Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 3746 |
|
|
|
Қарапайым мәтіндік редакторы
Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы
Сабақтың мақсаты: Мәтіндік редактормен таныстыру.
Білімділік: Оқушыларға мәтіндік редакторды таныстыру, WordPad мәтіндік редакторының терезесі туралы түсінік беру, мәтінмен жұмысқа дағдыландыру, құжаттарды құруға, ашуға, сақтауға үйрету.
Дамытушылық: Мәтіндік редактор туралы түсінік бере отырып, оқушылардың дүниетанымдарын, ой – өрістерін, пәнге деген қызығушылығын оятып дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ – жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, оқулық, жұмыс дәптері
Күтілетін нәтиже: Мәтіндік редактор туралы түсінік қалыптасады;
Редакторды іске қоса алады;
Мәтінді теру кезеңдерін білетін болады;
Жазылған мәтінді сақтай, аша алады;
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен материалдарды қайталау.
3. Жаңа білімді меңгерту.
4. Жаңа білімді бекіту.
5. Тапсырмалар.
6. Бағалау.
7. Үйге тапсырма.
ІІ. Өткен материалдарды қайталау:
1. Paint графикалық редакторының терезе элементтері қандай?
2. Paint графикалық редакторының қандай мүмкіндіктері бар?
3. Палитра дегеніміз не? Қарындаш құралының қызметі?
4. Суретті қалай сақтаймыз?
5. Терезенің ең көп бөлігін не алып жатыр?
6. Paint графикалық редакторның меню құрамы қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
WORDPADмәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады. WORDPAD құжаттарында мәтінді түзетуге және абзацты, шекараны жылжытуға, әртүрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графикалық кескіндерді қоюға болады.
WORDPAD мәтіндік редакторын іске қосу үшін келесі әрекеттер орындалады:
Пуск – Все программы – Стандартные – WORDPAD
(Іске қосу – Барлық бағдарламалар – Стандартты - WORDPAD) редакторын іске қосқаннан кейін экранға WORDPAD мәтіндік редакторының терезесі ашылады.
Мәтіндік редакторының терезе элементтері:
- Тақырып жолы
- Меню құрамы
- Құрал – саймандар тақтасы
- Пішімдеу тақтасы
- Сызғыш
- Жұмыс алаңы
Тезезенің ең көп бөлігін жұмыс алаңы алып жатыр. Яғни мәтін жазатын аймақ. Терезенің тақырып жолында құжат аты және WORDPAD
Меню қатары: Файл, Правка, Вид, Вставка, Формат, Справка
WORDPAD мәтіндік редакторының батырмалары:
Құжат ашу, құру, құжатты сақтау, баспа, басылымды қарап шығу, табу, буферге жіберу, буферге көшіру, буферден қою, болдырмау, уақыт.
- Қаріп (белгіленген мәтіннің қарпін өзгертеді)
- жартылай қалың
Көлденең жазу
- Асты сызылған етіп жазу
Ең алдымен қаріпті және оның өлшемін таңдау керек.
Өтілген тақырыпта компьютердің құрылғыларын өткен кезімізде, пернетақта құрылғысымен таныстық. Сол пернетақтадағы пернелер қазір біз орындайтын тапсырмалар барысында қажет етеді. Соны еске түсірейік.
Пернелердің қызметі
Перне аты Қызметі
ENTER Енгізу
BACKSPACE Алдыңғы симболдарды өшіру
БОС ОРЫН Симболдарды бір – бірінен бөлу
SHIFT Үлкен не кіші әріптерді ауыстыру
CAPSLOOK Үлкен не кіші әріптерді ауыстырып қосу (ұзақ уақытқа)
DELETE Меңзердің оң жағындағы әріпті өшіру
ALT Арнайы әрекеттер үшін
CTRL Арнайы әрекеттер үшін
NUMLOOK Цифрлық пернетақтаны қосады
ESC Болдырмау
IV. Сабақты бекіту.
Деңгейлік тапсырмалар: І, ІІ, ІІІ деңгейлік тапсырмалар беріледі.
(журналдағы оқушылардың бағаларына қарап таратамын)
І деңгейлік сұрақтар және тапсырмалар: 4 оқушыға сұрақ қойып компьютерде жеке тапсырама орындатамын.
- қызметі?
- қызметі?
- қызметі?
қызметі?
Мынау – сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау – көк қарындаш,
Мұнымен туды бояймын.
ІІ – деңгейлік тапсырма. Сұрақ қойылып, компьютерде жеке тапсырма беріледі. Paint графикалық редакторында берілген суреттерді салып мәтіннің астына енгізеді.
қызметі?
қызметі?
қызметі?
қызметі?
ІІ деңгейлік тапсырма: Тапсырманы көрсетілгендей етіп орында!
Қаріптің өлшемі 16
«Ақпарат» сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін,information сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмыста, ғылымның әртүрлі: философия, экономика, физика, математика, информатика т.б салаларында кеңінен енді.
Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл – қозғалыс түрінде бере аламыз.
«Ақпарат» деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді.
Paint графикалық редакторында көрсетілген суретті орындап, мәтіннің астына енгіз!
ІІІ деңгейлік тапсырма:
Мәтінді теріп Paint графикалық редакторында суретті салып, мәтіннің астына енгізеді.
қызметі?
қызметі?
қызметі?
Қаріптің өлшемі 14
Интернет дегеніміз не?
Айталық бөлмедеде көп өрмекші бар, олардың әрқайсысы өз өрмегін тоқиды. Бөлмедегі өрмектің көптігі соншалық, өрмекшілер өрмек арқылы еш қиындықсыз бөлменің кез – келген нүктесіне бара алады. Бүкіл Жер шарын қамтитын көптеген әртүрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы - Интернетті де осылай сипатттауға болады.Телефон арқылы үйде отырып Жер шарының кез – келген қаласындағы телефонмен сөйлескен сияқты, интернет арқылы да планетаның кез – келген нүктесіндегі компьютермен және оны пайдаланушылармен байланыс жасауға болады.
Paint графикалық редакторында көрсетілген суретті орындап, мәтіннің астына енгіз
V. бағалау.
Тапсырамаларды орындау барысында, сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қойылады.
VI. Үйге тапсырма. «Менің мектебім» тақырыбында шағын эссе жазып келу.
Мәтіндік редакторды оқу.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |