Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Информатика |
Көрсетілім: 5784 |
|
|
|
Архивтеу. Антивирустар. Архивтеу программалары
Сабақтың тақырыбы: Архивтеу. Антивирустар. Архивтеу программалары
Сабақтың міндеттері: а)архив, архивтеу бағдарламалары, вирустар,
антивирустық бағдарламалардың міндеттерін,
маңыздылығын түсіндіру. Қолдану жолдарын,
үйрету таныстыру;
б) Адамгершілікке, тиянақтылыққа, өз ойын ашық,
анық жеткізуге тәрбиелеу;
в) Білімдерін одан әрі жетілдіру, дамыту, шыңдау;
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың типі: Практика элементтерін қолдана отырып, түсіндіру;
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Интерактивті тақта, Кубик
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру сәті
а) оқушыларды түгендеу;
б) Өткен сабақта өткен материалды қайталау;
ІІ Үй тапсырмасы:
1. Программалық жабдықтама дегенміз не? Нешеге бөлінеді?
2. Қолданбалы программалық жабдықтамаға қандай бағдарламалар жатады?
3. Операциялық жүйе дегеніміз не?
4. Windows-тың негізгі объектілерін ата?
5. Операциялық жүйенің параметрлерін баптау командасын ата?
6. Тінтіуірдің параметрін қалай өзгертеміз, баптаймыз?
7. Күнді және уақыттың параметрін қалай өзгертеміз, баптаймыз?
8. Жұмыс үстелінің параметрін қалай өзгертеміз, баптаймыз?
9. Шрифті қосу, өшіру жолдары?
10. Программаларды орнату және жою жолдары?
ІІІ Жаңа сабақ:
Архив – қысылған және бір файлда сақталған файлдар, қалталар және басқада бағдарламалар жиынтығы.
Архивтеу – архивтелген файлдармен жұмыс істеуге, архивтелген программаларды бууға және ашуға мүмкіндік беретін бағдарламалар.
Ең жиі кезедесетін архивтік прораммалардың типтер:
Файлдарды архивтеу жолдар:
1. Жұмыс үстеліндегі Құжаттар папкасын тауып, ерекшелеп;
2. Тінтіуірдің оң жақ батырмасымен шертіңдер де,пайда болған контекстік менюден Добавить в архив – ті таңдаңдаңдар.
3. Ашылған сұхбат терезесінен қажет параметрлерін таңдап, ок шертеміз.
Файлдарды архивтен шығару жолдары:
1. Архивтелген программаны тауып, ерекшелеп
2. Тінтіуірдің оң жақ батырмасымен шертіңдер де,пайда болған контекстік менюден Извлеч в– ті таңдаңдаңдар.
3. Ашылған сұхбат терезесінен қажет параметрлерін, орнын таңдап , ок шертеміз.
Компьютерлік вирустар –операциялық жүйедегі нысандарға зиян келітіруге қабілетті және өздігінен көбейетін бағдарламалар.
Вирустың таралу жолдары:
Дискеттер Лазерлік дискілер Компьютерлік желілер
Вирустың пайда болуының белгілері:
Программа дұрыс жұмыс жасамайды немесе жұмысын тоқтатады;
Экранда бөгде хабарламалар, символдар шығуы;
Компьютердің баяу жұмыс істеуі;
Кейбір файлдардың бұзылуы;
Жиі тұрып қалулар, жаңылысулар.
Компьютерлік вирустарды топтарға бөлінеді:
1. Жүктейтін – дискеттің немесе винчестердің жүктеу секторында сақталатын компьютердің бастапқы жүктеу программасын зақымдайды, компьютерді жүктегенде іске қосылады.
2. Файлдық - .СОМ, .ЕХЕ кеңейтілулері бар файлдарға кіріп алады,басқа
типтерінде көбею қабілетін жоғалтады.
3. Жүктейтін-файлдық - файлды, дисклердің жүктейтін секторларын
да зақымдайды.
4. Драйверлік – құрылғылардың драйверлерін зақымдайды, өзін қосымша жол конфигурациясының файлына қосу жолымен іске асады.
5. Желілік - ондаған, жүздеген мың компьютерлерді біріктіретін
желілерде тарайды.
ІVСабақты бекіту:
VҚорытындылау ( тест жұмыс беріледі.)
1. Архив, архивтеу программалары дегеніміз не?
2. Қандай архивтеу бағдарламаларын білесіз?
3. Файлдарды қалай архивтейміз, архивтен қалай шығарамыз?
4. Вирус дегеніміз қандай бағдарламалар?
5. Вирустың таралу жолдарын ата?
6. Вирустарды қалай топтаймыз?
7. Қандай антивирустық бағдарламаларды білесіз?
VIОқушыларды бағалау
VIIҮйге тапсырма: §2.3 Архивтеу. Антивирустар. Архивтеу програмалары.
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |