Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Бөлім: Уроки / Химия |
Көрсетілім: 13011 |
|
|
|
Химия және экология
Химия және экология
«Табиғатпен байланыс балаларға тек эстетикалық тәрбие беріп қоймайды, сонымен қатар, баланың бойында адамгершілік көзқарасы дамыйды, дұниетанымы кеңейтіледі және алған әсері толықтырылады»
К.Д. Ушинский
Түсінік хат
Курстың оқыту бағдарламасы 34 сағатқа 10-11-сынып оқушыларына есептелген. Химия пәнінің оқулығының тараулары бойынша негізделген бағдарлама. Бағдарлама аудан көлемінде аудандық әдістемелік кабинетімен таратуға ұсынылған ( хаттама№3 9 қаңтар 2012 жылы) . Бағдарлама авторы: жоғары санатты химия-биология пәнінің мұғалімі В.Бакитова
Қоршаған ортаны қорғау мәселесін шешуде ең маңызды рөлді білім саласы атқарады. Жер бетінде өмір сүретін адам жас күнінен бастап қоршаған ортаға қамқорлықпен қарамау қандай зардабтарға әкелетінін білу керек; қоршаған ортаның ластану себебінен қандай арурулар пайда болатыны; генетикалық ауытқулар; өсімдіктермен жануарлырдың өлімдері; жердің құнарлығының төмендеуі; ауыз су қорының азаюы т.б. Бұны тек біліп қоймай, сонымен қатар, бұл жағдайдағы өзініңде жауапкершілігін сезіну қажет. Бірақта , бүгінгі мектеп түлектерінің денсаулықты, адамзатты, биосфераны сақтау мәселелері бойынша білімдері тайыз және жалпы экологиялық мәселелер туралы білімдері төмен.
Химия пәнін экологияландырудың негізгі мақсаты -бүгінгі оқушыларды қоршаған ортаны ластану мәселерін шешуде белсендіктерін арттыру . Қазіргі заманда экологиялық мәселелерді шешуде жаңа бағдарламалар еңгізілуде. Ең тиімді әдістердің бірі-бұл экологиялық мәселе бойынша есептер шығару.
Оқу үрдесінде бұл әдістерді пайдалану теориялық материалды дәлелдеп күнделікті өмірде тиімді пайдалануда ықпал тигізеді. Сұраққа жауап алуда оқушы міндетті түрде табиғатты қорғау мәселелермен байланысып осы алған білімді күнделікті өмірде пайдалануға мүмкіндік алады.
Бұл бағдарлы курстың бағдарламасы табиғатта, тіршілікте кездесетін химиялық үрдістердің нәтижесінде пайда болған заттардың тірі организмге тигізетін зиянын сабақтастық ұстанымымен оқып білуді үйретеді.
. Тақырыптың маңыздылығы
Химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр.
Сонымен қатар, дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі – химияның әсерінен адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Мұны шешудің бірден – бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Курстың принциптері мен міндеттері
Курс негізіндегі принциптер:
-«Экология білім арқасында»
-оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
Бағдарламаның міндеттері:
-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, әр түрлі заттардың күнделікті өмірде қолдануын тәжірибе жүзінде дәлелдеуі, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;
-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;
-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдасын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Оқу процесін ұйымдастыру
Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:
- Курсқа қызығушылықты арттыру;
- Белсенді қатысу;
- Еркіндік және диалогқа дайындық;
- Өз ойына сеніммен қарау.
Әдістер:
- Зерттеушілік – ізденіс;
- Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;
Жұмыс түрлері:
- Әңгіме, семинарлар, пікірталастар, сарамандық жұмыстар, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.
Бағалау барысы:
- Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;
- Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;
- Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;
- Дербес жауап;
- Материалдық логика;
- Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.
Күтілетін нәтижелер:
1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.
2.Экологиялық жағдайаттарды шеше біледі.
3.Экологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.
4. Танымдық қабілеттері дамиды.
5. Экологиялық мазмұны бар есептерді шеше біледі.
1.2. Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы
Блок І «Жай және күрделі заттар» (6 сағат)
Экология, биосфера туралы түсінік.Экология ғылымының бағыттары. Биосфераның ластануы. Заттар – ластағыш және олардың шығу көзі.Озон ойықтары. Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы. Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі.Микро-,
макро-, ультроэлементтер.
Блок ІІ «Оттек» (4 сағат)
Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы. Таза ауа. Ауаның ластанудан сақтау. Автокөлік және адамдар. Жүргізушілерге қоршаған ортаны қорғауда кеңес. Жанудың пайда болуы және өрттің өшу жағдайлары. Бенгал оты. Эльма оты.Адам организмінде оттегінің жетіспеушілігі.Қорыл.
Блок ІІІ «Сутек» (2 сағат)
Сутегі – болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі болмақ. Металл гидриттері – автомобиль үшін сутекті жанғыш отын.
Блок ІҮ «Ерітінділер. Су» (6 сағат)
Су. Судың құрамы. Ергіштік. Су сапасының мәселесі: судың қасиеттері, құрамы. Су сапасының стандарты. Су сапасын жақсартудағы әдістер. Судың маңыздылығы.Табиғаттағы су. Суды пайдалана білу.
Сарамандық жұмыс №1 « Судың кермектігін жою»
Блок Ү «Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар» ( 7 сағат)
Адам организмдегі қышқылдар мен тұздардың рөлі. Организмнің қышқылдану – тез және ертеден қартаюдың бір себебі. Қышқыл жаңбырлар: себебі, зардабы және ескерту.
Сарамандық жұмыс №2 «Мектеп учаскесіндегі топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігін анықтау»
Топырақтың және судың тұздануы – табиғи ортаның бұзылуына әкелетін факторлардың бірі.
Сарамандық жұмыс №3 «Нұрлыбай сорының суы мен батпағының құрамы мен тұздылық мөлшерін анықтау»
Блок ҮІ «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі» (3 сағат)
Мария Кюри – Сколодовсканың еңбектері. Табиғи ортаның радиоктивті ластану мәселері: себебі, зардаптары, мүмкін болатын шешу жолдары. Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий.
Блок ҮІІ «Бейорганикалық химия курсын қорытындылау» ( 6 сағат)
Сарамандық жұмыс №4 «Экологиялық бағытта бейорганикалық, органикалық химия есептерін шығару»
Бейорганикалық заттар – тұрмыста, өндірісте, медицинада Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны, оны болдырмау жолдары.
1.3.«Химия және экология» курсының тақырыптық жоспары (34 сағат)
№ Химия пәні
бойынша тақырып Сабақтың тақырыбы Сағат саны Дәрістер практикум
Блок І «Жай және күрделі заттар» Экология, биосфера туралы түсінік. Табиғатты химиялық ластауш заттар. 2 2
Химиялық элементтердің табиғатта таралуы және айналымы 2 2
Адам организміндегі химиялық элементтердің мөлшері, атқаратын қызметі. 2 2
Блок ІІ «Оттек» Ауа және оның құрамы, ашылу тарихы. Таза ауа. 1 1
Ауаның ластанудан сақтау. 2 2
Адам организміндегі оттегінің жетіспеушілігі 1 1
Блок ІІІ «Сутек» Сутегі – болашақта экологиялық таза жылу энергия көзі. Металл гидридтері – автомобиль үшін сутекті жанғыш отын. 2 2
Блок ІҮ «Ерітінділер. Су» Су. Сапасы. Тазарту жолдары 2 2
Судың кермектігін жою 1 1
Судың маңыздылығы 1 1
Қазақстандағы теңіз, көлдердің және өзендердің экологиялық жағдайы 2 2
Блок Ү «Оксидтер. Негіздер. Қышқылдар. Тұздар» Адам организміндегі қышқыл мен тұз: организмнің қышқылдынуы және тез қартаю 2 2
Қышқылдық жауындар 2 2
Топырақтың қышқылдық жаңбырға төзімділігі 1 1
Табиғат суының тұздануы мен топырақтың сор болуын жою тәсілдері 1 1
Нұрлыбай сорының суы мен батпағының құрамы мен тұздылық мөлшері
.
1 1
Блок ҮІ «Д.И.Менделеевтің периодтық заңы және жүйесі» Мария Кюри-Склодовсканың радиоактивті элементерді зерттеудегі еңбектері. 1 1
Табиғи ортаның радиоактивті ластануы 1 1
Адам организміне зиян тигізетін элементтер: қорғасын, кадмий. 1 1
Блок ҮІІ «Бейорганикалық химия курсын қорытындылау» Экологиялық бағытта бейорганикалық, органикалық химия есептерін шығару 3 3
Бейорганикалық заттардың адам өміріне тигізетін зияны, оны болдырмау жолдары 2 2
Химиялық – экология лық ойын 1
Оқушыларға арналған әдебиеттер:
1. «Химия мектепте» №1 2008 ж. «Мұнай» тарауын қортындылау.23 бет
2. «Химия мектепте» №6 2005ж. «Табиғатты қорғайық» 40 бет
3. «Химия мектепте» №3 2005ж. «Таза ауа тапшы болмасын» 45 бет
4. «Химия мектепте» №3 2007ж. «Автокөлік және адамдар» 65 бет
5. «Химия мектепте» №6 2007ж. «Вигатенді технология» 8 бет
6. «Химия мектепте» №6 2003ж. «Отын және оның қоршаған ортаға әсері» 42 бет
7. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Ғаламшардың маңыздысы» 51 бет
«Судың тазартудың маңыздылығы»51 бет
«Жер шарының тынысы» 66 бет
«Бағдарлы курс. Көмір» 71 бет
8. «Химия мектепте» №3 2005ж. «суды пайдалана білу» 67бет
9. «Химия мектепте» №4 2007ж. «Оқушы-мамандар» 72 бет
10. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Барлық дүниенің бастамасы» 58 бет
11. «Химия мектепте» №5 2008ж. «Мария Кюри - Склодовска» 73 бет
12. «Химия мектепте» №2 2007ж. «Биогнеді элементтер» 48 бет
13. «Химия мектепте» №2 2008ж. «Ауыр металдар» 31 бет
Мұғалімге арналған әдебиеттер:
1. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет
2. «Химия мектепте» №4 2005ж. «Баспасөз конференциясы» 77 бет
3. «Химия Қазақстан мектебінде» №1 2009ж. «Тұрмыс химиясы» 38 бет
4. «Химия Қазақстан мектебінде» №2 2008ж. «Экология-химия сабағында» 52 бет
5. «Химия мектепте» №1 2008ж. «Пәннің Тұрмыс химиясы» 67 бет
6. «Химия мектепте» №1 2009ж. «Ауаны ластанудан сақтайық» 39 бет
7. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан -2030. 1998ж
Л.Н.Бушман. Шөлімізді қандыра аламыз ба? Алматы.2002ж,20 бет
«Химия мектепте» №5 2006ж. «Судың сапалық көрсеткіштері» 3бет
«Химия мектепте» №2 2006ж. «Су таңғажайып зат» 6 бет
«Химия мектепте» №1 2007ж. «Пәннің мүмкіндігін пайдалану» 67 бет
8. «Химия мектепте» №3 2003ж. «Қышқылдық жаңбырлар және олардың қоршаған ортаға әсері» 9 бет
9. «Химия мектепте» №1 2007ж. «Кейбір заттардың адам ағзасына әсері» 23 бет
10. М.Н.Нұрахметов Химия 2006 жыл
Ю.Н.Кукушкин.Химия біздің айналамызды. 1992 жыл
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История открытые уроки по истории |
Педагогика открытые уроки по педагогике |
Биология открытые уроки по биологии |
Информатика открытые уроки по информатике |
Математика открытые уроки по математике |
Физика открытые уроки по физике |
Химия открытые уроки по химии |
Разное открытые уроки |
География Открытые уроки по географии |
русский язык |