Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Атмосфераның маусымдық церкуляциясы


Атмосфераның маусымдық церкуляциясы

Атмосфераның маусымдық церкуляциясы

Сабақтың тақырыбы : Атмосфераның маусымдық церкуляциясы

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қазақстан территориясындағы атмосфералық алмасудың маусымдық өзгерісінің ерекшелігі оның таралуы туралы білім беру.

Дамытушылығы: Географиялық білімділік кеңейту проблемалық сұрақтарға жауап іздей отырып логикалық ойлау қабілетін дамыту, оқиғаларға өз бетінше талдау жасай білуде үйрену.

Тәрбиелігі: Отанға деген сүйіспеншілігін сезімін тәрбиелеу, адамгершілікке, азаматтыққа тәрбиелеу, патриоттық рухта тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,проблемалық сұрақтар

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның климаттық картасы,суреттер

Сабақтың барысы:  I.Ұйымдастыру кезеңі .

                                        а) Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.

                                        ә) Сабаққа дайындығын тексеру

                                        б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

                                 II.Үй тапсырмасын сұрау

                                 III.Жаңа сабақ

Қазақстанның климаты шұғыл континетті келеді,оның солтүстік аймағының қысы суық,жазы қоңыржай,ал оңтүстігінде қыс онша қатты болмайды,жазы ыстық қуаң.Ол температураның тез ауысуынан,ауаның құрғақ болып,жауын-шашынның аз түсуінен байқалады.Жалпы климаттың қалыптасуына географиялық ендік,күн радиациясымен қатар атмосферада жүріп жататын күрделі үрдістер әсер етеді.Қазақстанның климатына Солтүстік мұзды мұхит үстінде қалыптасатын арктикалық ауа массалары,көктемнің соңғы,жаздың алғашқы айларында бау-бақшаға үсік әкеледі.орта Азия үстінде қалыптасатын тропиктік ауа массасы жаз айларында Қазақстан жерінде температурасы жоғары,өте құрғақ ауа райын қалыптастырады.Қазақстан климатына Азия антициклонының әсері мол.Қазақстанның аумағына бүкіл қыс бойы антициклонның өрісі басым болады.Желтоқсан,ақпан айларында антициклонның өріс барлық күндердің 60-70 % құрайды.Қыс кезінде Орталық Азияда қалыптасатын антициклонның әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып,жер беті суып,аязды ауа-райы орнайды.Сондықтан Қазақстанда Сібірдің қысы,Азияның жазы болады.

                                     IV.Жаңа сабақты бекіту

а﴿Қарама – қарсы сұрақтар:

1          Тропиктік ауа масасы  Қазақстанның қай облыстарын қамтиды? (Қызылорда,  Оңтүстік  Қазақстан,  Жамбыл, Алматы)

2          Солтүстік  мұзды  мұхит ауа массасы Қазақстанға қалай  өтеді? (Кедергісіз)

3          Тропиктік ауа массасы  Қазақстанға қай жерден келеді?

 (Орта Азия,  Ирак)

4          Тыңық  мұхиты мен Үнді мұхитыңың ауа массалары  Қазақстанға  не себепті жетпейді?

(Биік таулар кедергі болып тұр)

5          Қазақстан жерінде қыста  ауа қысымының жоғарылау  себебі не? (Арктикалық ауа массасы енуіне байланысты )

ә﴿Проблемалық сұрақтар:

  1. Қазақстанның онтүстігі мен онтүстік шығысын таулар алып жатыр.

Егер бұл таулар Қазақстанның солтүстігінде еңдік бойынша орналасса, біздін еліміздің климаты қалай өзгерер еді?

(климат жылырақ болар еді, себебі, арктикалық ауа массалары еркін өте алмас еді)

  1. Қазақстанның солтүстігінде қыс салқын және ұзағырақ. Оңтүстік аудандарда егін салып жатқан кезде, солтүстікте боран соғып жатады. Бұл біздің жеріміздің солтүстіктен онтүстікке 150  ендікте созылып жатуына байланысты. Сіздін ойыңызша, Батыс Қазақстан облысының климатының Шығыс Қазақстан облысының климатынан айырмашылығы бар ма?

(Шығыс Қазақстан облысының климатының континенттілігі Батыс Қазақстан облысының климатына қарағанда артық, себебі, Шығыс Қазақстан облысы Евразия материгінін ортасында орналасқан және жер бедері биік, солтүстік Атланттың жылы ауа массаларының әсері аз).

  1. Елімізде Қызылқұм шөлінің бір бөлігі жатыр. Бұл жер бетіндегі ең ыстық жер. Солтүстік полюс – ұшы- қиыры жоқ, күшті борандар мен жел, аяз соғатын жер. Солтүстік  полюстің  температурасы  Қызылқұм шөлінің температурасына қарағанда  жоғары болатын кез бола ма?

(Болады, себебі, шөлді жерлерде температура түнде шұғыл төмендейді. Температураның тәуліктік айырмасы 300С-қа жетеді, кейде -80Сболатын кездері болады. Ал, шілде айында Солтүстік полюсте температура 00С-тан жоғары. Сондықтан Солтүстік полюсте Қызалқұм шөліне қарағанда жылырақ кез шілде айында ).

  1. Қазақстанда неліктен «Сібірлік аяз», «Орта Азиялық жаз» болады?

(Қысы өте суық, жазы өте ыстық)

б﴿Картамен жұмыс

Қазақстанынң климатын кескін артаға түсіру.

          V.Бағалау

VΙ.Үйге тапсырма.Кескін картамен жұмысты аяқтау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Географиялық белдеу және табиғат зоналары
Атмосфераның циркуляциясы. Ауа массалары. Ауаның қысымы
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың климаты
Климаты
Климаты
Атмосфераның жалпы циркуляциясы. Ауа массалары
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5108 | Қосты: Гүлдана Бекболатова | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык