Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Климаты. Өзендері мен көлдері


Климаты. Өзендері мен көлдері

Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы:  Аустралия материгінің  физикалық  картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы:   Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия – Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары – криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі – Эйр көлі.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?
  2. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.
  3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?
  4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Аустралияның табиғат зоналары
Өзендері мен көлдері
Климаты
Өзендері мен көлдері
Аустралия және мұхит аралдары. Географиялық орны. Жер бедері мен пайдалы қазбалары
Табиғат зоналары
Аустралия Одағы
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Табиғат зоналары
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 9236 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык