Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » PAINT графикалық редакторы


PAINT графикалық редакторы

PAINT графикалық редакторы

Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» (модульдік технология бойынша) 7 сынып, 1-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушыларды графикалық редактор командаларымен,құралдарымен,үзінділермен жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстырып,редакторда жұмыс жасай білуге үйрету.

Дамытушылық: Графикалық редактор ұғымымен таныстыра отырып оқушылардың дүниетанымдарын,ой-өрістерін, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, шапшаңдыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:       Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, слайдтар, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары:  венн диаграммасы,  интервью алу, көрнекілік стратегиялары

                                      «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушыларда графикалық редактор туралы түсінік қалыптасады.
  • Редакторды іске қоса алады.
  • Сурет салу кезеңдерін білетін болады.
  • Графикалық редактор құралдарының қызметін біледі.
  • Салынған суретті сақтап,ашып,қағазға басып шығара алады.

 Сабақтың жоспары:

  • PAINT графикалық редакторы туралы түсінік
  • PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу
  • PAINT графикалық редакторының құралдары
  • Редактордың командалары
  • Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
  • Суретті қағазға басып шығару

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға  бірінші суреттер көрсетіледі,сұрақтар қойылады. (Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша)

 

  • Петроглифтер дегеніміз не?

(Тасқа салынған суреттер)

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген? (сурет салу арқылы)
  • Қандай суреттер салған?

 (таңбалар,)

  • Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?(қағазға,папирусқа)
  • Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? (компьютерге)

Оқушылар өз ойларын айтады.

Мұғалімнің түсіндірмесі.

Ерте кезден-ақ адамдар өз ойларын тасқа бейнелеп,уақыт өте келе қағазға түсірген, ал қазіргі таңда біздер өз ойымызды компьютер арқылы бейнелей аламыз.

-Ендеше бүгінгі өтетін сабағымыз

PAINT графикалық редакторы

ІІ. Мағынаны тану

 Лекция

1.PAINT графикалық редакторы туралы түсінік

PAINT  сурет салу бағдарламасы әр түрлі графикалық кескіндерді салуға,оны өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап,күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады.

PAINT бағдарламасында өзіміз сурет салуымызға Windows –тің басқа қолданбаларынан алмастыру буферіне көшірілген дайын суреттерді мәтінге қоюға,сондай-ақ сканердің көмегімен алынған күрделі кескіндерді енгізуге болады.

2. PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу

PAINT графикалық редакторын іске қосу үшін, келесі әрекеттерді орындау керек.

Пуск                Барлық бағдарламалар     Стандартты             PAINT

Осы әректтер орындалғаннан кейін экранға PAINT терезесі шығады.

PAINT терезесімен таныстыру.

Сурет салу кезеңдері

  • Құралды таңдап алу

PAINT редакторында 16 құралды пайдалануға болады. Олардың міндеттерін білу үшін,тышқанның нұсқағышын қажетті құралдың үстіне апару керек, сонда ішіне олардың міндеттеріне жазылған кішкене төртбұрыш пайда болады.

  • Сызықтың қалыңдығын,қылқаламның түрін немесе төртбұрыштың типін тағайындау

Құралдар тақтасының тура астыңғы жағындағы арнайы аймақта жасауға болады. Сызықтардың қалыңдығын бір нүктеден бастап,бес нүктеге дейінгі өлшемде салуға және қылқаламның,төртбұрыштың бірнеше түрлерін пайдалануға болады.

 

Сохранить как командасының терезесі

 Имя файла өрісіне файлға ат беріп, «сохранить» батырмасын басу керек.

 PAINT редакторында салынған суреттің кеңейтілімі -.bmp

 

Мәтіні бар сурет салу

Суреттің үстіне мәтін жазу,қосу үшін мынадай құрал пайдаланылады

-Надпись(жазу) –мәтін жазуға арналған

 

Қазақша мәтін жазғыларыңыз келсе қаріптің типін «Times New Roman»  типінеқоямыз. Жазылған мәтінді курсив,жартылай қалың немесе астын сызып жазуға да болады. Ол үшін мына қаріп тақтасын пайдаланамыз.

 

Қаріп (Шрифты) тақтасы

Суреттерді қалай ашады?

Сақталып тұрған суретті ашу үшін «Файл-открыть» командасын орындаукерек. Экранда диалогтық терезе ашылады, оған меңзерді   қажетті файлдың атына орналастырып,екі рет шертеміз.

5.Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер

Суреттің бөлінген бөлігі үзінді деп аталады. Үзінді мынадай құралдармен бөлінеді немесе белгіленеді:

Белгілеу(бөліп алу) батырмасы төртбұрышты үзіндіні таңдайды.

Кез-келген үзіндіні бөліп алу                                       

Батырмасы ерікті пішіндегі аймақты бөліп алуға мүмкіндік береді.

 Белгілеу мен ерікті аймақты белгілеу құралдарымен үзінді таңдалғаннан кейін,олармен келесі әрекеттер орындалады:

  • Алмасу буферіне қиып алу
  • Алмасу буферіне көшіру
  • Осы суретті басқа жерге апару
  • Берілген суреттің өлшемінде көшіру
  • Оны сурет бойынша «көбейту»
  • Пішіні мен өлшемін өзгерту
  • Өлшемін өзгерту және қисайту
  • Төңкеру немесе кері бұру
  • Түсін өзгерту
  • Өшіру

Үзіндіні жылжыту және көшіру

Үзіндіні жылжыту немесе көшіру үшін алдымен оны белгілеу керек. Содан кейін алмасу буферінің көмегімен «правка» менюінің «вырезать» немесе «копировать» командаларының бірін пайдалануға болады.

«Вырезать» командасын таңдағанда программа үзіндіні суреттен алып алмасу буферіне орналасады.

«Копировать» командасын таңдағанда сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады.

Үзіндіні көбейту

Үзіндіні көбейту дегеніміз-экранда тышқанның нұсқағышын жылжытумен қатар оның көшірмелеренің тізбегін жасау.

Үзіндіні көбейту үшін оны белгілеп барлығы басталатын жерге апарып қойып,Shift  батырмасын басып отырып,үзіндіні салу аймағына жылжыту керек.

Үзіндіні өшіру

Үзіндіні бірнеше әдіспен өшіруге болады.

1.Үзіндіні бөліп алып, «Правка –Очистить выделение» командасы арқылы;

     2.Үзіндіні белгілеп алып, «Правка-Вырезать» командасы арқылы;

3. «Рисунок-Очистить» командасын орындаса,онда экраннан тек үзінді ғана емес барлық суретті өшіруге болады.

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру

Үзіндіні бейнелеу немесе бұру үшін рисунок менюінен «Отразить/Повернуть» командасын таңдаймыз. Үзінді тік(вертикаль) немесе көлденең(горизонталь) осьтеріне қатысты 900,1800,2700 бұруға болады.

Отразить/повернуть командасының диалогтық терезесі

Үзіндіні еңкейту және созу

Үзінділерді еңкейту және созу үшін «Растянуть /наклонить» командасы арқылы горизонталь немесе верикаль осьтеріне қатысты еңкейтуге болады.

ІV. Бағалау

V.Үйге тапсырма 

3-ші  сабақта әр жұп төменде берілген шығармашылық жұмыстың жобасын графикалық редакторда салып,қорғау үшін мына тақырыптардың бірін таңдау.

1 «Әтірдің қорабын салу»

2 «Бөгде планеталықтар»

3 «Сұлулық салонының сырқы келбеті» 

4 «Менің сүйікті жануарым»     

5. «Маған ұнайтын автокөлік»

6. «Менің бөлмем»

7. «Туған жер»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Оқушылардың графикалық редактор туралы алған білімдерін пайдалана отырып,сурет салуға үйрету.

Дамытушылық: Алған білімдерін практикада қолдана білуге дағдыландыру. Пәнге қызығушылығын,

іздемпаздығын,байқау қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік:Ұқыптылыққа,бір-бірінің ойын тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       практикалық сабақ

Сабақтың әдісі:       Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер, «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар графикалық редакторда сурет сала алады
  • Редактордың құралдарымен жұмыс істей біледі

ІІ.Мағынаны тану

«Құрастырайық» оқушыларға практикалық тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма. Эллипс құралын пайдаланып салыңыз.

2-тапсырма. Геометриялық фигураларды пайдаланып салыңыз.

3-тапсырма. Эллипс пен қисық сызық құралдарын пайдаланып салыңыз.

(Сурет салып болған соң,оқушылар бір-бірін бағалайды)

ІІІ.Толғаныс

«Графикалық диктант»

 

Paint ........................... редактор. Редакторда ..................    салуға,   ........................бояуға,.....................  енгізуге мүмкіндік береді. Программаны іске қосу үшін  ..........................- ........................-..........................-..................  командасын  орындау керек. Сурет салғанда .............құралды  пайдалануға болады. Сурет ........................... салынады. Салынған суретті............................. командасы  арқылы сақтаймыз.

 

Үйге тапсырма. Келесі сабаққа шығармашылық жұмысқа әзірленіп келу.(Жобаның суретін салу, суретке жазылатын мәтінін даярлау, жобаны қорғауға даярланып келу)

Бағалау

3-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Таңдаған тақырыптары бойынша жоба қорғап, графикалық редактор туралы алған білімдерін жинақтап ,практикада қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Ой-өрістері мен танымдық қасиеттерін дамыту,уақытты тиімді пайдаланып,

өз ойларын еркін жеткізуге баулу.

Тәрбиелік:Шығармашылық тапсырмаларды орындата отырып, әсемдікке,әдемілікке,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:       практикалық сабақ

Сабақтың әдісі:       Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызбалар,компьютер, сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары: сұхбаттасу,

                                      «Информатика» оқулығы 7 класс

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімдерін практикада қолдана біледі.
  • Өз ойларын еркін жеткізе алады.
  • Уақытты тиімді пайдалануға тырысады.

Үйге тапсырма: Тестке дайындалып келу.

Бағалау.            

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Осы уақытқа дейін алған білімдерін жинақтап,қорытындылау.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен қиялын дамыту.

Тәрбиелік:Эстетикалық талғамын қалыптастыру,

нәтиже алуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі:       білім тексеру

Сабақтың әдісі:       Модульдік технология

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер                                 

Күтілетін нәтиже:

  • Алған білімдерінен нәтижеге қол жеткізуге тырысады.
  • Өз ойларын еркін жеткізеді.
  • Уақытты тиімді пайдалана алады.

І. Қызығушылықты ояту

Әуеннің мазмұнына сай сурет салдыру.

(Әнді тыңдай отырып өзіне ұнаған бөлігінен редакторда сурет салады.)

«Сарыарқа»

«Желсіз түнде жарық ай»

«Балалық шақ» әндері  қолданылды.

ІІ. Мағынаны тану

Компьютерде тест тапсырмаларын орындайды. Тест нәтижесі компьютерде автоматты түрде қорытындылайды.

1.Графикалық редакторды іске қосу жолдарын көрсет?

а)Пуск-Барлық бағдарламалар-Стандартты-Paint;

б)Жұмыс үстелі арқылы;

в)Үш жағдайда қосылады;

г)Ctrl-L

2.Салынған суретті сақтау үшін?

а)Түзету-Сақтау;

б)Жұмыс үстелі –Сақтау;

в)Файл-Сақтау;

г)Түр-Сақтау;

3. Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерткенде қандай команда орындалады?

 а)Суретті сақтау

б)Фонның түсін таңдау;

в) Кескіннің түсін таңдау;

г)Төртбұрыш салу;

4.Сызықтың  қалыңдығы неше нүктеге дейінгі өлшемде пайдалануға болады?

а)5

б)6

в)7

г)8

5.Суретке мәтін енгізу үшін таңдалатын құрал?

а) Надпись

б) Тіктөртбұрыш

в) Эллипс

г) Қылқалам

6. «Отменить» (орындатпау) командасын неше рет қолдануға болады?

а)Бір рет;

б)Үш рет;

в)Бес рет;

г)Екі рет;

7. «Paint» графикалық редакторы не үшін қажет?

а)Сурет салу үшін;

б)Есеп шығару үшін;

в)Мәтін жазу Үшін;

г)Өлең айту үшін;

8.Суретті баспаға шығару әрекеті қалай орындалады?

а)Файл-Жіберу;

б)Файл-Баспа;

в)Файл-Сақтау;

г)Файл-Шығу;

9.Графикалық редактордық терезе элементтерін атаңдар?

а)Тақырып жолы, жұмыс алаңы;

б)Тақырып жолы,құралдар;

в)Тақырып жолы,Менюлер қатары,Құралдар тақтасы,Сурет салу алаңы, Түстер палитрасы

г) Аталғандардың барлығы да дұрыс

10. «Үзінді» дегеніміз не?

а)Суреттің бөлінген бөлігі;

б)Суреттің өшірілген бөлігі;

в)Суреттің ерекшеленген бөлігі;

г)Суреттің көшірілген бөлігі;

11.Үзіндіні неше әдіспен өшіруге болады?

а)Бір әдіспен;

б)Үш әдіспен;

в)Бес әдіспен;

г)Өшіруге болмайды;

12.Үзіндіні тік немесе көлденең осьтеріне қатысты неше градусқа бұруға болады?

а)900, 180, 2700

б)1800, 3600

в)270,900

г)3600, 1800

13. Керекті бетті бірнеше дана етіп шығаруға бола ма?

а)Болады;

б)Болмайды;

в)Беттің көлеміне байланысты;

г)Аталғандардың барлығы дұрыс;

14.Қай команданы орындағында сурет өзгермейді және алмасу буферіне оның көшірмесі орналасады?

а)Көшіру(Копировать)

б)Қиып алу(Вырезать)

в)Өшіру (Очистить)

г)Баспа(Печать)

15.Графикалық редакторда неше құралды пайдалануға болады?

а)1

б)16

в)25

г)Шексіз

16.Фонның түсін таңдау үшін не істейміз?

а)Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,оң жақ батырмасын шерту керек

б) Фонның түсін таңдауға болмайды

в) Палитрадағы қажетті түске тышқан нұсқағышын орналастырып,сол жақ батырмасын шерту керек

г)Аталғандардың барлығы да дұрыс

  1. мына құралдың атқаратын қызметі?

а)Көпбұрыш салу үшін арналған;

б)Түзу сызы сызу үшін арналған;

в)Тұйық емес контурды бояуға  арналған;

г)Оның көмегімен тұйық контурды бояуға болады;

18.Сызықтың қалыңдығы қалай таңдалады?

а)Сызық қалыңдығы таңдалмайды;

б)Қаріпті үлкейткен кезде;

в)Сызық құралын таңдағанда төменгі жақта сызық түрлері шыққан кезде;

г)Аталғандардың барлығы да дұрыс;

19. Редакторға дайын суреттер қоюға бола ма?

а)Ия;

б)Жоқ;

в)Суреттің көлеміне қарай;

г)Суреттің сапасына қарай;

20. Paint графикалық редакторының файлдық кеңейтілімі қандай?

а).doc

б).bmp

в).txt

г).xls

Сабақты қорытындылау. Бағалау

Үйге тапсырма: қайталау

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін нығайту,тиянақтау,бір жүйеге келтіріп қорыту,теориялық білімдерін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: Шығармашылыққа баули отырып,оқушылардың тапқырлық,іздемпаздық қасиеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелік:Уақытты тиімді пайдалануға,жүйелі ойлауға,шапшаңдыққа,компьютерлік сауатыллыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:         саяхат сабақ

Сабақтың әдісі:       Модульдік технология,сыни тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиясы: «Бір тақырыпқа әр

   қалыпты жазу»

Пәнаралық байланыс: Бейнелеу,математика

Сабақтың көрнекілігі: компьютер                                 

Күтілетін нәтиже:

  • Өз ойларын еркін жеткізеді.
  • Өзін-өзі бағалайды.
  • Компьютерлік сауаттылық қалыптасады.

 -Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді себебі біздер бүгін саяхатқа шығатын боламыз,яғни осы уақытқа дейін алған білімімізді ортаға салып,берілген тапсырмаларды орындауымыз керек.

-Ендеше сабағымызды бастамас бұрын сыныпты мына геометриялық фигураларды таңдау арқылы үш топқа бөлініп алайық. Топ басшыларында бағалау парақтары болады. Бүгін сабақта біздер мынадай аялдамаларға тоқталып өз білімімізді сарапқа саламыз.

Бірінші аялдама: «Білім орталығы»

Тапсырмалары:

1-топ: Графикалық редактор терезесінің элементтерінің атауларын жазыңыз 

3-топ: Кез-келген құралды пайдаланып,сурет салу кезеңдерінің дұрыс тізбегін жазыңыз.

Екінші аялдама: «Бейнелеу орталығы»

Әр топ мүшелі графикалық редакторда кезекпен жалғастыру арқылы берілген тапсырманы, суретті салады.

  1. Кез-келген түсті дөңгеленген тікбұрыш түріндегі суреттің жақтауын сал.
  2. Қара түсті қарындаш құралын таңда,көкжиек сызығын жүргіз.
  3. Құю құралын таңда,жерді ашық жасыл түспен,ал аспанды көгілдір түспен боя.
  4. Ең кішкене радиусты бүріккіш құралын таңда,қанық жасыл түсті шыршалардың суретін сал.
  5. Орта радиусты бүріккіш құралымен жерде түрлі түсті гүлдер сал.
  6. Орта радиусты бүріккіш құралымен аспанда қызғылт-сары күннің суретін сал.
  7. Ең үлкен бүріккіш құралымен сары күн сәулелерінің суретінсал.
  8. Ең үлкен радиусты бүріккіш құралымен аспандағы ақ бұлттардың суретін сал.
  9. Мәтін жазу құралын таңдап  өзіне ұнаған тақырып жаз.

Үшінші аялдама:  «Жазу орталығы»

Бұл аялдамада сіздердің шапшаңдықтарыңыз,сөздік қорларыңыз тексеріледі. Төмендегі берілген сөздерден мағыналы сөздер құрастыру.

1-топ:Ақпараттану. Информатика.

2-топ:Хабарландыру. Бағдарлама.

3-топ:Пернетақта. Анықтама.

Төртінші аялдама:  «Сөйлеу орталығы»

«Бір тақырыпқа әр қалыпты жазу» стратегиясы бойынша оқушыларға тапсырма беру.

Мұнда оқушылар  «Paint программасының мүмкіндіктері»  атты

тақырыпқа жарнама жасайды.

Үйге тапсырма: Қайталау

Қорытындалау,бағалау


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Paint графикалық редакторында үзінділермен жүргізілген әрекеттер. Үзіндіні жылжыту және көшіру. Үзінділерді көбейту.
«PAINT графикалық редакторы»
Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер
Paint графикалық редакторының құралдары
Қарапайым графикалық редакторы. Суретті сақтау. Графиктік редактордың сурет салу құралдары
Ағашты тіліп жонатын станоктарында жұмыс жасау, ара, сүргі
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу түрлері. Ағаш өңдеу станоктарының құрылысы. Қауіпсіздік ережесі
Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу. Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмысты ұйымдастыру. Қауіпсіздік ережелері
Ағаш өңдейтін токарь станогында жұмыс істеу. Қауіпсіздік ережелері
PAINT графикалық редакторымен жұмыс жасау
Бөлім: Уроки / Информатика | Көрсетілім: 13403 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык