Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Білім баспалдағы


Білім баспалдағы

Білім баспалдағы

Тақырыбы: Білім баспалдағы

Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін анықтау, танымдық, ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

Түрі: интеллектуалды сайыс.

Жабдығы: интерактивті тақта, ActivVote құрылғысы, «Білім кілті»

Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

а) сайысқа қатысушылармен танысу;

ә) сайыс турларымен таныстыру.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. Ой сергіту баспалдағы. /Сұрақтарға жылдам жауап беріледі. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

Сұрақтар:

  1. Информатика қандай ғылым? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)

2. Компьютер деген не? (ақпартты өңдеу құрылғысы)

3. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі. (бит)

4. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі. (интерфейс)

5. Екілік жүйесінің сандары. (0, 1)

6. «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)

7. Алғашқы есептеу құрылғысы. (саусақ)

8. Графикалық ақпараттарды компьютерге енгізу құрылғысы. (сканер)

9. Дыбыс жазуға арналған құрылғы. (микрофон)

10. Ақпаратты қағазға басып шығару құрылғысы. (принтер)

11. Компакт – дискіні оқуға арналған құрылғы. (CD – ROM)

12. Аз батырмалы ақпарат енгізу құрылғысы. (тышқан)

13. Символдық және сандық ақпараттарды енгізу құрылғысы. (пернетақта)

14. Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны. (файл)

15. Ақпарат тасушы. (сигнал)

 

2. Мүмкіндік баспалдағы. /Тест тапсырмалары беріледі. Жауаптары ActivVote құрылғысы арқылы есептеледі. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

1. Бит дегеніміз не?
А) екілік сан
Ә)1Кбайт=1024байт

Б) 0 мен 1 тұратын екілік сан таңбалары*

В) сегіз разрядты екілік саннан тұратын информациялар жиыны

Г)8 Кбайт

  1. Информацияларды жинақтау, түрлендіру әдістерін және заңдылықтарын зерттейтін ғылым:

А) Динамика

Ә) Информатика*

Б) Логика

В) Кибернетика

Г)Статистика

3. Деректерді енгізуге арналған негізгі құрылғылар:

А) Процессор, принтер және модем

Ә) Пернетақта, тышқан және сканер*

Б) Модем, монитор және процессор

В) Принтер, модем және монитор

Г)Монитор, процессор және плоттер

4. Келесінің қайсысы компьютердің негізгі элементі болып табылады?

А) Винчестер

Ә) Микропроцессор*

Б) Принтер

В) ДК жадысы

Г)Монитор

5. Ақпарат деп нені түсінеміз?

А) Тек сандық деректерді ғана

Ә) Тек сандық және мәтіндік деректерді ғана

Б) Кез келген сигналдар, деректер немесе мәліметтер*

В) Тек мәтіндік деректерді ғана

Г) Құжаттар түрінде ұсынылған деректерді ғана

6.Функционалдықпернелердікөрсетіңіз:

A)

Ә) Insert, Delete, Home, End

Б) Caps Lock, Scroll Lock, Num Lock

В) F1-F12*

Г) Enter, Tab, Ctrl, Alt, Esc

7. Микропроцессорда ... бар:

А) Жады

Ә) Иілгіш дискілер

Б) Басып шығару құрылғысы

В) Енгізу құрылғысы

Г)Тұрақты және оперативті жады*

8. Дискетаның негізгі параметрі болып есептеледі:

А) Түсі

Ә) Корпус материалы

Б) Диаметрі*

В) Биіктігі

Г) Қалыңдығы

9. Магниттік дискідегі жинақтауыштар түрлері қандай?

А) Қатты және жұмсақ*

Ә) Иілгіш және қатқыл

Б) Бос және толық

В) Кеңейтілген және қарапайым

Г) Енгізу және шығару

10. Қосымша сандық пернетақта төмендегі пернемен қосылады:

А) NumLock*

Ә) PauseBreak

Б) CapsLock

В) PrintScreen

Г) ScrollLock

 

3. Таңдау баспалдағы. /4 тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Оқушылар тақырып бөлімі мен ұпай санын өзі таңдайды. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

ҒАЛЫМДАР

10. Компьютердің атасы. (Чарльз Бэббидж)

20. 19 жасында ең алғашқы қосу машынасын жасап шығарған ғалым. (Блез Паскаль)

30. ХҮІІ ғасырдың басында логарифм түсінігін енгізген шотландиялық математик. (Джон Неппер)

ТАРИХ

10. Бұл санау құрылғысын гректер мен Батыс Еуропалықтар «абак», қытайлықтар «суанпан» деп атаған, ал жапондықтар қалай атаған? (серобян)

20. Есептеуіш техникаларының қарқынды дамуы қай ғасырда басталды? (ХХғ. І жартысы)

30. Ада Лавлейс Бэббидж машинасына бағдарламаны қай жылы жазды? (1846ж)

АҚПАРАТ

10. Адам ақпаратпен не істейді? (ақпаратты сақтайды, тарады, өңдейді)

20. Ақпараттық процестерді ата. (ақпаратты алу, беру, сақтау, өңдеу)

30. Ақпарат қалай бағаланады? (түсінікті, дәл, толық, жаңа, пайдалы болуы керек)

ӘРТҮРЛІ

10. Компьюетрдің негізгі құрылғылары. (жүйелік блок, монитор, пернетақта)

20. Әлемдегі ең бай американдық программист. (Уиллиам Генри Гейтс)

30. ЭЕМ-ның буындары мен элементтік базалары. (І буын – электрондық шамдар, ІІ буын – транзисторлар, ІІІ буын – интегралдық схемалар, ІҮ буын – микропроцессорлар, Ү буын – жасанды интеллект.)

4. Сәйкестендіру баспалдағы. /Берілгендерді сәйкестендіреді. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

1. Ақпараттың өлшем бірліктерін кему ретімен орналастыр.

Петабайт

Байт

Терабайт

Мегабайт

Гигабайт

Эксабайт

Бит

Зеттабайт

Килобайт

Йоттабайт

Йоттабайт

Зеттабайт

Эксабайт

Петабайт

Терабайт

Гигабайт

Мегабайт

Килобайт

Байт

Бит

2. Құрылғыларды сәйкестендір.

1. Сканер

2. Принтер

3. Монитор

4. Джойстик

5. Планшет

6. Флеш-жады

7. Колонка

А)         Ә)       Б) В)  

 Г)        Ғ)       Д) Е)  

Жауабы: 1 – Ғ, 2 – Д, 3 – Г, 4 – Ә, 5 – А, 6 – Б, 7 – Е.

3. 10 санау жүйесіне аударып, өсу ретімен орналастыр.

256 (8)

101001 (2)

36 (8)

101110 (2)

2С (16)

52 (8)

36 (8)

101001 (2)

52 (8)

2С (16)

101110 (2)

256 (8)

5. Тапқырлық баспалдағы. /Берілген сөздердің ішінен артығын алып тастау керек. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

МОТОРНИ

КОКАЛОН

НЕПЕРТАТАҚ

ОКБЛ ЙЕЖҮЛІК

МОНИТОР

КОЛОНКА*

ПЕРНЕТАҚТА

ЖҮЙЕЛІК БЛОК

ЛОНКАКО

ТЕРПРИН

ҚАНТЫШ

СНЕРКА

КОЛОНКА

ПРИНТЕР

ТЫШҚАН*

СКАНЕР

ЛІКЕКІ

ТӨТІКРТ

СЕДІКГІЗ

ОН ЛЫҚТЫАЛ

ЕКІЛІК

ТӨРТТІК*

СЕГІЗДІК

ОН АЛТЫЛЫҚ

6. Сенім баспалдағы. /Қойылған сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Ұпайы аз оқушы келесі баспалдаққа көтеріле алмайды./

1 – оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Ақпарат тасушы сигнал болып табылады ма? (иә)

2. Алғашқы қосу машинасын Чарльз Бэббидж ойлап тапты ма? (жоқ)

3. Ең бірінші программа құрған оқымысты Билл Гейтс па? (жоқ)

4. 1 Гбайт 1024Мбайтқа тең ба? (иә)

5. Монитор компьютердің «миы» ма? (жоқ)

2 – оқушыға қойылатын сұрақтар:

1. Байт ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі ма? (жоқ)

2. Калькулятор қарапайым есептеулер жүргізетін программа ма? (иә)

3. Ең алғашқы пргорамманы жазған Ада Лавлейс па? (иә)

4. 1Мбайт 1024байтқа тең ба? (жоқ)

5. Тышқан ақпаратты енгізу құрылғысы ма? (иә)

7. Білім баспалдағы. /Соңғы баспалдаққа шыққан оқушыға сұрақ қойылады. Жауабы дұрыс болса, «Білім кілті» ұсынылады./

Сұрақ. 1833 жылы ол программа арқылы басқарылатын «Аналитикалық машина» жобасын жасады. Бұл машинада қазіргі компьютерлерде бар барлық негізгі құраушылар: бастапқы сандар мен аралық нәтижелерді сақтауға арналған жад, жадтан алынған сандармен амалдар орындайтын арифметикалық құрылғы, берілген пргорамма бойынша есептеу барысын қадағалап отыратын басқару құрылғысы, деректерді енгізу мен оларды басып шығару құрылғылары болды. Алғашқы есептеуіш автоматтың авторы, қазіргі компьютердің атасы кім?

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Жеңімпаз оқушыға «Білім кілтін» тапсырып Мақтау қағазымен, сайысқа қатысқан оқушыларға Алғыс хаттармен марапаттау.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информатика пәнінен 5 сыныпқа арналған билет сұрақтары
Баспа құрылғылары. Сканер
Информатика әлемі
Информатика әлемінде сайысы
ДК. Компьютердің құрылымы. ЖБ. Компьютер
Көңілді тапқырлар
Кім білімді? Кім жылдам? Кім тапқыр?
Көңілді тапқырлар
Компьютер және оның негізгі құрылғылары
Қазіргі заманғы дербес компьютерлер мен оның құрамдас бөлігі
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 4214 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык