Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Кинематика және динамика негіздерін қайталау


Кинематика және динамика негіздерін қайталау

Кинематика және динамика негіздерін қайталау

Сабақтың тақырыбы: Кинематика және динамика негіздерін қайталау

Мақсаты:

а) Білімділік: “кинематика” және “динамика” тарауындағы негізгі физикалық ұғымдарды қайталап еске түсіру және оларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету

ә) Дамытушылық: оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін, белсенді сөйлеу қорын, есте сақтау қабілеттерін дамыту

б) Тәрбиелік: оқушылардың белсенділігін арттыру, өз бетімен ізденуге, оқуға  тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта, арбаша, таразы, секундомер.

Сабақтың  түрі:қорытындылау, білімді жинақтау сабағы.

Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Сабақтың  барысы

Ұйымдастыру кезеңі.

1. Викториналық сұрақтар
2. “Кім шапшаң?” тест тапсырмасын орындау
3. Қорытындылау тарау бойынша есептер шығару
4. Бағалау
5. Үйге тапсырма беру

  1. Викториналық сұрақтар.
  2. Кеңістікте белгілі пішіні мен нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды? (дене)
  3. Дененің немесе материалық нүктенің санақ денесімен салыстырғандағы қозғалысы кезінде сызық түрінде қалдырған ізі қалай аталады? (траектория)
  4. Механикалық қозғалыстарды сипаттайтын шамалар арасындағы байланысты қарастыратын бөлім (кинематика)
  5. Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар не деп аталады? (векторлар)
  6. Жылдамдықтың өзгеру шапшандығын сипаттайтын шама (үдеу)
  7. Ортаның кедергісі болмаған кездегі денелердің түсуі (еркін түсу үдеуі)
  8. Периодқа кері шама (жиілік)
  9. Денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі (динамика)
  10. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты? (Ньютон)
  11. Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі (салмақсыздық)

2.«Кім шапшаң?» тест тапсырмасын орындау.

1. Берілген шамалардың қайсысы скаляр шама болып табылады?

А) үдеу    Б) период   В) уақыт   Г) жылдамдық

2. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын көрсететін физикалық шама?

А) орын ауыстыру   Б) жылдамдық    В) үдеу    Г) күш

3. Траектория дегеніміз не?

А) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді

Б) дененің жүрген жолы

В) дененің кеңістіктегі жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызық

4. “Кинематика” сөзі қандай мағына білдіреді?

А) траектория   Б) сызық   В) еркін түсу үдеуі    Г) қозғалы

  5. Бірінші ғарыштық жылдамдық:

А) 7,9 км/с   Б)11,2 км/с    В) 7,8 км/с

6. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?

А) Галилей     Б) Ньютон    С) Архимед

7. Ньтонның екінші заңы:

8. Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы

А) салмақсыздық     Б) дененің салмағы     В) асқын салмақ

  1. ненің формуласы?

А) Ньютонның екінші заңы      Б) Бүкіләлемдік тартылыс заңы

В) Ньютонның үшінші заңы

 3. Есептер шығару.       

vАвтомобиль орнынан қозғалған сәттен-ақ      тұрақты үдеуге ие болады. Ол қанша уақыттан кейін 54км/сағ жылдамдық алады?

v36км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан троллейбус тежелгеннен кейін 4с ішінде тоқтайды. Тежелу басталғаннан кейін ол қандай тұрақты үдеумен қозғалады?

vМассасы 3кг дене 4м/с жылдамдықпен қозғалады. Дененің кинетикалық энергиясын табыңдар

vҮлкен мұз кесегінің салмағы 9кН. Мұздың массасын табыңдар

vМассалары 20кг және 15кг қандай да бір дене қозғалып келе жатыр. Жердің радиусы   Жерге тартылу күшін табыңдар.

vМассасы 5кг дене 7м биіктікте тұр. Дененің потенциалдық энергиясын табыңдар.

4. Бағалау.

5. Үйге тапсырма: И.Ньютон туралы реферат жазу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
9 сыныпқа ОЖСБ дайындық тесттер
Дененің импульсі. Импульстің сақталу заңы
Күш. Деформация
Қозғалыс заңдарын қорытындылау
Кинематика негіздері
«Физика және табиғат» физикалық сайыс
Динамика негіздері тарауын қайталау
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы
Физика пәнінен формулалар жинағы
Энергия тарауын қайталау
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 7255 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык