Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Еуразияның халқы мен елдері


Еуразияның халқы мен елдері

Еуразияның халқы мен елдері

Сабақтың   білімділік   мақсаты:  Оқушыларға таныс түсініктерді еске түсіру,  жаңа мағлұматтарды талдау, Еуразияның халқы мен елдері  туралы түсініктерді қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық  мақсаты:  Оқушылардың ой - өрісін, зейінін, шығармашылық қабілетін және ауыз екі сөйлеу дағдыларын, логикалық ойлауды, картамен қосымша материалдарды қолдана білуге дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:  Ұжымдық қарым – қатынас, ынтымақтастыққа, бірін –бірін сыйлауға, тыңдай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Еуразияның саяси   және  физикалық картасы, мультимедиялық проектор, суреттер кестелер,  тірек – сызбалар, атлас , оқулық.

Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих, демография.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Шаталовтың тірек сызбалары, сыни тұрғыдан ойлау, өз бетімен жұмыстар.

Сабақтың барысы:  І.Ұйымдастыру бөлімі.

1. Оқушылардың  сабаққа даялықтарын тексеру,  сабаққа мақсат қою.

2. Қызығушылықты ояту

ІІ. Үй   тапсырмасын сұрау.

  1. Тропиктік шөлдерге сипаттама беріңдер?
  2. Уәд дегеніміз не?
  3. Субэкваторлық  белдеудегі зоналар.
  4. Экваторлық белдеудің ылғалды ормандары.
  5. Биіктік белдеулер дегеніміз не?
  6. Шұраттар дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа   сабақты түсіндіру жоспар.

 1.Халқы

 2.Елдері

Адамнан ғылым айла асырмаған.

Ауыл ұлын құлыптап жасырмаған.

Ал, балалар Еуразияның халқы  мен елдерін зертеттеп,

Ашайық ашылмаған сырларды.

Мағынынаны ажырату ( түсіне білу)

1.Еуразия халқының саны, орналасуы, тілдік және ұлттық құралы өте күрделі.

 Материкте 4 млрд – тан  астам халық тұрады.

Нәсіл дегеніміз не?  Қандай нәсілдер  бар, оларды атаңдар?

Нәсілдік құрамы

Нәсілдер 

 Нәсілдердің белгілері

 Таралған аймағы

Еуропалық тектес нәсілдер

Терісі  ақ, көзі көк , қыр мұрынды, ерні жұқа

Еуропа

Монғол тектес нәсілдер

 Терісі сары, шашы салалы, қайратты, жақ сүйегі шығынқы, мұрны тәмпіш, беті жалпақ, көзі қоңыр қиғаш.

Азиялық   бөлікте, түркі тектес халықтар.

Экваторлық нәсілдер

Терісі қара, мұрны жалпақ, ерні қалың, шашы бұйра, жақ сүйегі біркелкі шығынқы.

Шри –Ланка аралы, Үндістанның оңтүстігі.

Тілдік құрамы.

Еуропалықтар: Словян, герман, роман

Азиялықтар:Иран, монғол, қытай –тибет, түрік.

Діндері: Ислам, христиан,  буда.

Біздің заманымызға дейінгі кезеңнің өзінде мұнда Күнге, Айға және Жұлдызға   қарап, бағыт – бағдарды анықтауды білген. Адамзат  тарихындағы құпия толық ашылмаған.

«Әлемнің жеті кереметі» деген атпен белгілі ғаламат ескерткіштерді  бөлді Еуразияның осы аймағында орналасқан.

ІҮ.Бекіту сұрақтары.

  1. Еуразиядағы  халық неге біркелкі қоныстанбаған?
  2. Еуразияның халқы қандай ұлттық және тілдік топтарға бөлінді.
  3. Еуразияда қанша елднр бар?

Ү.Картамен жұмыс

1. Картадан аралда орналасқан мемлекеттерді  көрсетіңдер.

2. Түбекте орналасқан мемлекеттерді көрсетіңдер.

ҮІ. Үйге тапсырма беру. §23

1.Еуразиядағы және жер шарындағы көлемі жағынан  ең үлкен

Мемлекеттерді картадан тауып жазыңдар.

2. Халықының саны жағынан алдыңғы мемлекеттерді кескін картаға түсіру.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Чехия Республикасы
Еуразия климаты
Оңтүстік Американың халқы мен елдері
Еуразия материгінің халқы
Халқы және елдері. Солтүстік Африка елдері
Еуразияның халқы және елдері
Еуразияның халқы және елдері
САРАМАНДЫҚ ЖҰМЫС
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Африка материгінің халқы, саяси жағдайы
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 3687 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык