Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ауа температурасы мен қысымының таралуы


Ауа температурасы мен қысымының таралуы

Ауа температурасы мен қысымының таралуы

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларды ауа температурасы мен қысымен таныстыра отырып түсінік беру

2. Дамытушылық: Ауа температурасын карта бойынша кестені оқу, білу және қысымды анықтау

3. Тәрбиелік: Оқушыларды өздерінің тұрған жерлеріндегі ауа температурасымен қамтамасыз ету мәселесімен таныстыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Суреттеп түсіндіру

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Дүние жүзінің картасы, климат картасы

Сабақтың жоспары:

Сабақтың кезеңдері

Берілетін уақыт (мин)

1.

Ұйымдастыру

1-2

2.

Үй тапсырмасын сұрау

10-12

3.

Өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыру

2-3

4.

Жаңа сабақты түсіндіру

18-20

5.

Жаңа сабақты бекіту

5-6

6.

Үйге тапсырма беру

1-2

 

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, жоқ оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындалу

Жаңа сабақты түсіндіру:

Жер шарының ауа қабаты – атмосфераның құрамы мен құрылымы.

Жердегі тіршілік үшін әсіресе атмосфераның ең тығыз төменгі қабаты тропосферадағы ауа құрамы мен ондағы жүретін процестердің маңызы зор. Мұнда бүкіл ауаның шамамен 9/10 бөлігі шоғырланған. Тропосферада ауа райының маңызды құбылыстары-бұлт, жаңбыр, қар, бұршақ, жел пайда болып, олар кейде адамзат пен тіршілікке қауіпті апатты жағдайларға-қуаңшылық, су тасқыны, қарлы борандар мен дауылдарға әкеп соқтырады.

Жер шарындағы климаттың қалыптасуы мен таралу заңдылықтарын түсінуде климаттық карталардың маңызы зор.

Климаттық элементтердің таралуы картада изосызықтар арқылы бейнеленеді. Температуралары бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изотермалар, қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобара, жылдық жауын-шашын мөлшері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изогиета деп атайды.

Ауа массалары:

1. Экваторлық – төмен қысым-0ºС

2. Тропиктік – жоғарғы қысым-30ºС

3. Қоңыржай – төмен қысым

4. Антарктикалық – 65ºС

Ауаның әрқашан жоғары қысымды аймақтардан төмен қысымды аймақтарға қарай қозғалады. Сол себепті экватор маңындағы жоғары өрлеген ауа төмен түсе алмай, тропосфераның жоғарғы қабаты арқылы тропиктерге қарай жылжиды. Бірақ қозғалыстағы ауа Жердің өз білігінен айналуынабайланысты шығысқа қарай ауытқиды да, полюстерге жете алмайды. Біртіндеп суынып, ауырлаған бұл ауа 30ºс.е. пен 30ºо.е. маңында төмен бағытталады. Осы себепті екі жарты шарда да тропиктік ендіктерде Жоғарғы қысымды белдеулер қалыптасады. Полюстердегі сияқты мұнда да ауа ағындарының төмендеген қозғалыстары басым болады. Жер бетінде жоғарғы қысымды белдеулерден төмен қысымды белдеулерге қарай ауа ағындары бағытталады, олар тұрақты желдерді қалыптастырады.

Сонымен, жер бетінде жоғары өрлеген ауа ағыны басым аймақтарда төмен қысым, төмендеген ауа ағыны басым аймақтарда жоғарғы қысым белдеулері қалыптасады.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Атластағы климаттық карталарды пайдалана отырып:

a)      Еуразиядағы 60ºш.б. меридианы бойымен;

b)      40º және 50ºс.е. бойынша қандай изотермалар өтетінін анықтаңдар.

  1. Жауын-шашынның жылдық мөлшері қанша болуы тиіс
  2. Қыс пен жазда ауа массаларының желдердің бағытын анықтау
  3. Төменгі ауа массалары нені білдіреді
  4. Қандай белдеуде ауа қозғалысы қалай пайда болады

Қорытынды:  Бүгінгі сабақта, атмосфераның жердегі тіршілігі үшін маңызын анықтадық. Жер бетінде ауа теапературасы мен қысымның таралуын, атмосфералық қысым белдеулерімен таныстық, білдік.

Үйге тапсырма: Атластағы климаттық картаны пайдалану, §6 оқу.      Климаттық картамен жұмыс жасау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физика пәнінен бақылау жұмысы
Ауа массалары мен басым желдер қозғалысы
Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер
Еуразия материгінің климаты
Солтүстік Американың климаты
Климаты
Климаты
Ауа райы
Жауын-шашынның таралуы, климаттық белдеулер және климат қалыптастырушы факторлар
Климаттық белдеулер
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3396 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык