|
|
Программалау тілдері. Turbo Pascal программалау тілі
Сабақтың тақырыбы: |
Программалау тілдері.Turbo Pascal программалау тілі. |
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері: |
|
А) проблеманы шешу |
Әртүрлі өмірлік жағдайларда алгоритмдерді қолдана білуге дағдыландыру. |
Ә) ақпараттық |
Программалау тілдері, Паскаль тілі, алфавиті туралы ақпарат беру. |
Б) коммуникативтік |
Пікірталасқа қатысу, өз ойын ашық айта білуге, өзінің және өзгенің әрекетін бағалау мен талдау. |
Сабақтың типі: |
Аралас |
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: |
АКТ: интерактивтік, желілік, компьютерлік технологиялар |
Сабақтың әдісі: |
Баяндау, сұрақ-жауап, машықтану |
Пәнаралық байланыс: |
Ағылшын тілі, геометрия, бейнелеу өнері, математика, информатика |
Оқыту құралдары: |
Аппараттық: компьютер, интерактивтік тақта, активті қалам Программалық: Turbo Pascal программалау тілі, EasyQuizy автоматтандырылған тестілеу жүйесі |
Сабақтың барысы: |
Оқытушының қызметі |
Студенттің қызметі |
Күтілетін нәтиже |
||
І. Ұйымдастыру бөлімі (2 минут)
|
а) Амандасу ә) Сабаққа дайындықтарын тексеру |
Оқытушымен амандасу. Оқулықтар мен жұмыс дәптерлерін және қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. |
Сабаққа дайындалады. Оқытушының талаптарын түсінеді, орындайды. |
||
IІ. Өткен материалды қайталау (5 минут) (2 – слайд) (4 – слайд) |
Интерактивтік тақтада мультимедиялық проектор көмегімен студенттерге өткен есеп шығару кезеңдерін қайталауға арналған сәйкестендіру тапсырмасын орындау. 1 – тапсырма.
2 – тапсырма. Тақтада көрсетілген суреттерге номерлерді сәйкестендіру тапсырмасын орындау. 3 – тапсырма. Тақтада көрсетілген геометриялық фигураларға алгоритм орындалуының қандай кезеңі жазылатынын анықтауға арналған тапсырма орындау.
|
Студенттер есеп шығару кезеңдерін еске түсіріп, берілген кезеңнің ретін жазады. Номерлерге суреттерді сәйкестендіреді. Содан кейін арқылы алгоритмнің анықтамасын қорытып шығарады. Геометриялық фигуларға жазылатын командаларды дұрыс жазады.
|
Сәйкестендіру тапсырмаларын орындау арқылы есеп шығару кезеңдерін естеріне түсіреді. Алгоритмнің анықтамасын еске түсіру арқылы жаңа сабақты меңгеруге дайын болады. Алгоритмнің блок – схема түрінде жазылу түрін еске түсіреді, алгоритмді блок – схема көмегімен шығаруды меңгереді. |
||
ІII. Жаңа оқу материалын қабылдауға әзірлік |
Сөзжұмбақтың сұрақтар оқылады.
|
Сөзжұмбақ шешеді.
|
Берілген сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты меңгеруге дайын болады. |
||
ІV. Жаңа материалды түсіндіру (15 минут) (10 – слайд) (14 – слайд) |
Алдымен интерактивтік тақтада Программалау тілдері, Turbo Pascal программалау тілі туралы слайдтар көрсетіледі, жаңа сабақ түсіндіріледі. Қазіргі кезде 3500-ден жоғары әр түрлі программалау тілдері бар және осылардың ішінен шектелген саны ғана программалық бөлімді құруға жаппай қолданылады. Программалау тілдерінің саны көп болуына байланысты олардың бірнеше классификациясы бар. Оның ішінде негізгі 2 түрге: функционалдық мәніне және қолданылатын программалау технологиясына байланысты бөлінеді. Программалау тілдері функционалдық мәніне байланысты 4 үлкен классқа бөлінеді: 1. программалауға үйретуші; 2. жалпы мәнді; 3. проблемалық –бағытталған; 4. параллель программалаушы; Қазіргі жоғарғы деңгейлі тілдерді осы классификацияға сәйкес қарастырамыз. ; Программалауға үйретуші тілдер қатарына жататын жоғарғы деңгейлі тілдердің негізгілері Logo,Basic және Pascal. Turbo Pascal – жоғарғы деңгейлі программалау жүйесі. Оның тұңғыш нұсқасын 1970 жылы швейцария физигі Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Блез Паскальдің құрметіне Паскаль деп атады.
Меню командасын пайдалану үшін: ¢ Ctrl+F9 RUN (орындау) ¢ Аlt+F5 (нәтиже шығару) ¢ F2 -File/save& ¢ File-Exit (ТПортасынжабу) ¢ F3-File/Open (ашу) Turbo Pascal программалау ортасын іске қосқаннан кейін экранда келесі түрдегі терезе пайда болады. Ол үш өрістен құралған: 1) негізгі меню қатары; 2) редактор терезесі; 3) қалып-күй қатары.
|
Жаңа тақырып аясындағы білімдерін жаңғыртып, қойылған мақсаттарға жетуге әрекеттер жасайды. Ұсынылған ақпаратты дәптерлеріне жазып алады. |
Программалау тілдерінің классификациясы, Turbo Pascal программалау тілінің ерекшеліктері, терезе құрылымыментаныс болады. Программалау тілдері 4топқа бөлінетінін біледі. Турбо Паскаль тілінің программалау ортасымен танысады. |
||
IҮ. Жаңа білімді бекіту а) практикалық жұмыстар (30 минут) |
Деңгейлік тапсырмалар орындайды. Берілген есептерді Паскаль программалау тілінде бағдарламасын құрады. 1. Үш санның қосындысын есептейтін бағдарлама құрыңыз. |
Практикалық жұмыстарды орындайды, түсінбегендерін сұрайды. |
Туындаған проблеманы өзбетімен шеше білуге ұмтылады. Есептің шығару жолын Turbo Pascal программалау тілінде орындауды үйренеді. |
||
ә) тест (10 минут) |
Автоматтандырылған тестілеу бағдарламасының көмегімен тест тапсырмаларын орындайды.
А) 3 Б)2 С)5 Д)4
А) Никлаус Вирт Б)Блез Паскаль С)Әл - Хорезми Д)Ада Лавлейс
А) негізгі меню қатары Б) құралдар тақтасы С)редактор терезесі Д)қалып – күй қатары
А) BEGIN Б) PROGRAM С)END Д)READ 5. Паскаль тілінде айнымалыларды енгізу қандай қызметші сөзден кейін жазылады? А) BEGIN Б) END С) READ Д)WRITE 6. Паскаль тілінде нәтижені шығару қандай қызметші сөзден кейін жазылады? А) BEGIN Б) END С) READ Д)WRITE 7. Паскаль тіліндегі программа қандай қызметші сөзбен аяқталады? А) BEGIN Б) END С) READ Д)WRITE 8. Енгізілген программаны компиляциялау үшін қандай команданы орындау керек? А) Alt+F9 - Compile Б) Ctrl+F9 - RUN С) Аlt+F5 Д) F2 - File – Save 9. Никлаус Вирт программалау тілін кімнің құрметіне байланысты атады? А) Чарльз Бэббидж Б) Джон Фон Нейман С) Блез Паскаль Д) Ада Лавлейс 10. Паскаль тілінде айнымалылар қай бөлімде сипатталады? А) BEGIN Б) VAR С) END Д) READ |
Тест сұрақтарына жауап береді:
|
Есеп шығару кезеңдері туралы білімдерін жүйелейді. Өз ойын ашық айта білуге үйренеді.
|
||
Ү. Үйге тапсырма. |
Үй тапсырмасын беремін. Үй тапсырмасы:1. Шеңбердің радиусы 5см-ге тең. Шеңбердің ауданын есептейтін бағдаралама құрыңыздар. 2. Радиусы r=3,5 см болатын шеңбердің ұзындығын есептейтін бағдарлама құрыңыз. |
Үй тапсырмасын жазып алады.Оны орындау әдістемесін түсінеді.
|
Паскаль программалау тілі бойынша электрондық оқулықты қолданады, мазмұны бойынша кітаптарға бағдар жасайды, есептерді шығарады.Үй тапсырмасын орындауға қажетті ресурстарды анықтайды. |
||
ҮI. Қорытындылау. (4 минут) |
Сабақты қорытындылаймын. Сабаққа белсене қатысып, есептерді шығарған студенттерді бағалаймын.Сау болыңыздар. |
Оқытушы сөзіне назар аударады. Жетістіктермен кемшіліктерді қабылдайды . Жұмыс орнын жинайды. Оқытушымен қоштасады. Сау болыңыз. |
Сабақта жіберілген өз қателіктерін, кемшіліктерін мойындайды, сынды қабылдау арқылы өзіндік даму жүзеге асады. Өз бетімен ақпараттық әрекеттің түрлерін тиімді жүзеге асырады. |
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |