Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Энергия. Энергияның сақталу заңы.


Энергия. Энергияның сақталу заңы.

Энергия. Энергияның сақталу заңы.

Cабақтың тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу заңы.

Мақсаты: Энергия туралы түсініктерін тереңдету.

-  «Күй» ұғымын қалыптастыру.

-  Күй параметрлерімен таныстыру.

 -   Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.

 -   Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау. Білімдік  мақсаты: Оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материялын  өңдеудің жекеленген тәсілдері арқылы жұмыс істей білуге үйрету.

Дамыту мақсаты: Есте қалдыру, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: Ғылыми дүниетанымын арттыру, алған білімді өмірде пайдалана білу, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру.

Түзетушілік мақсаты: жаттығулар жасату арқылы, көз жанарын сақтау.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, доп, серіппе, жүктер жиынтығы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

Үй тапсырмасын сұрау.

Кроссвордты шешу:

1. Зымыран қалай қозғалады?

2. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

3. Реактивті қозғалысқа мысалдар келтір?

4. Реактивті қозғалыс жылдамдығы қандай шамаларға байланысты?

5. Ғарышты зерттеудегі қандай шамаларға байланысты?

Қызығушылықты ояту.  

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа қатысуы, даярлығы, шағын топтарға бөлініп отыруы.

Металл шардың жоғарыдан төмен түсіп келе жатқан суреті көрсетіледі.

Тапсырма: Дененің күйі, жағдайы қалай өзгереді?

Серіппеге ілінген жүктің қозғалысы.

Мағыныны тану. Негізгі тапсырма жазылған қағаздар әр топқа бөлініп беріледі. Әр топ оқушысы берілген тапсырма мәтінімен танысады.

І-топ тапсырмасы: Сіз, күйлі - қуаттысыз ба? Энергия – қандай ұғым? Механикалық күй дегеніміз не?

ІІ-топ тапсырмасы: Механикалық энергия дегеніміз не? Механикалық энергияның қандай түрлері бар?

ІІІ-топ тапсырмасы: Толық механикалық энергия деп нені айтамыз? Энергияның сақталу заңының мәнісі неде?

Топты құрастыру: Жұптаса отырып шағын топ ішінде тапсырманы талдау, бір-біріне айтып беруі, дайындығы.

Әлеуметтендіру (социология) кезеңі:

a) Оқушылардың  алған тапсырмасы бойынша араласып отыруы.

ә) әр топтан келген оқушы өз білімін ортаға салып, топ ішінде толық әңгіме құрастыру.

Энергия – дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т.б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.

Күй - дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы. Механикада дененің  механикалық күйі сөз болады.

Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:

1. Дененің берілген уақыт мезетіндегі орны.

2. Дененің  қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.

     Олай болса, бұл - нүктенің қайсыбір уақыт мезетіндегі  координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады. Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама -механикалық энергия деп аталады.

     Механикалық  энергия деп дененің механикалық жұмыс істей алу қабілетін айтады. Энергияның өлшем бірлігі –  Е, Дж(Джоуль).

     Қозғалыстағы дененің энергиясы - кинетикалық энергия деп аталады.     

     Денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты энергия - потенциялық энергия деп аталады.

Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциялық энергиясы болады. Мұндай денелер тұйық жүйе деп аталады. Соқтығысқан шарлардың, «ЖЖС - Жер», серіппеге ілінген жүктің тербелісі, жоғары лақтырылған шардың, доптың жоғары - төмен қозғалуы кезіндегі энергияның түрленуін мысалға қарастыруға болады (сурет бойынша).

Жүйенің  толық энергиясы тұрақты болады:

                                   Етолық= Еk+ Ep=const(тұрақты)    

     Энергияның сақталу заңы былай тұжырымдалады: табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, жоқтан пайда болмайды, ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

     Қорыта айтқанда, механикалық жұмыс - ол энергия өзгерісі, ал кез келген энергиясы бар дене жұмыс істей алмайды. Ол жұмыс істеу үшін, энергия өзгеруі қажет. Жұмыс пен энергия арасында қандай байланыс бар? Аталған жағдайдың қайсысында потенциялық, қайсысында кинетикалық энергия туралы сөз болады: иілген серіппеде; соққан желде; сарқырамадан құлап аққан суда; сығылған ауада; үй шатырының шетінде жатқан таста?

Ой толғаныс: а) Венн диаграммасын толтыру.

Білімді  бекітуге  арналған  тапсырмалар:

Дененің  толық  механикалық  энергиясы  дегеніміз  не ?

Толық  механикалық  энергияның сақталу  заңы  қалай тұжырымдалады?        

 

                                         Анықтама  кестесі:

р/с

физикалық шаманың

атауы

белгіленуі

формуласы

өлшем бірлігі

1.

Дене импульсі      

 

 

 

2.

Күш импульсі      

 

 

 

3.

Күш жұмысы      

 

 

 

4.

Ауырлық күші      

 

 

 

5.

Серпімділік күші      

 

 

 

6.

Кинетикалық энергия

 

 

 

7.

Потенциалдық  энергия

 

 

 

 

Көзге арналған жаттығулар: слайд арқылы.        

Деңгейлік есептер:

1. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есепте. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с

2. Массасы 2 кг дене жер бетінен 30 м биіктіктен түседі. Дененің 15м және жерге келіп түскендегі кинетикалық энергиясын есепте

I-деңгей: 1. Жер  бетінен  3,5 м  биіктікке  көтерілген  массасы  6 кг  дененің  потенциалдық  энергиясын  анықтаңыз.

2. 9 м/с  жылдамдықпен  қозғалатын  6 кг  дененің  кинетикалық  энергиясы неге  тең ?

II-деңгей: 1. Қатаңдығы  10 4 Н/м  серіппе  3 см-ге  сығылғанда  оның  потенциалдық  энергиясы  қалай  өзгереді ?

2. “Союз” сериялы ғарышкеменің массасы 6,6т болса, оның орбита бойымен  7,8 км/с жылдамдықпен қозғалғандағы кинетикалық энергиясы қандай?

III-деңгей: Массасы 4 кг еркін түсіп келе жатқан дененің жылдамдығы жолдың бір бөлігінде 2-ден 8 м/с – қа дейін артты. Осы жолдағы ауырлық күшінің жұмысын табыңдар.

 

Есептер шығармас бұрын: алгоритм «Формуланы түрлендіру»  

1. Формуланы пропорция түрінде жаз.

2. Пропорцияның негізгі қасиетін пайдаланып, жол түрінде жаз.

3. Белгісіз көбейткішті тап.

4. ЖБЖ  кестесін  толтыру.  

білетінім

үйренгенім

 

 

8. Үй тапсырмасы: §22-23 оқу 19-20-жаттығу.   


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы
Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформациялан денелердің потенциалдық энергиясы
Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы
Энергия
Физика пәнінен формулалар жинағы
Энергия тарауын қайталау
Энергия. Энергияның сақталу заңы.
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 8405 | Қосты: Кулова Сандуғаш Дюсеновна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык