Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы


Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы

Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайы

Сабақ мақсаты: Оқушыларға электрондық сабақ көмегімен Қазақстан Республикасының географиялық орны туралы нақты түсінік қалыптастыру. Республиканың аумағы, шекаралары, әкімшілік аумақтық құрылымы, басқару формасы, Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы түсініктерін дамыту. Қазақстанның дүниежүзі картасындағы алатын орны, шаруашылық салаларының дамуына, географиялық орнына әсері. Отансүйгіштік, ынтымақтастыққа, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын, белсенділігін, ойлау қабілетін әртүрлі білім көздерімен жұмыс жасауды дамыту.

Сабақ әдісі:СТО стратегиялары

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан физикалық, саяси картасы, компьютер, кескін карта, атлас, сызбалар

Сабақтың жоспары:

І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау 5 мин

ІІ. Мағынаны тану 15 мин. Электрондық оқулықпен жұмыс.

ІІІ. Толғаныс.

  1. Тапсырма 5 мин/қайталау сұрақтары беріледі/
  2. Тапсырма 8 мин/электрондық оқулықтағы тапсырмаларды орындайды/
  3. Тапсырма 10 мин/тест/

ІҮ.Қорытынды. 2 мин

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту: (Сыныпты 3-топқ бөлемін)

І.Ой қозғау әдісі

Сұрақтары:

  1. Еліміз қай жылы тәуелсіздік алды? 1991ж
  2. Қазақстан Республикасының мемелекеттік туының авторы кім? Ш.Ниязбеков
  3. 30 тамыз қандай мейрам? ҚР Конститутция күні
  4. БҰҰ – ға ҚР қашан мүше болды? 1992ж 2 наурыз
  5. Елтаңба авторы? Ш.Уалиханов пен Ж.Мәлібеков
  6. Мемлекеттік әнұранның сөзін жазғандар Н.Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев

ІІ. Мағынаны тану.

Элкетрондық оқулықтағы гипермәтіннен Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы мәтінін ашып, оқушылар мәтінімен танысады. (картаны үлкейтіп қарауға болатынын ескертемін) Уақыты: 15 мин

Президентіміз «Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде даму стратегиясы» (мамыр 1992ж) деген еңбегінде Қазақстанның тиімді геосаясаттық жағдайы Европа мен Азия арасын байланыстратын звенолар үшін маңыздыстратегиялық роль атқаратынын атап көрсетті. Бұл ойын Ол Қазақстан халқына жолдауына да жолдады. Қазақстанның әкімшілігі – аумақтық жер бөлінісі 1997 жылға дейін 19 облыстан тұрды. Бюджеттік шығынды қысқарту мақсатымен, аудандар шаруашылығының мамандануын ескере отырып, республика аумағы 14 облысқа біріктірілді. Ақмола 1997 жылы 20 қазанынан бастап, Қазақстан Республикасының  астанасы болды.

1998 жылдың мамыр айынан бастап, Ақмола Астана қаласы деп өзгертілді. Қазақстанның алғашқы астанасы 1920 жылы Орынбор қаласы  болып белгіленді.

1925 жылы астана Қызылордаға көшірілді. Түркісібті салу Астананы Алматыға себепші болған. Заңды түрді 1927 жылы сәуірде, ал шын мәнінде 1929 жылы жүзеге асқан.

ІІІ. Толғаныс:

І тапсырма. Оқушылардың  алған білімдерін тексеру мақсатында сұрақ тапсырмалар беріледі.

І топ сұрақтары.

  1. Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайына сипаттама бер.
  2. Қазақстан шекарасының ұзындығы?
  3. Экономикалық – географиялық тұрғыдан Қазақстанның артықшылықтарын ата.

ІІ топ сұрақтары:

  1. Қазақстанның ХХ ғасырдың бас кезіндегі экономикалық географиялық жағдайы қандай болды.
  2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында.
  3. Физикалық – географиялық жағдайы бойынша  Қазақстанның  орналасқан жері қолайсыз? Себебі?

ІІІ топ сұрақтары:

  1. Қазақстанның алғашқы астанасы.
  2. Астана қай жылы Ақмолаға көшірілді.
  3. Қазақстандағы көмір қоры қанша?

ІІ тапсырма. Электронды оқулықтағы тапсырмалар. /Барлық тапсырма бірдей болады/

  1. Евразия материгі кескін картасына Қазақстан Республикасын дұрыс орналастыр.
  2. Қазақстан Республикасы қандай мемлекеттермен шектеседі? Жауапта көрсетілген  мемелекеттерді орналастыр.
  3. Құрлықта Қазақстанмен қай мемлекет арасындағы шекара ұзын?
  4. Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?
  5. Каспий теңізі жағалауында қандай  мемлекеттер орналасқан. Жауапта көрсетілгенмемлекеттерді дұрыс орналастыр. //Ресей, Қазақстан, Түркіменстан, Иран, Әзербайжан

Тапсырма орындалып болған соң, анықтама бөлімін аштырып тексерту.

ІІІ тапсырма тест: Электрондық оқулықтағы тест жинағы.

  1. Қазақстанның табиғат жағдайы қолайлығы:

а/дүниежүзі мұнай мен газ қорына бай елдердің бірі.   

ә/Жауын шашын мол, мал өсіруге қолайлы, таулы аймақтың көп болуы

б/ Пайдалы қазбаларға бай, жайылымының көп болуы

в/Географиялық орнына байланысты күн сәулесінің мол болуымен жер бедерінің көп бөлігі жазық болып келеді.

  1. Экономикалық  жағдай ы ұғымы:

а/Бұл мемлекеттің материктегі орны, көрші, шектесетін мемлкеттер

ә/елдің аса ірі отын – энергетика және шикізат болуына қарағандағы жағдайы

б/ірі танспорт магистралына қарағандағы жағдайы

в/ Осы аталғандардың бәрі

  1. Қазақстанның экономикалық жағдайының тиімділігі:

а/халық санының көп болуы және 100 аса қлттан тұрады

ә/Дүниежүзі мұхитынан алыс ірі аумақты алып жатыр

б/Экономикасы дамыған елдермен шектесуі және ірі транспорт магистралының болуы

в/ аумақтың жер бедерінің көп бөлігінің жазық алып жатуы және дүнижүзілік мұхитқа щығуы қолайсыз болуы.

  1. Қазақстан мына елдермен  шектеседі.

а/Қытай, Ресей, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан

ә/Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан

б/ Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Ауғанстан

в/ Қытай, Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан

  1. Қазақстан Каспий теңізі арқылы мына мемлекеттерге шыға алады:

а/Ресей, Әзербайжан, Түркіменстан, Иран

ә/Ресей, Қытай, Өзбекстан, Әзірбайжан

б/Қытай, Ресей, Иран, Ирак

в/Ресей, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран

  1. Дүниежүзіндегі ең ұзын шекара , бұл Қазақстанме:

а/Қытай арасында          ә/Ресей арасында                  б/Каспий теңізі арасында

в/Өзбекстан арасында

  1. Қазақстан табиғат жағдайының қолайсыздығы мынада.

а/жер бедері көп бөлігі жазық болып келуі         

ә/еліміздің солтүстік  бөлігі ірі тау жоталарының болмауынан арктикалық ауа массаларының еркін  енуі

б/ Мұхиттардан алыс жер бедерінің көп бөлігі таулы аймақтың алып жатуы

 

Оқушылар тестті өзара тексереді/

ІҮ. Қорытынды:

Оқушыларды мадақтау, бағалау

Үйге тапсырма:

  1. Қазақстанның экономикалық – географиялық жағдайына сипаттама тақырыбын оқу.
  2. Кескін картаға Қазақстанның географиялық орнын түсіріп келу.

Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Туған жерім - Қазақстан
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Орталық Қазақстан
Қазақстан - әлемдегі ірі мемлекеттердің бірі
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Сатушы-консультант, сауда өкілі,мерчендайзер, сауда агенті, сату бойынша менеджер
Шығыс Қазақстан
Шаруашылығының қалыптасу ерекшеліктері. Халқы.
Астана-Қазақстанның бас қаласы
Қазақстанның физико- географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық б
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 8911 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык