Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау


«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау

«Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау

№177  орта мектеп

Пән мұғалімі: Мергенбаева А

Пәні: Химия

Сыныбы: 8  

Сабақтың тақырыбы: «Бастапқы химиялық ұғымдар» тақырыбын қорытындылау

Сабақтың мақсатыХимиялық теңдеулерді, заттардың формулаларын құруды, реакция типтерін  ажырата білуді  жетілдіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты:

Оқушылардың ойлау дағдыларын арттыру, білімді іс жүзінде пайдалана білу дағдыларын дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Әрбір оқушының ұжым алдындағы жауапкершілігін жете түсіне білуге тәрбиелеу. Қоғамдық көзқарастарын қалыптастыру.

Сабақтың типі: өтілген материалдарды қорытындылау.

Сабақтың өту әдістері: сұрақ-жауап жарыс, ойын, оқушы ізденісі, тест

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті тақта, бағалау парағы, жетондар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

 А) сынып оқушыларын түгелдеу

ә) сынып тазалығын тексеру

б) оқушыларды үш топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

ІІ. Сабақтың ұраны.

«Өзіңе сен өзіңді алып шығар,еңбегің мен ақылың екі жақтап»

ІІІ. Сабақтың өтілу барысы:

1-аялдама: «Зеректер елі»

Ұраны: «Іздесең - табасың»,

Талаптансаң- жетесің,

 Зейін салсаң – ұғасың»

  1. «Бақытты сәт» ойыны: әр топқа 7 сұрақ беріледі.

І топ.

1. Заттың химиялық бөлінбейтін ең кіші бөлшегі? (атом)

2.Химиялық құбылыс (химиялық реакция)

3.Молекуласы атомдардың  әртүрінен құралған заттар. (күрделі зат)

4.Химиялық формулада атом  санын көрсететін сан (индекс)

5.Физикалық қасиеттері тұрақты заттар (таза заттар)

6. Шынының сынуы, металдың балқуы-қандай құбылыс? (физикалық құбылыстар)

7. Екі немесе бірнеше заттардан нәтижесінде бір жаңа зат түзілетін химиялық реакцияның типі? (қосылу реакциясы)

ІІ топ

1.Химиялық реакция белгілері? (жылу, жарық тұнба, газ бөлінуі, заттың түсінің өзгерісі, иістің бөлінуі)

2.Формуланың алдында тұратын сан? (коэффициент)

3 Физикалық денелерді құрайтын нәрсе? ( зат)

4. Зат массасының сақталу заңын ашқан ғалым? (М.В.Ломоносов)
5.Нәтижесінде бір күрделі заттан бірнеше жаңа заттар түзілетін реакцияның типі? (айрылу реакциясы)
6. Атомның белгілі бір түрі? (химиялық элемент)

7. Молекуласы біртүрлі  атомдардан тұратын зат? ( жаңа зат)

ІІІ топ.

1.Элемент атомның қасиеті? (валенттілік)

2. Құрам тұрақтылық заңын ашқан ғалым? (Ж.Л.Пруст)

3. Бастапқы заттан жаңа зат түзілетін құбылыс? (химиялық құбылыс)

4. Химиялық реакцияларды таңбалар мен формулалар арқылы шартты түрде жазу. (химиялық теңдеулер)
5. Зат мөлшерінің өлшемі? (моль)
6. Екі күрделі зат арасындағы құрам бөліктерін алмастыра жүретін химиялық реакциялар? (алмасу реакциясы)
7. Атом-молекулалық ілімнің негізін салушы орыс ғалымы? (М.В.Ломоносов)

  1. «Айқыштар мен нөлдер» ойыны – ұтымды жолды таңда.

ІІ.»Айқыштар мен нөлдер» ойыны:

І-топ: (таза заттарды тап)

 

Күкірт

Қант

Кофе

Алтын

Поливитамин

Темір

Спирт

Құм

Сүт

 

ІІ-топ: (қоспаларды тап)

 Граний 

Темір

Фосфор

 Теңіз суы

Шақ

Құм

 Мыс

Күкірт

Темір сульфиді

 

ІІІ топ:(жай заттарды тап)

Темір

Азот

Сутек

Су

Күкірт оксиді

Ауа

Мыс оксиді

Оттек

Алтын

 

ІІІ. «Элементті танисың ба?»

    Оксидтердің формулаларын жазыңдар.

І топ:                          ІІ топ:                               ІІІ топ:

 

 а) Al                          а)   S (VI)                           а)  P (v)

 ә) Cu (II)                   ә)   K                                  ә)  Na

IV. «Кім жылдам»  - эстафеталық жарыс - әр топтан 3 оқушыдан шығып 1 минутта формула құрастыру.

І топ:

а) Ba + O2

ә) MgCO3

ІІ топ:

а) Na + Cl2

ә) H2O      H2 + O2

ІІІ топ:

а) S+O2

ә) Ag2O

2-аялдама: «Білім құмарлар елі»

  Ұраны: «Өнер – ағып тұрған бұлақ,

                  Білім – жанып тұрған шырақ»

  1. «Элементті танисың ба?» - валенттілік бойынша формула құрастыру.
  2. «Кім жылдам?» - эстафеталық жарыс-химиялық қосылыстардың формуласын құрастыру.
  3. «Көршіге сену» - химиялық теңдеулер құрастыру, теңестіру.

3-аялдама: «Зиялылар  елі»

Ұраны: «Болмасаңда ұқсап бақ,

               Бір ғалымды көрсеңіз.

               Ондай болмақ қайда деп

                Айтпа ғылым сүйсеңіз»

  1. Құрам тұрақтылық заңы;
  2. Зат массасының сақталу заңы;
  3. Атом – молекулалық ілім.

4-аялдама: «Қызықты химия елі»

 Ұраны: «Ғажайып нәрсе химия,

Тұңғиық сыры әр алуан.

Жоғалып бір зат зым-зия

Жаңадан  бірі жаралған»

Ғ.Орманов.

1. «Есептей білеміз бе?»- есептеу есептерін шығару.

І топ:

Массасы 230г натрий күкірт қышқылымен (H2SO4) әрекеттескенде түзілетін натрий сульфатының (Na2SO4) массасын есептеп шығар.

ІІ топ:

Мөлшері 2 моль фосфор қышқылының (H3PO4) массасын есептеп шығар.

ІІІ топ:

40г темір (ІІІ) оксидінен темірді алу үшін сутектің қанша молі жұмсалады?

5-аялдама: «Химия шыңы»

Ұраны: «Білімнің басы бейнет, соңы зейнет»

Тапсырма: тест тапсырмасын беру.

  1. Химиялық құбылысқа жататындар

а) бензиннің жануы

ә) сүттің ашуы

б) қардың еруі

в) ағаштарда қыраудың пайда болуы

2. Таза заттарға жататындар.

а) мыс

ә) қант ерітіндісі

б) күкірт

в) мыс кені

3. Күрделі заттарды табыңдар

а) күміс

ә) су

б) күкірт

в) мыс сульфиді

4. MgO қосылысындағы магнийдің валенттілігін анықтаңдар

а) 1             ә) 3                      б) 2                  в) 4

5. Берілген реакция теңдеуіндегі фосфордың алдындағы коэффициент

 

   P + O2   - P2O5

а)                            ә) 2                         б) 3                        в) 4   

ІV. Оқушыларды бағалау

 Химия пәні қиын емес бағала

 Білім іздеп, ғылым қуған данаға,

 Зейін қойып, күресіп еді оқушы

 Шықты бүгін «Химияның шыңына»

V. Сабақты қорытындылау.

«Өмірдің басты құпиясы мынада: бір адам –нөл, олар біріккенде ғана адамдар» Д.И.Менделеев

VI. Үйге тапсырма беру: Бақылау жұмысына дайындық.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Физикалық және химиялық құбылыстар
Химиялық реакция теңдеулері
Бастапқы химиялық ұғымдар
Атомдар және молекулалар, атом-молекулалық ілім және оның маңызы.
Химиялық реакциялардың типтері: қосылу, айырылу.
1 тарау бойынша қайталау сабағы
№1 бақылау жұмысы
Химимядан бақылау жұмысы
Бастапқы химиялық ұғымдар тарауын қайталау
Оксидтердің химиялық қасиеттері. Қолданылуы
Бөлім: Уроки / Химия | Көрсетілім: 4083 | Қосты: Мергенбаева Ақсұлу | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык