Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Тыныс алудың маңызы. Құрылысы мен қызметі.


Тыныс алудың маңызы. Құрылысы мен қызметі.

Тыныс алудың маңызы. Құрылысы мен қызметі.

Мақсаты: Тыныс алудың маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы білім беру.
Білімділігі: Қызметіне байланысты тыныс алу мүшелерінің құрылысы, тыныс алудың дыбыс және сөйлеу қабілетіндегі қызметі туралы білімге оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Өзінің денсаулығы туралы жинақылыққа тәрбиелеу. Санитарлы-гигиеналық әдетке тәрбиелеу. Салауатты өмір сүру әдетіне тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың талдау, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: «Тыныс алу мүшелер жүйесі» суреттері көмей құрылысы. Интерактивті тақта тірек сызба компьютер.

Сабақ типі:Аралас сабақ.
Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру

2 Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тарау бойынша тест:
1.Жүрек қайда орналасқан?

А)Кеуде қуысының оң жағында
В)Кеуду қуысының сол жағында.
С) бел омыртқада.
2. Жүрек салмағы қанша?
А)250-300г
В)300-350г
С)400-450г
3. Жүректің етті қабаты?
А) Эпикард
В)Эндокард
С) миокард
4. Ең ірі қан тамыры?
А) Артерия
В)Вена
С) Капилляр
5. Жүректің импульс әсерінен жиырылуы қалай аталады
А) Артериялық қысым
В) Жүрек автоматизмі
С) Жүрек циклі
6. Жүрек циклі деген не?
А)Жүректің бір жиырылуынан екінші жиырылуына диінгі кезен
В) Қарыншалардың жиырылуы
С) Қарыншалардың бір мезгілде босансуы
7. Жүрек жұмысын күшейтетін гармон?
А) Ацетилхалин        В) Адреналин               С) Инсулин
8. Жүрек жұмысы неше кезеңнен тұрады
А)1                   В)2                            С)3
9. Қандай қан салатамыр деп аталады?
А) Оттекке қаныққан қан
В) Көміртекке қаныққан қан
С) Ішектерге ағып шыққан қан
10. Үлкен қанайналым шеңбері жүректің қай бөліміне басталады?
А) Оң жақ қарынша
В) Оң жақ жүрекше
С) Сол жақ қарынша

Жаңа сабақ жоспары:

 

 

Тыныс мүшелеріне мұрын қуысы, мұрын жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және бронхылар жатады. Бұлар ауа тасымалдау жолдары. Тыныс алудың негіз мүшесі - өкпе. Өкпеде газ алмасу жүреді.

Мұрын қуысының барлық ішкі беті 100 см2. ол тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен жабылған  және қан тамырларына бай келеді.  Тамырлармен аққан  қан дем алған ауаны  денее температурасына дейін жылытады. Сілтемейлі қабық бөлетін сілемей ауаны ылғалдайды және шаң-тозаң микроорганизмдерді тұтып қалады.

Көмей ауаны жұтқаншақтан кеңірдекке  өткізеді. Ауыз қуысындағы мүшелермен бірге  көмей дыбыс түзу және айқын сөйлеу  қызметін  де атқарады.

Көмей – іші қуыс түтік, ол мойынның алдыңғы бөлігінде IV-VI мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. Көмейдің қабырғасы сіңір және бұлшық еттермен жалғанған бірнеше шеміршектен тұрады. Ең ірі шеміршек – мойынның алдыңғы бетіне шығып қалқанша шеміршегі. Көмейдің дыбыс сіңірлері мен көмей қақпашығынан басқа бөлігінің ішкі беті тербелмелі эпителийлі сілемейлі қабықпен қапталған.  

Кеңірдек - ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм,  өңештің алдында орналасқан түтік. Кеңірдектің  қабырғасы оның қабысып қалуына  кедергі  келтіретін  шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Кеңірдектің артқы жұмсақ  қабырғасы өңешке жанасады да, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. Кеңірдектің ішкі беті  тербелмелі  эпителиймен қапталып, клегейлі бездерге өте бай келеді.

Бронхылар оң және сол жақ өкпеге кіреді, содан кейін өкпеде тармақталып, бронхы ағашын түзеді. Ең ұшындағы жіңішке бұтақшалары бронхылар  деп аталады да, альвеолалармен аяқталады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Тыныс алудың маңызы қандай?
    2. Тыныс жүйесі мүшелерін ата?
    3. Тыныс алу дегеніміз не?
    4. Мұрын қуысының құрылысы мен қызметі қандай?
    5. Дыбыс сіңірлері қайда орналасқан?
    6. Шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады?
    7. Бронхиола деген не?

Үйге тапсырма: 39 оқу. Сәйкестік тестісін орындау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Мұрын. Тыныс алу мүшесі. Өкпе.
Тынысалу жүйесі. Тынысалу мүшелерінің құрылысы. Өкпенің құрылысы мен қызметі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гу
Тынысалу мүшелері
Тыныс алудың маңызы Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Өкпедегі және ұлпадағы газ алмасу
Қанайналым. Қанайналымның үлкен және кіші шеңберлері
Асқорыту мүшелерінің құрылысы
Бөлім: Уроки / Биология | Көрсетілім: 6721 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык