Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы


Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы

Сабақтың тақырыбы Терінің құрылысы, қызметі мен маңызы

Сабақтың мақсаты:оқушыларға терінің құрылысы  туралы білім беру

Міндеттері.Білімділігі—оқушыларға терінің қорғаныштық , рецепторлық,жылу реттеушілік және тер шығару қызметтерімен таныстыру.

Дамытушылығы—терінің қызметі туралы жалпы биологиялық түсінікті дамыту;кестелермен , кітаппен жұмыс істеуге үйрету;шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелігі—өзінің денсаулығын күтуге және жеке бас гигиенасы  ережелерін сақтауға тәрбиелеу

Сабақ түрі:жаңа  сабақ

Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,суретпен жұмыс

Көрнекілік:интерактивті тақта,суреттер,лупа ,тірек –сызба,кесте  және

 « терінің құрылысы» видеосы

Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезең

II.Үй тапсырмасын сұрау

1-кезең .Сұрақ-жауап

1.Бәсендейтін инфекция бүйрек қызметіне қалай әсер етеді?

2.Өрлеме инфекция дегеніміз не?

3.Бүйрек эпителийіне өте ащы тағам қалай әсер етеді?

4.Алкаголь мен едәуір күшті есірткі бүйрек іс әрекетінің бұзылуына қандай зиян тигізеді.

5.Зәр шығару жүйесінің қандай ауруларын білесіңдер?

6.Бұл аурулардың қалай алдың алуға болады?

2-кезең.Кестеде берілген ауру себептерінің алдын алу шараларын  толтырады.

Ауру себептері

                   Алдын алу

Жұқпалы аурулар

 

Организмге суық тию

 

Ащы тамақ

 

Ауыз суда тұздардың артық  мөлшерде болуы

 

Алкагольді ішімдіктер ішу,темекі шегу

 

Жеке бас гигиенасын сақтамау

 

III.Жаңа сабақ өту

1.Терінің қызметі мен маңызы

2.Терінің құрылысы

Тері—көптеген қызмет атқаратын күрделі мүше.Тері,ең алдымен ,біздің организмімізді сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы  болып табылады.

Терінің  қызметі мен маңызы     

      қорғаныш

      газ алмасу

       жылу реттеу

     зат алмасу

     сипап сезу

 

Терінің құрылысы үш қабаттан тұрады.

     эпидермис

      дерма

      тері астыңдағы май клетчаткасы

IV.Тапсырма . 12 –зертханалық жұмыс

 Лупа арқылы қол ұшының сыртын  және алақанды зерттеу

Керекті құрал-жабдықтар:лупа

Жұмыс реті

1.Лупа арқылы алақанның сырт жағын қарау

2.Алақанды қарау.Теріні сипап сезу(дене арқылы сезіну)және суықты сезіну рецепторларын анықтау.

3.Алақанды сырт жағымен салыстыру.

4.Жұдырықтарыңды түйіңдер.Буын аймағындағы тері қатпарлары  қандай өзгеріске ұшырайды?

5.Қолдың сырт терісін тартыңдар.Терінің қандай қасиетін байқадыңдар?

6.Тырнақтың құрылысын қараңдар.Тырнақта жүйке ұштары мен қан тамырларының  болмауын қалай дәлелдеуге болады?

7.Саусақтың ұшындағы өрнекті қараңдар.Неге саусақ ізі арқылы адамды анықтауға болады?Неге саусақтың ұшы өте сезімтал?

Жұмысты орындап болған соң ,нәтижелеріне талқылау жүргізіледі.Соңынан қорытындылар жасалады.

V.Сабақты қорыту

1-кезең .Сұрақ-жауап

1.Тері қызметін атаңдар.

2.Тері қандай қабаттардан тұрады?

3.Терінің сыртқы қабатының құрылысы мен қызметі қандай?

4.Тері түсі неге байланысты?

5.Тері қандай ұлпадан түзілген?

6.Май және тер бездері қандай қызмет атқарады?

7.Тер дегеніміз не?

8.Терінің мүйізді түзілісіне не жатады?

2-кезең.«Терінің құрылысы»деген суретті қараңдар (интерактивті тақтадан  көрсетіледі) .Терінің құрылысын атаңдар.

3-кезең.Терінің құрылысы,қызметі мен  маңызына арналған кестеден сәйкес жауаптарын табыңдар:

р/с

                       Мазмұны

    Керекті сөздер

1

...—біздің организмді  сыртқы ортадан бөліп тұратын жамылғы .

Дерма

2

Тері... витаминінің түзілуіне қатысады.

Қоректік заттың

3

Дәнекер ұлпасынан түзілетін екінші қабат...қабаты деп аталады.

Мүйізді қабат

4

Май клетчаткасында ... қоры бар.

Май бездері

5

Эпидермистің сыртқы қабаты-...  .

Тырнақ

6

Дермада тер бездері ...,шаш түбірі,тырнақ негізі бар.

Д

7

Терінің сыртқы қабаты-...  .

Тері

8

Тері ауруларын емдейтін дәрігерді... дейді.

Шаш ,түктер, тырнақ

9

...-эпидермистің қосалқы мүйізді түзілістері.

Дерматолог

10

...-саусақ ұштарының сыртында орналасқан жалпақ мүйізді түзіліс.

Эпидермис

VI.Үйге тапсырма беру:§оқу

VII.Бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Тері аурулары
Жорғалаушылар класы
Сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу мүшелері
Көшбасшы-биолог
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Желілі жануарларды жіктеу, Қандауырша
Жарақаттанудың алдын алу Алғашқы көмек көрсету
ТЕРІ ЖӘНЕ БҰЛШЫҚ ЕТ СЕЗІМІ, ИІС СЕЗУ ЖӘНЕ ДӘМ СЕЗУ
Ішкі секреция бездері
Сипап сезу, дәм сезу және иіс сезу мүшелері
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 9851 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык