Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Сабақ жоспары


Сабақ жоспары

Сабақ жоспары

Пәні:

Кәсіби қазақ тілі

Тобы:

 

Уақыты:

 

Сабақтың тақырыбы:

«Армысың, әз Наурыз! (тіл дамыту сабағы)

Сабақтың мақсаты:

 

1) білімділік   

Студенттерге  «Наурыз мейрамы» туралы мағлұмат беру, студенттердің  білім деңгейін көтеру, топтық түрде білім алуға баулу;

 2) дамытушылық  

Сабақтың өту барысында оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, мәнерлеп оқуға баулу, пәнге  деген  қызығушылығын арттыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту    

3) тәрбиелік   

Студенттерді   халқымыздың  салт – дәстүрлеріне  құрметпен қарауға,елжандылыққа, мәдениетті сөйлей білуге тәрбиелеу, сөз өнерін, тіл мәдениетін меңгерту 

Сабақтың типі:

Дәстүрлі емес

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар :

Педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландыруға  негізделген технологиялар

 Сабақтың әдісі:                                                                                                           

Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі-иллюстративті, диалогтік тәсіл, АКТ, суреттеу,  деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі:

 Кітап көрмесі, әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған қима қағаздар,тақырыпқа байланысты плакат,слайд 

Пәнаралық байланыс:

Қазақстан тарихы, мәдениеттану

Оқыту құралдары:

Мультимедиялық  проектор, музыкалық аппарат  т.б  

 

Сабақтың барысы:

                 

Оқытушының қызметі

 

Студенттің  қызметі 

1. Ұйымдастыру бөлімі

Дәрісхананы  сабаққа  дайындау, жаңа сабақты түсіндіруге кірісу

Кезекшілік қызметін атқару

2. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақтар қою арқылы

Берілген тапсырма бойынша жауап беру  

3. Жаңа материалды түсіндіру

Жаңа сабақтың маңыздылығын, өзектілігін түсіндіру:

Оқытушы: 1) Наурыз  мейрамы  туралы  түсінік

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт - дәстүрлері мен әдет - ғұрыптары рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. 

Наурыз десе – көгімде жүзді күнім,

Наурыз десе – көркейтер түз де гүлін.

Наурыз деген – ырысым, ынтымағым,

Наурыз деген – дәстүрім, ізгілігім.

НАУРЫЗ - жыл басы, ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің, ыстық пен суықтың, қыс пен жаздың, қараңғы мен жарықтың теңеліп, жер арқасы кеңіп, жан-жануарлар, өсімдік дүниесі, күллі тіршілік әлемі жан алып, қайта түлейтін Табиғат мерекесі. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жарандарды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау еткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылған. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күресқыз қуу, алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналған.

 

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз («йас») бен алты ай қысқа («қыш») бөлінген. Тіліміздегі «алты ай жаз бойы», «ала жаздай», «алты ай қыс бойы», «ала қыстай» секілді сөз оралымдарын осы бір түсініктің жаңғырығы десек те болады. Дәптерлеріңізге осы сөз оралымдарын жазып алыңыздар.

Кеңес өкіметінің алғашқы кезеңдерінде (1920 – 1925) шығыс халықтары бұл мерекені атап өткенімен, 1926 жылы ол “діни мейрам”, “ескілік сарқыншағы” деп танылып тоқтатылды, бірақ Қазақстанның бар аумақтарында жасырын түрде сақталып қалды. 1988 жылдан Алматы қаласында, республиканың көптеген аудандарында Наурыз жалпыхалықтық мейрам ретінде қайта тойлана бастады.Наурыз мейрамы туралы

  1. Жүргізуші:

         Салтымен ата-бабаның

         Жаңғырды қайта заманым

         Тіршілік басы, о, Наурыз

         Қайырлы болсын қадамың!

 Бұл – күн мен түннің теңелетін, қыс ызғары кетіп, көктем лебі сезілетін уақыт. Бұл кезде мал төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиеді. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атап, жаңа жылдың басы деп санаған. Наурыздың 21 - нен 22 - сіне қараған түн осы күнге сәйкес келеді. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Ол күні жаңбыр не қар жауса, «нұр жауды», «туар жыл жақсы болады» деп қуанған халқымыз. Бұл күні адамдар бір - бірімен төс қағысып амандасады, өкпелері болса, кешіреді. Ұлыс күнінде сәлемдесудің қалыптасқан дәстүрі бар. Адамдар бір – бірімен кездескенде:
Жасың құтты болсын!
Өмір жасың ұзақ болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Пәле - жала жерге енсін! – деп құттықтайды.
Наурыз күні таңертең әйелдер мен ерлер қолдарына күрек, кетпен, ал қыз - келіншектер құрт, ірімшік, сүт, піскен ет алып далаға шығады. «Бұлақ көрсең, көзін аш» деп, жігіттер айнала төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атадан мал қалғанша, тал қалсын!», «Бір тал кессең, он тал ек!» деп, қариялар бұлақ басына ағаш егеді.


 Ендігі кезекте сіздердің назарларыңызға еліміз үшін жалпыхалықтық мереке болып саналатын Наурыз  мерекесі туралы мына бір бейнематериалды ұсыналық.

Оқытушы:  Қазақтар Ұлыс күнді «жыл басы» санайды. Тілімізде Наурызға қатысты «жер бетіне жақсылық ұялаған күн», «ұлыстың үлы күні — ұлыс күн», «ұзақ ұшып келген күн», «жыл басы»— жылқышы торғай (нәуірзек) келген күн, «көк кұт көзін (өсімдік) ашқан күн», «жылдың жерге түскен күні», «Самарқанның көк тасы еріген күн» тәрізді бейнелі сөз  оралымдары сақталған.Дәптерлеріңізге осы сөз оралымдарын жазып алыңыздар.

Осылардың бірі — «Самарқанның көк тасы еріген күн» деген сөз  оралымына  тоқтала кетейік .

Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша 21 март түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түн — «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр — адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып персонаж. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы — Қыдыр ата даланы кезіп жүріп,

 

назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.

Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен сағат 6-да таң себездеп атқан кезде біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа - тұс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22  наурыз күнгі таңғы сағат 3-те қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қыдыр баба аралап, Самарқанның көк тасын ерітсе керек.

 

Өткен сабақта сіздерге қосымша үй тапсырмасы ретінде осы мереке жөнінде материал жинақтау міндеттеліп еді. Ал ендеше кім дайын екен? Қолдарымызда көтеріп, кезекпен жауап берелік.

 

1 ) Топ студенттерінің жауаптары тыңдалады. 

 

2)  Жүргізуші:  Наурыз күнi думан-тойды аталарымыз наурызнама атаған. Ұйытқысы, әрине, - жастар. Содан болар, ән мен би, ойын-сауық түннiң бiр уағына дейiн созылған. Халқымызда «Ақ боран», «Ақсүйек» ойындары бар. Онымен қатар бұл күнi наурыз жыр, наурыз жұмбақ, наурыз айтыс, түрлi әзiл-қалжың, мадақтау өлеңдерi айтылады. 

Сең жүредi көктемде астан-кестең, 
Ақ атанның бауырын арқан кескен. 
Ұлы күнi ұлыстың бас қосқанда 
Өлеңiңдi айт, құрбыжан қатар өскен, 


- деп, қос-қостан жұптасып, айтысқа түседi екен. Осы дәстүр бойынша сіздер дайындаған Наурыз жырларын  тыңдайық. 

 

3) Топ студенттерінің жауаптары тыңдалады.

 

Оқытушы: Бәріңіз  де  Наурыз жырларын біледі екенсіздер. Ендігі кезекті  Артурға берелік. 

Артур:  Наурыз сөзінен бастау алған қандай сөздерді білесіздер?                

 

 

Наурызша – наурыз айында түсетін қиыршық қар./жеңіл, үлпілдек/
Наурыз   көже – наурыз мерекесінде пісірілетін ұлттық тағам түрі.
Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.
Наурызшешек - өте әдемі көпжылдық гүлді өсімдік / қызыл, күлгін, сары/
Наурыз бата – наурыз айында берілетін тілек
 

Оқытушы: Өздеріңізге берілген аз ғана уақыт ішінде берілген тапсырманы жақсы орындап шықтыңыздар,рахмет.

Жүргізуші: Қазақ халқы ежелгі заманнан бері ән мен жырға бай халық. Соның ішінде Наурыз мейрамына арналған әндердің орны ерекше. Сол себепті де мына бейнематериалды назарларыңызға ұсынамыз.

 

Жаңа сабақ бойынша берілген мағлұматты  меңгеру

4. Жаңа материалды бекіту

Оқытушы:   Бүгінгі  сабағымызды  бекіту  мақсатында  мына берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып «Қазақтың ұлттық  ойындары» атты шағын мәтін құраңыз.

 

Қазақ халқы,алғашқы деректер,ұлт ойындарына,тұрмыс-салт ойындары,италиялық саяхатшы Плано Карини, «Сақина тастау», спорттық ойындар,«Айгөлек», «Алтыбақан»,ой дамыту ойындары

Жүргізуші: Бүгін сіздер топтарыңыздың білімді де белсенді,ынтымақ-бірлігі жарасқан топ екендеріңізді байқаттыңыздар.Әрі қарай  «Сақина салу» ойыны арқылы мына сұрақтарға жауап берсеңіздер.Сақина кімге түссе, сол кісі сұраққа жауап беруі керек. Сұраққа жауап бере алмаса ойыннан шығарылады.

1) Наурыз көжеге салынатын жеті тағамды ата.
2) Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата.
3)Қазақ  халқының  ұлттық тағамдарын ата.
4) «Наурыз» сөзі не деген мағынаны білдіреді?
5) Қазақстанда Наурыз мейрамы қай жылға дейін тойланды?
6) Қай жылдан бастап ресми түрде қайта тойлана бастады?
7)Ас атасы? (Нан)
8) Сиыр сүтінен жасалатын ұлттық тағам түрін ата? (Айран)
9) Киіз үйдің құралы. (Уық)
10) Қазақтың ұлттық буын биі. (Қаражорға)
11) Жылқы сүтінен жасалатын ұлттық сусын түрі. (Қымыз)
12) Ұлттық ойындарды атаңыз.

Оқытушы:  Ұлыс - жақсы тiлектер күнi. Араздасқандар төс қағысып, татуласады. Сондықтан да бір-бірімізге деген Наурыз тілектерімізді тыңдайық.

Топ студенттерінің бір-біріне деген Наурыз тілектері тыңдалады.

Тақырыпты пысықтау мақсатында берілген тапсырманы орындау

5. Үй тапсырмасы.

Қорытындылау.

Оқытушы:  

Сонымен, бүгінгі сабағымызда  теориялық тұрғыда  өтілген материалдарды тіл дамыту барысында қолдана отырып, Наурыз мейрамы,қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көптеген маңызды мәліметтер алдыңыздар деп ойлаймын.Енді үй тапсырмасын жазып алыңыздар.  

1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері» тақырыбында  реферат, глоссарий жазу

2. Өтілген материалдар бойынша тест тапсырмаларын дайындау

Топ студенттерін бағалау

Жүргізуші: «Құлақтан кіріп,бойды алар

                      Әсем ән мен тәтті күй.

                      Көңілге түрлі ой салар,

                      Әнді сүйсең менше сүй!» деп Абай атамыз айтқандай, Наурыз мейрамында жиылған  халық өз өнерлерін көрсеткен. Сол себепті де бүгінгі ашық сабағымыздың қонағы Ерқараев Азаматтың  орындауында  «Қазақ күйлері»атты  күй  тыңдалық.    

Жүргізуші: Сәулесіндей көріндей таңғы үміттің,
                     Басын қостың салт – дәстүр сан ғұрыптың.
                     Жаса Наурыз, жарқыра көкте күндей,
                     Мерекесі достықтың, мәңгіліктің – деп сабағымызды аяқтаймыз.

Оқытушы:  Сабақ аяқталды, сау болыңыздар. 

Берілген тапсырманы келесі сабаққа орындап келу

Оқытушы:


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Қош,келдің Наурыз!
Армысың, әз-Наурыз!
«Наурыз - жыл басы»
Наурыз –думан.
Наурызым - әз наз гүлім!
Наурыз – жыл басы
Құтты болсын, Наурыз!
Наурыз - думан
Жыл басы Әз-Наурыз
«Жыл басы- Наурыз»
Бөлім: Уроки / Мектептен тыс мекемелер | Көрсетілім: 2373 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык