Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Молекулалық физика тарауын қайталау


Молекулалық физика тарауын қайталау

Молекулалық физика тарауын қайталау

Сабақтың тақырыбы: Молекулалық физика тарауын қайталау

Сабақтың мақсаты:

БілімділікОқушылардың молекулалық физика тарауым бойынша білімдерін пысықтап, формуланы дұрыс  қолданып есеп шығара білуге үйрету.

Дамытушылық: Формулаларды қолдана отырып есеп шығара білуге үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, ұзақ есте сақтауын қадағалау.

ТәрбиелікОқушылардың еңбек ету қабілетін жетілдіру, пәнаралық байланысты арттыра отырып теориялық білімін практика жүзінде қолдана білуге , өз бетінше іздене білуге тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: формулалар, тірек сызбасы бар плакаттар, интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: химия, математика

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  2. Үй тапсырмасын тексеру
  3.  «Ойлан тап!» ойыны
  4. Физикалық диктант
  5. Есептер шығару
  6. Қорытынды тест жұмысы
  7. Оқушыларды бағалау
  8. Үйге тапсырма беру
  9. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын, кабинеттің және олардың сабаққа дайындығын тексеру.
  10. Қайталау сұрақтары:
  11. МКТ-ң негізгі қағидаларын ата?
  12. Салыстырмалы молекулалық масса дегеніміз не?
  13. 1 моль деп нені айтады?
  14. Броундық қозғалыс дегеніміз не?
  15. Газ тәрізді сұйық және қатты денелердің айырмашылығы неде?
  16. Идеал газ деп қандай газды айтады?
  17. Термометрлердің қандай түрлері бар?
  18. Термодинамикалық параметрлер дегеніміз не?

«Ойлан тап!» ойыны. Оқушылардың молекулалық физика тарауы бойынша формуланы есте сақтау қабілетін тексеру.

Физикалық шамаларды және өлшем бірліктерді есте сақтау үшін, изопроцестерді есте сақтау үшін жаттығу жүргіземін.

Оқушыларға физикалық шаманы айтамын, олар өлшем бірлігін айту керек неме керісінше.

Р-Па,  V- м3,T–К,   W-Дж,    v-моль,   M-моль/кг

P=const   изобара     V/T= const  Гей- Люссак заңы

V=const   изохора     P/T= const   Шарль заңы

 T=const    изотермия  pV=const   Бойл- Мариот заңы

Енді физикалық формуланы еске түсіріп болсақ,  физикалық диктант жазамыз.

  1. Физикалық диктант

1-   нұсқа

2-нұсқа

1

Салыстырмалық молекуланың формуласы

Мольдік массаның формуласы

2

Зат мөлшерін молекула массасы арқылы жаз

Зат мөлшерін молекула саны арқылы жаз.

 

3

МКТ-ң негізгі  теңдеуі

Менделеев- Клайперон теңдеуі

4

Больцман тұрақтысының мәні неге тең?

Универсал газ тұрақтысы неге тең?

5

Орташа кинетикалық энергияның формуласы

Молекула қозғалысының орташа  жылдамдығы

6

Авогадро заңы

Газ қысымының кинетикалық энергиямен байланыс формуласы

7

Зат мөлшері, қысым,тығыздықтың өлшем бірліктерін жаз

Температура, көлем, мольдік массаның өлшем бірліктерін жаз

  1. Есептер шығару

Деңгейлік тапсырмалар

1-   Деңгей

  1. Температурасы 120С , сыйымдылығы 25л баллондағы сығылған ауаның массасы 2кг болса, оның қысымы қандай?
  2. Массасы 8кг қорғасында қанша зат мөлшері бар?

2-   Деңгей

  1. 25г азотта қанша молекула  бар?
  2. Көлемі 0,2л колбада 3*1022 гелий атомы бар. Колбадағы газдың қысымын 105Па деп алып, әрбір атомның орташа кинетикалық энергиясын табыңдар?

3-   Деңгей

  1. Егер газдың бір молекуласына 5,56*105 су молекуласы сәйкес келсе, онда көлем 0,5л бөтелкедегі лимонадта СО2 көмірқышқыл газының қандай массасы ерітілген?

2.  Суретте көрсетілген процесті VT және PT

Диаграммаларында өрнектеңдер.

Зат – идеал газ.

  1. Қортынды тет тапсырмасы

1-нұсқа

  1. Массасы 200г судың құрамындағы заттың мөлшері:

А) 9моль  В) 12моль  С) 6моль  Д) 11моль  Е) 10моль

  1. Больцман тұрақтысының мәні:

А) 1,38*1023Дж/К  В) 1,38*10-23Дж/К  С)1,38*1022Дж/К

Д) 1,38*1021Дж/К  Е) 1,38*1025Дж/К

3. Молекула- кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын көрсетіңіз

А) зат бөлшектерден тұрады, олар ретсіз қозғалады

В) барлық денелер молекуладан тұрады, олар бір- бірімен әсерлеседі  С) зат бөлшектерден тұрады, бұл бөлшектер бейберекет қозғалады, бөлшектер бір- бірімен өзара әсерлеседі

Д) барлық бөлшектер молекуладан тұрады, олар температурамен байланыста болады Е) бөлшектер өзара әсерлеседі

4. Ыдыста 3моль сутегі газы бар. Ыдыстағы сутегі молекулаларының саны

А) 2*1023  В) 18*1023    С) 6*1026  Д) 1018  Е) 1023

5. Изохоралық процесс кезінде өзгеріске ұшырайтын шамалар

А) p   V  T      В)  PVm   С)VT   Д)PV     Е)PT   

  1. 50 моль көмір қышқыл газының массасы    (М-(СО2)-44*10-3кг/моль)

А.)2,2кг   В) 220кг   С) 2200кг   Д)0,22кг   Е) 22кг

7. Қысымы тұрақты болғанда газдың көлемі 2есе артса, бұл жағдайда газдың температурасы:

А) 2есе кемиді    В) 2есе артады  С) 4есе кемиді  Д) 4есе артады  Е)өзгермейді

8. Графикте берілген процестер

А) 1-2- изобаралық   В) 1-2-изохоралық  С)1-изотермиялық

2-изобаралық  Д) 1-изобаралық  2-изохоралық  Е) 1-2-изотермиялық

  1. Ыдыста 5,418*106 оттек молекулалары бар. Ыдыста мольмен алғанда қанша зат мөлшері бар?

А) 9моль  В) 90моль   С) 900моль   Д) 0,9моль  Е)500моль

10. 470С температурадағы 105 гелий атомдарының кинетикалық энергиясын табыңдар.

А) 6,62*10-16Дж   В) 66,2*1016Дж   С) 662*1015Дж   Д) 0,662*109Дж  Е)62Дж

2-нұсқа

  1. Массасы 5,4кг-ға тең алюминий құймадағы заттың мөлшері қандай

(М-(АІ-27*10-3кг/моль)

А) 300моль  В)100моль   С) 200моль  Д) 250моль  Е) 150моль

2. Авогадро саны неге тең?

А)6,02*10-23моль  В) 6,23*1032моль  С) 6,02*109моль-1  Д) 602*10-25моль

Е) 6,02*1023моль-1

3. Егер сутегі молекуласының массасы 3,3*10-27кг, ыдыстағы қысым 4*104Па –ға тең, орташа жылдамдығының квадраты 2,5*105м22 болса, онда сутегі молекулаларының концентрациясы:

А) 1,5*10-26м-3, В) 1,45*1026м-3 С) 1,5*1020м-3  Д) 145*1026м-3  Е) 200м-3

4. Егер аргон газының температурасы 270С болса, онда оның атомының орташа кинетикалық энергиясы (к=1.38*10-23Дж/К)

А) 6*1021Дж    В) 6,21*10-21Дж   С) 35*10-23Дж  Д)621Дж   Е) 276*10-23Дж

5. Идеал газ күйінің теңдеуі( Менделеев- Клайперон теңдеуі)

А) р=nkT   В)   p=2nE/3   С)  pV=const   Д)  pV=mRT/M  Е)  p=1m0nv2/3

6. 44г СО2 құрамындағы молекулалар саны (М(СО2)-44*10-3кг/моль)

А) 6*1029    В) 6*1026   С) 6*1023  Д) 12*1023  Е) 6*1020

7. Газ қысымы тұрақты болған жағдайда, оның көлемі 5есе артатын болса, онда сол газдың температурасы

А) 5есе кемиді    В) 5есе артады   С) 10сес артады   Д)25 есе кемиді  Е) 10есе кемиді

8.Суретте кескінделген процесті анықтаңыз

А) изохоаралық  В) изобаралық С) адиабаталық    Д)изотермиялық Е)жылулық

9 270С температурада гелий молекулаларының жылулық қозғалысының кинетикалық энергиясы 10Дж. Гелийдің молекулалар санын анықтаңдар

А) 1,6*1021    В)1,6*1025  С) 1,66*1020  Д) 1,36*10-6  Е) 1,6*1026

10. Азоттың 200 молінің массасы қандай болады?

А) 56*10-5кг   В) 5,6*103кг   С) 56*105кг   Д) 5,06*106кг   Е) 0,56кг

7. Үйге тапсырма  10жаттығу №5,6

8. Оқушылар бағаланып, Сабақ қорытындыланады


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Зат мөлшері.Молярлық масса.
ІІ-тарау бойынша тексеру жұмыстары
№1 бақылау жұмысы
Идеал газ. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі
Молекулалардың өлшемі мен массасы. Молекулалар саны. Зат мөлшері. Молярлық масса
«Идеал газ күйінің теңдеуі» тақырыбына есептер шығару
Молекулалар массасы мен өлшемі
Молекулалық физика негіздері
Физика пәнінен формулалар жинағы
Бөлім: Уроки / Физика | Көрсетілім: 19180 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык