Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алгоритмді жазу үлгілері


Алгоритмді жазу үлгілері

Алгоритмді жазу үлгілері

Сабақ тақырыбы: Алгоритмді жазу үлгілері

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушыларды алгоритмнің әртүрлі жазылу үлгілерімен таныстыру, қарапайым алгоритмдер құра білуге, блок-схемасын сызуға үйрету;

Дамытушылығы: оқушылардың информатика саласындағы логикалық ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту, оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілігі: жауапкершілікке баулу,  дәлдікке үйрету

Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Көрнекі құралдар: компьютер, проектор, тестлеу программасы, «ақпараттық диктант» таратпасы, смайликтер

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру:

А) 1-тапсырма, құрған алгоритмдерін тексеру, талдау

Б) Ақпараттық диктант

  1. Қойылған  есептің шешімін, яғни ізделініп жатқан нәтижеге қол жеткізу үшін орындалатын іс-әрекеттер тізбегі
  2. Алгоритм сөзінің пайда болуы қай математиктің атымен байланысты ...............
  3. Алгорим қасиеттері  .................................
  4. Алгоритмнің  әрбір қадамы екіұшты болмай, дәл және бір мағыналы болуы қандай қасиетке жатады
  5. Алгоритмнің ұқсас есепті шешкенде кез-келген адам қолдана алатын қасиеті ......

Жаңа тақырып (Power Point):

Алгоритмді бірнеше түрде жазып көрсетуге болады.    Соның төрт түрін бүгін қарастырамыз:

Сөзбен жазу – күнделікті арақатынаста қолданылып жүрген тілге негізделген. Бұл тәсілдің артықшылығы оны кез келген адам түсіне алады, ал кемшілігі жазу көлемі өте үлкен, көрнекі және дәл емес. Әдетте, есепті шешу жолы тізбектелген қадамдар тізімімен жазылады.

Жалған шарттаңба түрінде жазу – табиғи тілге жақын қатаң синтаксиссіз тілде жазылады (немесе программалау тілдерінде)

Артықшылығы – алгоритмнің қысқа жазылуы, есепті шешудің логикалық сипаттамасының қарапайым түрде жазылуы, алгоритмді кез келген дәрежеде нақтылап жазу.

Кемшілігі – алгоритмнің  жазылу түрін тек адамдардың шектеулі ортасы ғана түсінеді.

Блок-схема түрінде графикалық жазу – кең тараған тәсілдердің бірі.

Артықшылығы – геометриялық таңбаларды қолдану, көрнекілік, іс-әрекеттер тізбегін жазуда қарапайым ережелерді қолдану, алгоритмді кез келген адамның түсіне алуы.

Программалау тілінде жазу – алгоритм құрудағы соңғы кезең болып табылады, яғни программаны іске асыру. Бұл тәсілдің кемшілігі мұны бағдарлама құрушылардан басқа адамдардың түсінуі қиын.

Мысал. Тіктөртбұрышты үшбұрыштың  периметрін табу .

P=a+b+c , c =√a²+b²

Қарапайым тәсіл:

1. Үшбұрыштың a және b катеттерінің мәндерін енгіземіз.

2. Гипотенузаның мәнін c =√a²+b² формуласымен есептейміз.

3. Үшбұрыштың периметрінің мәнін P=a+b+c формуласымен есептейміз.

4. P мәні есептің шешімі. Алгоритм соңы.

Алгоритмді графиктік тәсілмен жазғанда блок-схемалар қолданылады.

Алгоритмнің блок-схемасы – бұл өзара байланысқан геометриялық фигуралардың графикалық кескіні. Әр фигура есепті шешудің бір кезеңін белгілейді және блок деп аталады. Олардың орындалу реті блоктарды біріктіретін бағыт сызықтармен көрсетіледі. Әдетте, схемада блоктар орындалу ретіне байланысты жоғарыдан төменге қарай орналасады. Блок-схеманың артықшылығы оның көрнекілігі мен айқындығында.

Блок-схемана құруда қолданылатын негізгі геометриялық фигуралар:

Үшбұрыштың периметрін табу блок-схемасы төмендегідей сызылады:

Тәжірибе

2-тапсырма (топпен жұмыс)

1.  y = (ax² - b )/ (cx²+d) өрнегін есептеудің алгоритмін блок-схема түрінде жазыңыз

1. a, b, c, x мәндерін енгіземіз

2. R1= ax² - b бірінші жақшаны орындаймыз

3. R2= cx²+d   екінші жақшаны орындаймыз

4. y= R1/ R2 екі жақшаның мәндерін бір-біріне бөлеміз

5. y –тің мәнін есептің шешімі ретінде шығарамыз. Алгоритмнің соңы

2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің мәнін табудың алгоритмін, блок-схемасын  құрыңыз

1. a, b, c мәндерін енгіземіз

2. D=b²-4ac дискриминантты табамыз

3. D>0   болса, онда X1=(-b+√D)/2a,  X2=(-b-√D)/2a

4. әйтпесе «нақты шешімі жоқ»

5. X1, X2 нәтижесін шығару

6. алгоритм соңы

 Сабақты бекіту: (тест түрінде)

1. . Алгоритм бұл - ...

  1. Белгілі бір іс-әрекеттердің орындалу ережелері;
  2. Компьютерге арналған командалар жиынтығы;
  3. Есептің шешіміне қол жеткізуге мүмкіндік беретін ақырлы іс-әрекеттер тізбегі.

2. Алгоритмді жан-жақты деп айтуға болады, егер ол ...

  1. «әмбебап» анықтамасына қолданылса;
  2. 50 шақты қадамы болса;
  3. Бір-біріне ұқсас есептер жиынын шешуге мүмкіндік берсе.

3. Алгоритмді түсінікті дейміз, егер оның барлық нұсқауларыжазылған болса:

  1. Қазақ тілінде;
  2. Қадамдарының ақырлы шегі бар;
  3. Атқарушыға түсінікті тілде жазылған болса.

4. Алгоритм нәтижелік қасиетке ие, егер...

  1. Алгоритмді орындағанда ол белгілі бір нәтижеге әкелсе;
  2. Алгоритмді орындағанда ол бірнеше нәтижеге жеткізсе;
  3. Алгоритмнің нәтижесі әрқашанда оң.
  1. Алгоритм қасиетінің мағынасы, ол алгоритм қарапайым қадамдар тізбегіне бөлінуі тиіс:
  1. Дискреттілік;
  2. Ақырлы;
  3. Нәтижелілік.

6. Адам, робот, компьютер бұл- ... мысалы,

  1. Орындаушылар;
  2. Алгоритмдер;
  3. Құрылғылар.

Бағалау

Үйге тапсырма: 13 тақырып,2-тапсырма (1,2), блок-схеманы сызу


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Алгоритм және оның атқарушылары. Алгоритмді жазу пішімі. Блок-схемалар.
Сызықтық алгоритмдерді программалау
Алгоритмді жазу тәсілдері. Блок – схема
Алгоритмді жазу түрлері. Блок-схема
Алгоритмдеу және программалау Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритмдерді алгоритмдік тілде кескіндеу
Алгоритм және оның қасиеттері
Алгоритмдi беру түрлерi. Блок-схема.
Алгоритм типтері
Алгоритм типтері
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 6668 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык