Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы


Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы

Мақсаты :

Білімділік : Оқушылардың  бойында гидросфера туралы ұғым қалыптастырып, оның маңызын ұғындыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тақырып бойынша алған білім, білік, дағдыларын дамыта отырып, олардың есте сақтау, салыстыра білу, қисынды ойлау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларға  гидросфераның маңызын түсіндіре отырып, экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың әдіс тәсілдері: сөз әдісі (түсіндіру, баяндау т.б) интерактивтік әдіс, салыстыру, топтау әдісі,  өз бетінше оқыту, дамыта оқыту әдістері, ойын элементтерін пайдалану.

Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, түрлі –түсті суреттер, кестелер, нақыл сөз жазылған плакаттар, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар жазылған парақшалар, интерактивтік тақта материалдары.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезең

2.Жаңа сабаққа кіріспе

3.Жаңа сабақты түсіндіру

4.Жаңа сабақты пысықтау

5.Жаңа сабақты бекіту

6. Үйге тапсырма беру

7. Оқушылардың білімін бағалау

Ұйымдастыру кезеңі: сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндеттерін айқындау, сабақ жоспарымен оқушыларды таныстыру.

Негізгі кезең: жаңа сабаққа кіріспе:

Су –тіршілік негізі-деп неліктен айтылған?   

 Су туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?      / оқушылардың түсінігін білу/

Жаңа сабақ- І- бөлім:

Мұғалім сөзі :Жер ғаламшарында ғана су бар екендігін сендер білесіңдер. Балалар, Шолпанда су тек қана газ күйінде, ал Марста тек қана мұз түрінде кездеседі екен.Жер бетіндегі су гидросфераны құрайды.                             Гидросфераға –мұхиттар мен теңіздер,көлдер мен өзендер, бөгендер мен мұздықтар, жер асты сулары мен атмосферадағы ылғал жатады.

Жер бетіндегі тіршілік үшін гидросфераның маңызы зор.

Балалар,  сендер судың қандай маңызы білесіңдер?

/ бірнеше оқушыдан өз ойларын сұрау/

Слад көрсету:

Гидросферадағы барлық судың мөлшері шамамен 1,6 млрд км кв.

Оның 96,5 %  мұхиттар мен теңіздердегі тұзды су. Түщы судың мөлшері 2,5 %;

Тұщы су- барлық тіршіліктің негізі.  / сурет арқылы/

Оқушыларға шағын шығарма жазу тапсырылады. Жақсы жазылған шығарманы оқыту, оқушыны мадақтау.

Топтау әдісін пайдалану арқылы судың қасиеттерін тақтада көрсету

Судың қасиеттерін оқушылар бұрыннан белетін білім негіздерін пайдалана отырып жазып шығады :

1)    судың бір күйден екінші күйге өту қасиеті (сұйық, бу, қатты- мұз, қар)

2)    су жылытқан кезде көлемін ұлғайтады

3)    су суынған кезде көлемін ұлғайтады

4)    су баяу жылынады, да баяу суынады

5)    судың жылу сыймдылық қасиеті жоғары

ІІ- бөлім

Табиғаттағы су айналымы :

Оқушыларға оқулықтан 67 –суреті көрсетіледі. Сұрақ беріледі:

1)    Теңіз бетінен буланған су қайда барады?

2)    Бұлттан теңізге  не түседі?

3)    Бұл айналым қалай аталады?

4)    Су буы қалай тасмалданады?

5)    Тасмалданған су буы жер бетіне жеткен соң, қандай жағдай жүреді?

6)    Жер бетіндегі сулар қайтадан теңізге қалай жетеді?

7)    Табиғаттағы су айналымының қандай түрлерін көріп тұрсыңдар?

Мұғалім сөзі: күн сәулесінің әсерінен мұхиттармен теңіздердің бетінен жыл сайын 450 мың км куб. Мөлшерде су буланады. Жоғары көтерілген су буы салқындап, бұлт түзеді. Оларды жел ылғи бір жерден екінші жерге айдап алып барады. Бұлттардан мұхиттар мен құрлыққа да жауын-шашын  жауады. Мұхит бетінен буланған судың бір бөлігі оған қайта қосылады. Мұны кіші су айналымы-деп атайды.

Құрлық бетіне жауған жауын-шашынның бір бөлігі буға айналып, қайтадан атмосфераға қосылады. Ал екінші бір бөлігі өзенге,  көлге барып қосылады, жерге сіңеді, сол сияқты мұздықтарды да қалыңдата түседі. Ал өзендер құрлық бетімен ағып барып, теңіздер мен мұхиттарға құяды. Жерге сіңген су да жер астымен ағып, мұхитқа қосылады. Мұны  үлкен су айналымы деп атайды.

Сөйтіп мұхиттардағы, атмосферадағы, өзендердегі, көлдердегі, мұздықтардағы сулар үнемі айналымда болып тұрады.

Оқушылардың оқулықпен жұмысын ұйымдастыруы. 109 бетекінші қызыл жолдан бастап оқу: « Сондай-ақ жанартау атқылауының нәтижесінде гидросферадағы су мөлшері үнемі артып отырады. Себебі 4 млрд жыл бұрын жер бетіндегі су қазіргіден 70 есе аз еді. Ал болашақта судың көлемі көбеюге тиісті, себебі мантияда 20 млрд км .куб субар деп болжайды ғалымдар.бұл қазіргі гидросферадағы судан әлденеше есе көп.»

Сонымен, судың мұхиттан құрлыққа және құрлықтан мұхитқа үздіксіз алмасуын  дүниежүзілік су айналымы деп атайды.

Жаңа сабақты пысықтау:табиғаттағы су айналымының маңызы өте зор. себебі ол гидросфераны, литосфераны, атмосфера мен тірі ағзаларды бір- бірімен өзара байланыстырады.

Жаңа сабақты бекіту: сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар беру;

Ойын ойнату-«Сөздің мәнін тап»-

Оқушыларға қағаз қиындылары көрсетіледі:  тұщы су ; гидросфера; тұзды су; кіші, үлкен

«Сандарды сөйлетейік» : 96,5%; 2,5%; 450 мың км куб;  70 есе аз;               20 млрд км. куб.

Оқушыларды бағалау;

Үйге тапсырма беру параграф 38 оқу, 67 суретті салу дәптерге.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Су.Судың күйі.
Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік су айналымы.
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы
Гидросфера - жердің су қабығы
Су- тіршілік негізі
Гидросфера туралы ұғым. Дүниежүзілік су айналымы. Дүниежүілік мұхит және оның бөліктері
Суды қорғау
Судың өмір үшін маңызы, қасиеті
Мұхиттар
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5121 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык