі ақ,бұйра  және түсі қара,тегіс жануар пайда болғандықтан  ата –анасы гетерозиготалы деген дұрыс.
 
                      Р      ♂ Аа Вв                     х                      Аа Вв    ♀
 
          Гаметалар       АВ,Ав,аВ,ав                       АВ,Ав,аВ,ав
♀ АВ Ав аВ ав
АВ ААВВ ААВв АаВВ АаВв
Ав ААВв ААвв АаВв Аавв
аВ АаВВ АаВв ааВВ ааВв
ав АаВв Аавв ааВв аавв
 
 
Бірінші ұрпақтаааВВ,ааВв  - бұл генотиптер ақ түсті, бұйра жүнді фенотиптерді береді.   ААвв, Аавв –генотиптері түсі қара,тегіс жүнді фенотиптерді береді.Кейінгі ұрпақта мынандай шағылыстыру болуы мүмкін.
   Р           ♂        ААвв           х             ааВВ    ♀
Гаметалар       Ав                                 аВ
    Ғ2   гентипі               АаВв
фенотипі   түсі қара, бұйра жүнді
 Р          ♂         Аавв          х        ааВВ    ♀
Гаметалар      Ав     ав               аВ
     Ғ2  генотипі    АаВв         ааВв
фенотипі  түсі қара,бұйра жүнді және түсі ақ,бұйра жүнді.
Р        ♂             ААвв               х            ааВв   ♀
Гаметалар       Ав                             аВ,  ав
Ғ2 генотипі   АаВв,  Аавв
фенотипі  -түсі қара,бұйра жүнді және түсі қара,тегіс жүнді.
   Р         ♂          Аавв        х        ааВв     ♀
Гаметалар  Ав   ав                аВ    ав
Ғ2 генотипі    
♂ Ав ав
аВ АаВв ааВв
ав Аавв аавв
 
Түсі қара,бұйра жүнді      -         АаВв
Түсі қара,тегіс жүнді         -         Аавв
Түсі,ақ, бұйра жүнді         -          ааВв
Түсі ақ, тегіс жүнді           -           аавв   теңіз шошқалары пайда болады.
Жауабы:  Есептің шығарылу барысында түсіндірілді.
Қолданылған әдебиеттер:
Т.Қасымбаева, К. Мұхамбетжанов «Жалпы биология»10 сынып, - Алматы, «Мектеп», 2006 ж.
К.Т.Рахимбаева «Генетикадан есептер шығару», Семей, 1998 ж. 

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тұқым қуалаудың заңдылықтары. Будандастырудың типтері
Доминанттылық заңы. Екінші ұрпақта белгілердің ажырау заңы Гомазиготалы, гетерозиготалы даралар.
Басымдылықтың әр алуан типтері, ажыраудың күткен шамадан ауытқуы Қосбуданды шағылыстыру. Тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы
Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері
Генетика
Гендердің өзара әрекеттесуі
Дигибридті будандастыру және белгілердің тәуелсіз ажырау заңдылықтары
Генетикалық есептер шығару
Интеллектуалдық казино
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 71626 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык