Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сарыарқа



Сарыарқа

Сабақ тақырыбы:    Сарыарқа

Сабақ түрі: дәстүрсіз

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау сртатегиясын пайдалана отырып, шығармашалық ізденіске баулу;

Сабақтың мақсаты:

              а) білімділік – оқушылардың өткен білімдерін   

                                  еске түсіре  отырып, жаңа сабақты  

                                  салыстырмалы түрде меңгерту;

              ә) дамытушылық – Сарыарқа физгеографиялық  

                                  аймағының  табиғи ерекшеліктерін  

                                  оқушылармен бірлесе,  қосымша 

                                  мәліметтерді талдау;

             б) тәрбиелік – оқушыларды шығармашылық  

                                  ізденіске, туған өлке табиғатын

                                 қастерлей білуге, ойларын тиянақты  

                                 талдап  жеткізе білуге тәрбиелеу;

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, атлас,

                       ақын –жазушылардың шығармалары,

                       музыка таспасы, интерактивтік тақта.

Номенклатура: Ұсақ шоқы, Ақсораң, Қызыларай,

                            Көкшетау, Ертіс – Қарағанды  т.б.

І. Ұйымдастыру  бөлімі.

ІІ. Үй тапсырмасы. Қызығушылықты ояту.

Төрт – бес балаға карточкамен жұмыс тапсырылады. 

    Карточка бойынша топтастыру: Жазық, Аласа тау, Биік таулар, Үстірттер, шөлдер, ойпаттар.

    Қалған оқушыларға ауызша сұрақтар қойылады.

Ауызша сұрақтар.

1. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі атауы қандай және не себепті аталған?

2. Солтүстік Қазақ жазығының жер бедері қандай?

3. Қандай табиғат зонасында орналасқан?

4. Топырағы қандай, шаруашылықтың қай түріне қолайлы?

5. Қандай экологиялық проблемалары бар?

Тест.

 

ІІІ. Жаңа сабақ.

Күйтабақтан «Сарыарқа» күйін тыңдайды.(күй біткен соң оқушылар өз ойларын айтады).

Мағынаны тану. Оқулықпен қосымша әдебиеттермен жұмыс.

Жигсо әдісмен топқа бөліне талдау.

1 – топ. Географтар – географиялық орны, геологиялық  

              құрылысы.

2 – топ. Геоморфологтар -  жер бедері, пайдалы

              қазбалары.

3 –топ.  Климатологтар мен гидрологтар – климаты,

              өзен – көлдері.

4 – топ. Биологтар – табиғат зоналары, өсімдіктері мен

              жануарлары.

 

5 – топ. Экологтар мен шаруашылық министрі –

              шаруашылық маңызы мен  қорғалатын аймақтар.

 

Сабақты қорытындылау үшін ойын ойнатылады.

«Теңге ілу» ойыны.

Сарыарқаның жер бедері

Сарыарқаның үстінен қандай табиғат зоналары өтеді?

Сарыарқаның ішкі сулары

Сарыарқаның климаты

Сарыарқаның қорықтары

Сарыарқаның географиялық орны

Сарыарқаның өсімдігі мен жануарлары

Неліктен Сарыарканы «Қазақтың ұсақ шоқысы»  деп атайды?

Неге Көкшетау «екінші Швейцария» атанған?

Жер көлемі

Сарыарқа сөзіне түсінік беру

Сарыарқа жеріне тұщы су қайдан келеді?

Жұмбақ сөз шешу.Тақырыпқа қатысты сөздердің әріптеріндегі орындарын ауыстыру арқылы жасырын сөзді табу:

АРАЛ, ҚАР   ЫҚ, ОР  САҚ   АҢ, КЕШ   ӨК  УАТ.

 

Толғаныс.

Ақындар арнауын талдау, өлеңдер бойынша табиғатының әсемдігін сипаттау.

Болмасаң да ұқсап бақ ... Табиғат сұлулығын баяндайтын бір шумақ өлең құрастыру.

ІV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

1. §43 оқу

2. Шығармашылық тапсырма: Сарыарқа сұлулығын баяндайтын эссе жазу.

3. «Шың» кітабынан 111- бетті оқу.

4. Кескін картаға жер бедері мен пайдалы қазбаларын түсіру.

 

Тест.

1.Солтұстік Қазақ жазығы жеріміздің қай аймағын алып   

    жатыр?

А) Солтүстік        Б) Оңтүстік     С) Батыс   Д) шығыс

2.Солтүстік қазақ жазығы неше ауданға бөлінеді?

А)5     Б)3     С)4      Д)2

3. Жазық бетін қандай шөгінді жыныстар жауып жатыр?

    А) кембрийдің шөгінді жыныстары

    Б) палеогеннің және неогеннің шөгінділерінен

   С) тілімденбеген кайназой жыныстары    Д) барлығы дұрыс

4. Солтүстік қазақ жазығында негізінен өндірілетін пайдалы   

    қазбалар

   А) Мұнай,газ      Б) темір, никель  С) фосфорит, хром Д) алтын

5. Солтүстік қазақ жазығында қанша жауын – шашын жауады?

    А) 250мм     Б) 350мм    С)100мм    Д) 150мм

6. Солтүстік қазақ жазығының өзендері

    А) Жайық, Жем     Б) Ертіс, Есіл      С) Сырдария, Іле     

    Д) Нұра, Қаратал

7. Солтүстік қазақ жазығының үстінен қандай зоналар өтеді?

    А)Шөл.        Б)Орманды дала, дала    

   С)Дала,Шөлейт     Д)Шөлейт, шөл

8. Солтүстік қазақ жазығының территориясында қандай қорық  

    бар?

   А) Үстірт     Б) Қорғалжын       С) Наурызым       Д) Алматы

9. Солтүстік қазақ жазығындағы  негізгі шаруашылықтың түрі

    А) түйе шаруашылығы   Б) күнбағыс шаруашылығы

    С) қой шаруашылығы     Д) бидай шаруашылығы

10. Солтүстік қазақ жазығына  Солтүстік Америкадан қандай

     жануар әкелініп жерсіндірілген?

      А) аламан     Б) өгіз шағала   С) ондатр    Д) өгіз шағала

Карточкамен жұмыс.

Жазықтар:

Аласа таулар:

Биік таулар:

Үстірттер:

Құм,шөлдер:

Өзендер:

Көлдер:

Пайдаланылатын сөздер: Ертіс, Сарыесік-Атырау, Тянь-Шань, Алтай, Сарыарқа, Қаратал, Мұғалжар, Теңіз, Бетпақдала, Тарбағатай, Алакөл, Тұран, Қызылқұм, Торғай, Құлынды.

Бағалау парағы

 

 

р/с

 

Аты-жөні

 

Т

е

с

т

 

Карточка-мен жұмыс

 

Өткен тақырып бойынша сұрақтар

 

Жаңа сабаққа қатысы

 

«Теңге ілу»

ойыны

 

Жұмбақ сөз шешу

 

«Толғаныс»

шығармашылық

жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Солтүстік Қазақ жазығы
Қазақстанның жазықтары
САРЫАРҚА
Орал физикалық-географиялық аймағы
Еуразия материгінің пайдалы қазбалары
Солтүстік Американың жер бедері, пайдалы қазбалары
Сарыарқа
Білгір географ - XXI
Ерте темір дәуіріндегі Орталық Қазақстан
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын география сабақтарында қолдану
Бөлім: Уроки / География | Көрсетілім: 5062 | Қосты: Тулеуова Бибинур Сатипалдиевна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык