Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гуморальдық реттелу


Гуморальдық реттелу

Сабақтың атауы Гуморальдық реттелу

Жалпымақсаты Білімділік мақсаты: Оқушыларға алған білімдерін пысықтай отыра, 
                              гуморальдық реттелу жайында түсінік қалыптастыру
                              арқылы білім  деңгейлерін нығайту.
Дамытушылық мақсаты:  Гуморальдық реттелу мен жүйкелік  реттелудің 
                                                  маңызы ағзаның жұмыс қызметі үшін ерекше 
                                                  екендігі мысалдар арқылы айта отыра 
                                          оқушылардың білімдерін дамыту, пәнге 
                                          деген қызығушылықтарын арттыру арқылы 
                                         олардың құзырлығын қалыптастыру. 
Тәрбиелік мақсаты:  Отансүйгіштікке, елбасын қүрметтеуге, қоршаған 
                               орта мен табиғатты аялауға, салауатты өмір 
                              салтың ұстануға, өздерінің жеке гигиеналарын
                               дұрыс қалыптастыруға, денсаулықтарын күтіп 
                               ұстауға тәрбиелеу.
 Міндеттер: 
Бездердің қызметінің бұзылу себептерін талдау. Аралас бездердің,  ішкі және сыртқы секреция бездерінен айырмашылығын талдау.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері 1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу;
2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру;
3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау;
4. Гуморальдық реттелудің түрлерімен танысу
Сабақта туындаған негізгі идеялар 1.Оқушының  өмірдегі біліміне, білетініне сүйену;
2.Жаңа  теориялық ақпаратты  беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау.
Тапсырмалар  Суреттерді салыстыруға, жұмбақтар шешуге, мәтін оқуға, оқулықтың 37-бетіндегі  №15суретті салуға, ішкі секреция бездерінің қызметі жайлы кестені толтыру, гуморальдық реттелуді сипаттауға және бес жолды өлең құрастыруға тапсырмалар беремін. 
1 сабақ. тақырыбы: Гуморальдық реттелу
Бездердің бөлінуімен танысу
Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер мен оқушылар іс-әрекеті.
Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу  /0,5 мин/
СТО сұрақтары Сабақ барысында жасаған мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
Сабақтың маңыздылығы не?
-оқушылар не алады?
-бұрынғы білімін қалай пайдалана алады?
-өмірден алған тәжірибесінің әсері?
-сабақтың болашақта  оқушыға қандай пайдасы бар? Оқушылар өтілетін тақырыпты келтіріп шығарады
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу.Суреттерде адамның әртүрлі мүшелерінің суреттері таратылады. Суретке қарап отырып мүшелер жүйесі тақырыбына сүйеніп олар мүшелер жүйесіне топталады.
/2 мин/
 
 
Сын тұрғысынан  ойлау үшін мүмкіндіктер
-еркін ойлауға қандай мүмкіндіктер жасалды?
-өздігінен ізденуге қандай мүмкіндіктер жасалады? І. Қызығушылығын оятуСлайд1,2
Блум таксономиясы стратегисы
Бездер бейнеленген үлестірмелерге сұрақтар жазып тараттым.
1. «Гипофиз» - мүшелер дегеніміз не?
2. «Эпифиз» - тірек-қимыл жүйесіне қандай мүшелер кіреді?
3. «Қалқанша без» - ас қорыту жүйесіне қандай мүшелер жатады?
4. «Айырша без» - жүрек – қан тамырлары жүйесі қандай мүшелерден тұрады?
5. «Бүйрек үсті безі» - зәр шығару жүйесін қандай мүшелер құрайды?
6. «Жыныс бездері» - жүйке жүйесінің мүшелері қандай?/5 мин/
Мағынаны ажырату сатысы (жаңа ақпарат)
-оқушыларды белсене қатыстыру 
-стратегияларды жүйелі қолдану   арқылы оқушылардың жұмысын ұйымдастыру (сауал қоя білу, талдау жа-сай білу, баяндау және қызу ой талқысын жасай білу қабілеттерін жетілдіру жолдарын беру)
-оқушылармен бірлесіп жұмыс жасау, қарым-қатынас шеберлігін ұтымды пайдалана білу
-оқулықтан басқа ақпараттар көзін ашу -әрі қарай  не болатынына қызықтыру, белсенділіктерін ояту
-алатын білімінің пайдалылығына көздерін жеткізу
-білімін, ақпаратты жүйелеуге үйрету 
 
ІІ. Мағынаны тану
«Б-Б-Б» кестесі (Білемін – Білгім келеді - Білдім)
1 қадам: мәтінмен таныспай тұрып, оқушылар өздері немесе топта бірінші және екінші «Білемін», «Білгім келеді» бағандарын толырады. Гуморальдық реттелу жайлы бұрын естігендерін айтып өтеді. 
2 қадам: мәтінмен танысу барысныда немесе оқығанды талдау үрдісінде оқушылар «Білдім» бағанын толтырады.
3 қадам:Қорытынды жасау, бағандардың мазмұнын салыстыру.
Толғаныс (рефлексия)
-сабақта үйренгендерін бекіту, қолдану жолдарын беру
-жаңадан үйренгенін пайдалана отырып, білімін жүйелеу
жауап шешімі осыған байланысты жұмыстар беру арқылы түсінік деңгейін тексеру ІІІ. Ой қорытынды
Синквейн 
1 топ: гормон
2топ: без
3 топ: гипофиз
 
Бағалау түрлері
- оқушының өзін-өзі бағалауы;
- топтық өзін-өзі бағалауы;
- мұғалімнің бағалауы;
- жалпы бағалау;
- критерийлер арқылы бағалау
Бағалау: /4мин/ Өзін-өзі және достарын бағалау парағы
Оқушының аты-жөні____________________________________
№ Оқушының аты-жөні Сыныптасыңды бағалау Мұғалімнің бағалауы 
 
 
-сабақты қалай аяқтауды жоспарлау Тапсырмалар орындау арқылы аяқтау
Сабақты аяқтау түрлері
-бір пікірге келу...
-өз пікірін дәлелдеу...
-үйде жалғастыру...
Үй тапсырмасы:§10ішкі секреция бездерінің қызметі кестесін толтыру(37 бет) /1,5 мин/
45 мин. Сабақтың соңы
Сабақ барысын ұйымдастырудағы қосымша іс-әрекеттер немесе сабақ бойынша өзгертулер
-оқушы алған білімінің  деңгейін  қандай дәлел арқылы білуге болады?
- оқушының білмегенін жеткізе аламыз ба?
-мүкіндіктер мен уақыт жеткілікті болды ма?   оқушының белсенділігі, оған деген сенім, бірігіп жұмыс жасау ынтымақтастық арқылы  дәлелдей аламын. Мысалы: топтардың суреттерді талқылап, салыстыра алуы, жұмбақтар шешу, мәтіндегі анықтамаларды түсініп нәтижесін флипчартта салу, жазу арқылы ғана түсіндіруге болады. Мұнда  оқушылар ынтымақтаса отырып білім беру үдерісіне белсенді араласуы, жеке тұлға ретінде өз-өзіне сеніммен қарап жұмыс жасауы(өзін-өзі бағалауы), білім берудегі жаңа мүмкіндіктерді (достарымен бірге жұмыс жасау) пайдана алды. Бұл жердегі ең негізгі принцип сенім білдіру мен ынтымақтастық болды. 
 
-қандай әдіспен олардан топ құрамын? (білім деңгейі, өз қалаулары, өзара үйрету топтары) 1.Топтарды құрастыру кезінде алдын ала іріктеу және саралау жүргізілген жоқ. Топтар сол сабақ үстінде ойындар арқылы топқа бөлінді.
2. Барлық оқушылар үшін тапсырмалар бірдей деңгейлі қиындықтары бар. 
3. Бұл арада мұғалім балаларға сеніп, олардың білімін арттыру, кеңейту жайлы ғана іс-әрекеттер жасады. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті әр бала- ның өзінің қабілет  қарымын аша түсуге күш салдым.
Кері байланыс парағы.
Оқушының аты-жөні_________________________________________
Сабақта ұнағаны Сабақта ұнамағаны Сабақта нені өзгерткің келеді
 
 
Сабаққа болжау
Ертең болатын сабағымды жоспарлау үшін, күнтізбелік жоспарға тағы қарадым. Сабақ тақырыбы «Гуморальдық реттелу», сабақты қызықты және оқушылардың санасына тез жететіндей етіп ұйымдастыру сабағымның басты мақсаты болды. Бірінші кезекте оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Оны тудыру үшін мен қандай қадам жасаймын, оқушылар менің іс – әректімді жұрыс қабылдайды ма? Осындай сұрақтар менің көкейімді толғандырды. Қызығушылығын ояту мақсатында мен өтілген мүшелер жүйесі тақырыбына сұрақтар қойып сұрақтың артына суреттер жапсырдым. Сұраққа жауап беріп болғансын, артындағы суреттерді құрастырулары қажет. Сонда ертеңгі сабақтың суреті келіп шығады. Мағынаны танып білу мақсатында «БББ» білемін, білгім келеді, білдім кестесін пайдаланғым келеді. Сабақты қорытындылау мақсатында бес жолды өлең немесе синквейн страдегиясын қолданамын. Себебі осы стратегия арқылы, оқушылар сабақты толық игереді деп ойлаймын

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ахмет Йассауи хикметтері 8-сынып қазақ әдебиеті пәнінен қысқа мерзімді жоспар.
Қаратпа сөз
Әлемнің ақпараттық көрінісі. Ақпараттың қасиеттері
Орта факторлары және тірі ағзалар
Адам ағзасындағы жеке мүшелер жүйесі қызметінің үйлесімділігі мен реттелуі Ішкі және сыртқы секреция бездері тарауын пысықтау
Гуморальдық реттелу
Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі
Аралас бездер
ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШУЛАР ХІVғ аяғы мен ХVIғ басында
Ішкі секреция бездері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6364 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык