Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Биология |
Көрсетілім: 6421 |
|
|
|
Қызықты биология
Қызықты биология
Сабақтың тақырыбы: Қызықты биология ашық сабақ
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың сабақта алған білімдерін пысықтау.
- Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты аялауға, қорғауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
- Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, танымдық көзқарастарын дамыту.
- Сабақтың типі: сабақтан тыс сайыс сабағы
- Сабақтың әдісі: ойын, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
- Жаңа технологиясы: Климованың ақпараттық технологиясы
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: мультимедиялық жабдықтар, алдын ала дайындалған слайдтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- 1.Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- 2. Сыныпты 2 топқа бөліп топтың атын, мақсатын таныстыру.
ІІ. Сайыс барысы. Сайыс барысы 3 кезеңнен тұрады.
І кезең. «Жұмбақтар» сайысы.
2 топ мүшелері берілген жұмбақтардың шешуін тауып, ұпай жинайды.
Әрбір жұмбақтың дұрыс жауабы 10 ұпайға тең келеді.
1. «Қарапайымдылар» тақырыбына берілген жұмбақтар.
- Тұщы су оның тұрағы,
Өзгеріп пішіні тұрады.
“Аяғының” саны көп,
Бірақ, жоқ оның құлағы.
(жауабы...)
- Жасушаны тұщы судан алып қара,
Ерінбей ядросын дұрыс сана.
Пішіндері әртүрлі болғанымен,
Саны олардың көп емес, ... ғана.
(жауабы...)
- Левенгукке Алла сыйлап бір бақты,
Үлкейтетін құрал ойлап ол тапты.
Шынысы бар біреу ғана құрсаулы,
Бірнеше есе үлкейтеді ол затты.
(жауабы...)
- Жасушаның кей түрінде болады,
Бірте-бірте іші суға толады.
Артық суын сыртқа төгіп
болған соң,
Қайтадан ол тұщы суды сорады.
(жауабы...)
- Жасушаның кей түрінде болады,
Бірте-бірте іші суға толады.
Артық суын сыртқа төгіп
болған соң,
Қайтадан ол тұщы суды сорады.
(жауабы...)
- Қалың қабық жасушаны қаптайды,
Сол арқылы тіршілігін сақтайды.
Желмен, сумен басқа жерге таралар,
Түпкілікті бір орнында жатпайды.
(жауабы...)
- Көзшесімен жарықты ол сезеді,
Талшығымен судың ішін кезеді.
Ас қорыту вакуолі болмайды,
Тереңірек ойланып көр ол жайлы.
(жауабы...)
2. «Ішек қуыстылар» тақырыбына берілген жұмбақтар.
- Бағана пішін, қалың табан – түр басқа,
Жылжымайды, бекінеді жартасқа.
Бір орнынан табылады керегі,
Өзі келіп ауызға түсер қорегі.
(жауабы...)
- Бұл жасуша қорек ұстар құралы,
Сыртқы қабат оның-дағы тұрағы.
Жауы келсе жақын тартып жанына,
Жіпшесімен дәлдеп тұрып “ұрады”.
(жауабы...)
- Тұщы суда мекен етіп тұрады,
Өзі жыртқыш, жемін аулар қырағы.
Табаны бар – бұл белгісі келесі,
Іші қуыс, қос қабатты денесі. (жауабы...)
- Жасушалар атпалы – өлтіреді өз жауын,
Бұдан басқа көп жасуша өз алдына бір қауым.
Неше түрлі жасушадан құралған,
Дәл тауып айт, сыртқы қабат атауын.
(жауабы...)
- Тітіркену – тіршіліктің өзегі,
Сол арқылы бәріне де төзеді.
Денесіне тиіп кетсе бір нәрсе,
Бұл жасуша оны бірден сезеді.
(жауабы...)
- Пішіні оның қолшатырға ұқсаған,
Еркін жүзу тән қасиет дәл соған.
Жиегінде бар көптеген шашағы,
Қуыстағы суын артқа шашады.
(жауабы...)
- Ұқсайды ол бұтағы көп ағашқа,
Көрінеді көзге ерекше оғаш та.
Бірақ тағы ағаш емес жануар,
Ойлан-дағы шешуін сен тауып ал.
(жауабы...)
ІІ кезең: Сөзжұмбақтар сайысы
Барлығы 4 сөзжұмбақ беріледі. 2 топтың әрқайсысы 2 сөзжұмбақтан шешеді. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға тең.
1. “қарапайым біржасушалылар” сұрақтары:
1. Кірпікшелі кебісшенің ядро саны (екеу).
2. Пішіні тұрақсыз біржасушалы қарапайым (амеба)
3. Біржасушалылардың қолайсыз жағдай туғанда қорғану үшін түзетін заты (циста)
4. Біржасушалылардың көбею жолы (бөліну)
5. Бақа ішегінің артқы ұшында тіршілік ететін көп ядролы, біржасушалы қарапайым (опалина)
6. Біржасушалы қарапайымдардың негізгі қорегі (бактерия)
7. Амеба цитоплазмасының ішкі қабатының атауы (энтоплазма).
2. “Ішекқуыстылар” сұрақтары:
1. Гидраның мекен ортасы (тұщы су)
2. Гидраның сыртқы және ішкі қабаттарының арасындағы қуысты толтырып тұратын желім тәрізді іркілдек зат (мезоглея)
3. Гидра денесіндегі жиырылу қызметін атқаратын жасушаларының аты (етталшықты)
4. Гидраның асқорыту қуысын астарлап жатқан қабаты (энтодерма)
5. Гидра денесінің сыртын қаптап жауып жататын қабат (эктодерма)
6. Гидраның жыныссыз көбею жолы (бүршіктену)
7. Гидраның ауыз тесігінің айналасында орналасқан қорегін ұстауға қатысатын өсінділердің аты (қармалауыш)
8. Алғашқы көпжасушалы ағзалар типінің атауы (ішекқуыстылар)
3. “Гидра” сұрақтары:
1. Гидраның дене пішіні сақталатын орта (су)
2. Гидраның қорғануға, қорегін аулауға қолданатын жасушаларының аты (атпа)
3. Ең алғашқы көпжасушалы ағзалар (гидра)
4. Гидра денесінің затқа бекінетін жағының атауы (табан)
5. Гидраны алғаш туысқа жатқызған ғалым (Линней)
6. Ішекқуыстылардың пішіні қолшатырға ұқсайтын өкілі (медуза)
7. Ішекқуыстылардың теңіздерде арал түзетін түрі (маржан)
8. Маржан полиптерінің ішінде жеке тіршілік ететін өкілі (актиния)
9. Гидраны ең алғаш тауып сипаттаған ғалым (Трамбле).
4. “Мезоглея”сұрақтары:
1. Ішекқуыстылардың бір тобының аты (медуза)
2. Ішекқуыстылар денесінің сыртқы қабаты (эктодерма)
3. Ішекқуыстылар денесінің ортаңғы қабаты (мезодерма)
4. Ішекқуыстылар дамуының бір орынға бекініп тіршілік ететін кезеңі (полип)
5. Ішекқуыстылардың тұщы суда кездесетін түрі (гидра)
6. Ағзаның жүйке жасушалары арқылы сыртқы ортаның әсеріне қайтаратын жауап реакциясы (рефлекс)
7. Ішекқуыстылар денесінің ішкі қабаты (энтодерма)
8. Ішекқуыстылардың теңізде бір затқа бекініп тіршілік ететін түрі (актиния).
ІІІ кезең: Топтық жұмыс
2 тапсырма беріледі.
1- тапсырма кестені тотыру,
2-тапсырма суретпен жұмыс.
Жеребе алу арқылы әр топ өзіне түскен тапсырманы орындайды.
Жауап толық дұрыс берілсе 20 ұпай, толық емес жауап 10 ұпайға тең
Қорытынды. Сайыстың 3 кезеңі бойынша 2 топтың ұпай саны есептелініп, жеңімпаз анықталады. Сайысқа қатысқан оқушылар марапатталып, сабақ аяқталады.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |