Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Ұлы ақынға


Ұлы ақынға

                        Ұлы ақынға

Ұлы ақыны, қазағымның кемеңгері, данасы,

Табынады бір өзіңе жырын арнап бар ақын.

Қазақ үшін ақын бар ма Абайдай қанат қағатын,

Сен – жұлдызы қазақтың, мәңгі лаулап жанатын.

 

Із қалдырдың артыңа сан алуан өшпейтін,

Еңбек еттің пайдасы тию үшін халқыңа.

«Бас ақын» деп өзіңді үлгі етеді ұрпағың,

Сен – ақынсың өлеңдері ортақ болған жалпыға.

 

Абай ақын, ұлы тұлға, жан жоқ саған тең келер,

Ол жан емес, байды жақтап, кедейлерді кем көрер.

Халықтың  мұңын мұңдап, жоғын жоқтап үнемі,

Өлеңдері тебірентер, оқығанға дем берер.

 

Абай ақын жалқаулықты жек көрген жасынан,

Өнер сүйді, білім сүйді, ғылым сүйді басынан.

Жас ұрпаққа өнеге қып, өсиет қып әр сөзін,

Өшпейтұғын артына ғибратты сөз қалдырған

Абайды оқы, ерінбе, Абайды оқы жасыңнан!

 

 

         Абай  бабама арнау

 

Шын ақын, сөзі дана – баға жетпес,

Әр сөзі, әр өлеңі естен кетпес.

Елі үшін қызмет еткен ақын Абай,

Шығармасы еліне маржан тектес.

 

Таңқаламын, таңданамын бір өзіңе,

Зер салып, мәнерленген әр сөзіне.

Бақытты болар бәлкім қазағым да,

Абайдай перзент туған ұлы еліне.

 

Қасиетті, дара тұлға, өр тұлға,

Аянбай қызмет еттің өз халқыңа.

Даналығын, ұлылығын асқақтап,

Мол қазына қалдырдың бар жұртыңа

 

Сіз арқылы, барша жұртқа мақтанған,

Сіз арқылы, қазақ  елін таныған.

Жұлдыздай боп, жарқ еткен өр бабам,

Әр кез сенің құдіретіңе табынам.

             Ұлы Абайға

 

Ұлы баба! Даналықтың көзісің,

Жырларынан нәр аламын мен бүгін,

Мақтан етіп сен деп соғар жүрегім,

Орындалсын бір кездегі тілегің.

 

Қалың елің, қайран жұртың, тірегің,

Тек жақсылық, адамдықты тіледің.

Сенің әрбір сөздеріңнен нәр алып,

Жырларыңа басымды иіп жүремін

 

Абай атам дара ақыны халқымның,

Үлгі аламын маржандай әр сөзінен.

Ұлы ақын! Жыр әлемде дарасыз,

Жырыңменен бар әлемді қараттың.

                 Қазағым

 

Асыл текті дархан пейіл қазағым,

Көп қиындық бастан талай кешірген.

Сан қилы артқа тастап жолдарын,

Тартқандай – ақ тауқымет пен тозағын.

 

Қазақ десе Абай тұрар төрінде,

Бар бойына жыр қасиетін  жинаған.

Қазақ десе Ахмет, Мағжан,Шәкәрім,

Ұлты үшін жан қиғандар емес пе.

 

Бөгенбай мен Қаракерей Қабанбай,

Махамбет пен батыр баба Исатай.

Абылай хан, Кенесары, Сырымдар,

Шықпап па еді қан майданға тайсалмай.

 

Осындай қазағым бар мақтан тұтқан,

Намысын  бабалары  таптатпаған.

Ержүрек батырлары алға шығып,

Қазағымның жалауын желбіреткен.

                Ұстазыма

 

Білім беріп, шәкірттерін аялаған,

Мейірімін еш баладан аямаған.

Аяулысы, жан ашыры жас ұрпақтың,

Ұстаз деген – аяулы да ардақты жан.

 

Ренжісе де, қабақ шытпай күліп жүрген,

Бар жылуын шәкіртіне нұр ғып төккен.

Білім беріп, биіктерге жетелеген,

Мың  алғыс, бүгін сізге айтамын мен.

 

Көрінеді барлық істе сан қырыңыз,

Барлық жерде дамыл таппай жүресіз.

Тілеймін зор денсаулық, мол бақытты,

Тек қуаныш сыйласын тағдырыңыз.

 

 

       Алтын ұям – мектебім

 

Ардақтысың алтын ұям – мектебім!

Мен өзіңде талай жылдар көктедім.

Сен болмасаң бұл өмірде егер  де,

Ғалым боп шыға ма екен текке кім?

 

 

Менің де бар армандарым сан алуан,

Алдымда тұр сансыз қилы арманым.

Қасиетті мектебімнің шаңырағын,

Ешқашанда өшірмеймін санамнан .

 

Ақындар да бұл мектептен нәр алған,

Арманымен алыстарға самғаған.

Бұл мектептің құшағынан нәр алып,

Қаншама адам алыстарға таралған.

 

Уа,достарым! Қадірлейік мектепті!

Мектеп деген қасиетті ордалы орын.

Мектеп егер болса зәулім бәйтерек,

Мен боламын сол бәйтерек жапырағы.

              Қазақ тілім

 

Қазақ тілі – қасиетті ардағым,

Жүрегімде сақтау оны арманым.

Тұғырында тұрса тілім үнемі,

Анық менің биіктерге самғарым.

 

Өз ырысын бөліп берсін теңдей кім?

Тіл тұрғанда ешқашанда өлмеймін.

Тіл кесілсе келешекте, егерде,

Тіршіліктің боларына сенбеймін.

 

Әрбір ұлттың өзіне тән тілі бар,

Әрбір халық өз тілдерін пір тұтар,

Сыйла тілді, құрметте, ұмытпа да,

Даңқын шығар, көкке көтер өз тіліңді.

 

Осы тілде тіл қатар бар дүние,

Осы тілде Абай атам жыр жазған.

Жаңа туған бесіктегі сәби де,

Осы тілде Ана әлдиін тыңдаған.

 

                   Тілек

 

Мен қазақтың қызымын ибалымын,

Бабалардың келемін ізіменен.

Инабатты, иманды бойға үйірген,

Ата-анамның қызғалдақ гүлімін мен!

 

Бүгінде заманымызды нарық қысқан,

Қынжылтат, қиыншылық әрбір тұстан.

Еліміздің тыныштығы бұзылмасын,

Сақтасын жерімізді сұм соғыстан!

 

Сәбилердің күлкісі тыйылмасын,

Жастарымыз жамандыққа ұрынбасын!

Тегі дұрыс халықтың қашаннан да,

Пейілі ел-жұртымның тарылмасын!

 

Әрқашан бейбіт өмір орнасыншы,

Сұм індет біздің елде болмасыншы!

Білімді жастарымыз көкке самғап,

Елінің тыныштығын қорғасыншы!

    Тәуелсіз елім Қазақстан!

Қазақстан тәуелсіз елім менің,

Терезесі теңескен бар елменен.

Мақтана айта аламын елімді мен,

Көгінде желбіреген көк туымен.

 

Жайнай бер, жасай бер, елім менің,

Бүгінде бір өзіңе бар әлем басын иген.

Сенде туып, ержетіп, есейдім мен,

Әрқашан  жырыма қосып мақтанамын.

 

Қазақстан  тәуелсіз даңқты елім,

Қазақ деген халқыңды сақтай бергің.

Жағдайымыз күннен-күнге өсіп жатыр,

Еш елден кем болмайық, өр болайық.

 

                   Анама

 

 

Түн ұйқыңды мен үшін төрт бөлдіңіз,

Саған жетер бар ма екен асыл адам?!

Тыным таппай  мені өсіріп келесіз,

Шексіз менің айтар саған алғысым.

 

Сенсің маған жарық өмір сыйлаған,

Сенен ғана бар жақсыны жинағам.

Кешір ана қатем болса көп менің,

Бір өзіңсің аспандағы жұлдызым.

 

Еш мініңді тал бойыңнан таппағам,

Бәрінен де маған қымбат жан анам.

Бүгін міне, жыр арнаймын өзіңе,

Бар жырымды саған арнап жаттағам.

 

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,

Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.

Осынау дөңгеленген дүниеде,

Жан анам кім бар сіздей қымбат маған!

Бірінші сөз - Мінез – адам көрсеткіші

(Абай атамыздың қара сөздеріне еліктеп жазғаным)

 

      Адам ата-анадан туғанда әр түрлі мінезбен туылады. Мінез – адамның  қандай екенін білудің басты негізі. Адам болған соң, өзінің мінезін байқап, жөнге келтіріп, өзіне тән мінезді таңдап алып, оны дұрыс пайдалана білуі керек.

      Әр адам осы мінез арқылы маңайындағы адамдарды таниды.  Түрлі мінездерді көріп, өз бойына дұрысын жинақтайтын болады. Өз мінезімен басқаларды салыстыра отырып саралайды. Орынсыз мінез көрсетуден қашқақтайды. Бұл да адамның бойындағы бір қасиет десе болады.

      Әрбір адам мінезі жеке өзі іске жарамайды. Сол түрлі мінездерді көре отырып, жақсы мінезді ескерсе, жаман мінезден сақтанса, сонда іске жарайды, сонда мінезі жақсы адам десе болады.

      Мінез жақсы болса бар адамға жақсы көрінеді. Жаман болса тысқары қалады. Мінез – адам көрсеткіші деп осыны айтса болар.

 

Екінші сөз - Білім туралы

 

      Егерде білім керек болса, көп оқып, көңілге тоқу керек. Білім ешқашан таусылмайтын кен. Бар ниетіңді салып, білім алсаң, сол сенің тірегін. Бірақ құдай тағала бәріне бірдей ниет беріп қоймайды. Сонымен бірге ниетсіздік береді. Осыдан келіп жалқаулық пайда болады. Еңбексіз еш нәрсе орындалмайды.

      Білім алу үшін ерінбей еңбек ету керек қой. Кейбіреу білімді оңайлықпен алуды көздейді. Ол дұрыс емес. Ешнәрсе тектен тек келе салмайды. Әр заттың өзіңдік қиыншылдығы қатар жүреді. Сол себепті талпыну керек, талаптану керек. Кімнің ниеті түзу болса, кім білімге құштар болса, соны құдай тағала қолдайды. Білім алу керек. Білімсіз күнің қараң.

 

Үшінші сөз – Жалқаулық туралы.

 

      Адам баласында бір жалқаулық деген бар. Ол – адаммен бірге қатар жүретін нәрсе. Адам оны өзі тапқан емес. Егер жалқаулыққа бой алдырса, онда адам баласының құтылуы қиын. Осы жалқаулықтан құтыламын, жоламаймын десең де, бәрібір сені келіп жеңеді. Өзің де байқамайсың, қалай жалқаулыққа келіп тірелгеніңді. Соңында осы жалқаулығыңнан да жалығасың. Дүние бірқалыпты тұрмайды. Әрбір адамға бірқалыпты өмірді берген жоқ. Бірақ осы жалқаулықтан құтылу адам баласының өз қолында. Өмір сүрген соң тек жақсылыққа қарай талпыну керек. Өмірді дұрыс сүре білсең, оның өзі бір ғанибет екен деп ойлаймын.

                        Өмір

 

Көңіліме түрткі болып сан сұрақ,

Қалам кейде сең соққандай қалтырап.

Болашаққа көз жүгіртсем болжалдап,

Болғым келед қараңғыға нұр шашпақ.

 

Өмір кейде жылатады көл қылып,

Ал кейде қуантады ер қылып.

Кей адамға көңіл берген кең қылып,

Кей адамға бұйырмаған кең қылық.

 

Жақсы – жаман алма-кезек алмасар,

Ертеңгі күнін күтер адам асығар.

Өтер уақыт көзді ашып – жұмғанша,

Бар өмірін осылайша сап қылар.

 

Шығар әлі алдымыздан таң күліп,

Кетсем деймін өз үнімді қалдырып.

Бұл өмірде өтсе – дағы бар ақынның,

Өлеңдері жасай берер мәңгілік!

 

 

                 Батыр қыз

 

Бойына батырлық қасиеті дарыған,

Елін, жерін жау көзінен қорғаған.

Еліміздің батыр қызы танылып,

Ерке құсы, кең даланың атанған.

 

Қаймықпай қан майданға аттанған,

Ерлігімен  жауға қарсы айқасқан.

Соңғы демі таусылғанша шайқасып,

Ел намысын көкке биік көтерген.

 

Бар жігерін жауға қарсы жаратқан,

Ел атынан оқты қарша боратқан.

Тыныштық пен бейбіт өмір сақталып.

Батыр қыздың ерлігіне тамсанған.


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Ниетім - өмірімнің айнасы
Өмір қымбат адамға
Оқушы шығармашылығы
Адамға денсаулықтан не бар қымбат ...
Менің елім-Қазақстан
Рахмет,анашым!
Ұлы ақын Абай
Тілім менің тірлігімнің айғағы
Туған тілім - тірлігімнің айғағы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе
Бөлім: Уроки / Оқушымен жұмыс | Көрсетілім: 2354 | Қосты: NA | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык