Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

Ақтөбе облысы  Мұғалжар ауданы

Ембі қалалық №7 орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Аманиязов Даурен Зейнуллаевич

Тәрбие сағатының тақырыбы Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен!

 Мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болу керектігі туралы біліктерін қалыптастыру . Қойылған сұраққа ойланып,толық жауап беруге үйрету. Балаларға күнделіктіөмірде кездесетін әр түрлі жақсылықтар мен жамандықтарды ажырата білуге,жақсыдан үйреніп,жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

2.Оларды бір-бірімен достық қатынаста болып,үлкенді сыйлауға,ортаға деген сүйіспеншіліктерін арттырып, кішілерге қамқор болуға үйрету.Олардың бір-бірімен шынайы да қайырымды,иманды болуға баулу.

3.Оқушыларға адамгершілік жайлы түсінік беріп, жауапкершіліктерін одан әрі дамыту. Таным белсенділіктерін арттырып, балалардың сөздік қорын байыту.Сурет бойынша әңгімелеуге дағдыландыру.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Көрсету,түсінік беру, ойындар, әңгіме,мақал-мәтелдер сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, талдау, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.т.б.

Ресурстары:  баяндау, ой толғау.нақыл сөздер.,мультимедиялық көрсетілім, слайдтар, өлеңдер жинағы, ойын , парақшалар т.б.

Өтілген орны: № 7 мектеп, информатика кабинеті. Күні: 15 ақпан 2014 жыл

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: Сәлеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен » тақырыбында өрбімек.

Балалар әркімнің өзінің бойында жақсы қасиеттер бар. Соны атымыздың басты әрпімен байланыстырып айтайық.

Руслан- рақымдымын

Назым-нәзікпін

Серікболат- сыпайымын

Ахмет- асылдымын

Ақслу- ақ көңілдімін

Алишер – ақ пейілдімін

Ерболат – еңбекшіл баламын

 

Аяна- ақылдымын

Бинар- білімдімін

Құдырет- қамқоршымын

Жандос- жарық жұлдызбын

Алуа- аппақ арудаймын

Мұрат –мейірімді жанмын

Айжан- аяулымын

Әсем –әсемдімін

Арсен- адамгершілмін

Нұрдос- намыстымын

Гаухар –гаһхар тастай қымбаттымын

 

Балалар сендер  сөзжұмбақ шешуді ұнатасыңдар ма?

Ендеше сөзжұмбақ шешейік.

   1.Жылт-жылт етіп төбемде,

   түсе алмай тұр төменге.(жұлдыз)

2. Аяғымда

    Басы қайқы қос сырық.

    Таяғым да

    Қуады оны састырып.(шаңғы)

3. Қазір қандай мезгіл. (қыс)

4. Мұртын сипап күн бойы,

    бетін сусыз жуады.

    Тысырды аңдып түн бойы,

  тышқанды көп қуады.(мысық)

5.Кесе, шыны, пиала –

Оларсыз шай құяма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

(ыдыс)

Балалар  сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты жақсы деген өте жақсы!

        Айналада ақ отау,

         аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)

2.Қорқақ сөзіне қарама қарсы сөз. (Батыр)

 

3. Даусы бар,жаны жоқ,

    шертсең күйі әні көп.(домбыра

4.Мінсем,

    төменге зу етем.

    Өрлесем,

     оны өзім сүйретем.(шана)

  1. Қасиетті тағам. (нан)

 

 

 

Балалар  сөзжұмбақты шешкенде қандай сөз шықты жаман  деген өте жақсы!

:-Балалар,менің сұрақтарыма жауап беріңдерші? Оқушылардың пікірлерін тыңдау

-Жақсы деген немене?

  -Гүл өсірген жақсы. -Ағаштарға,гүлдерге су құйған жақсы. -Үлкендерге көмектескен жақсы.

-Ал,жаман деген немене?   -Салақ,кір-қожалақ болған жаман. -Ағаштың бұтағын сындырған жаман.  -Кішкентай балаларды жылатқан жаман.

II. Кіріспе бөлім:  Менің көзқарасым (сұрақ-жауап)

Сұрақтар:

  • Қандай жақсы сөздерді көп қолданасыңдар?
  • Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Ал жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласыңдар?
  • Жақын адамдарыңа қандай жылы, жақсы сөз айтқыларың келеді?
  • Әр адамның жүрегі мейірімді де, қайырымды болу үшін не істеу керек?

Жақсы қасиетті кімнен үйренеміз?

Мазмұнды суреттерді пайдалана отырып,балалардың әңгімелерін,берген жауаптарын толықтыру/.

III. Негізгі бөлім:

Поэзия минуты  Не жаман ,  не жақсы? Адам баласының бойында жақсы да, жаман да қасиеттер болады екен. Адам болатын бала - барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек. Әдепті, ақылды балалар қандай болуы керек екенін мына өлең жолдарынан тыңдап көрсек.(өздері білетін өлеңдерін айтады)

Не жақсы?

1.Біріншіден не  жақсы?

Биязы  мінез тіл алғыш

Бал-бұл жанып жүретін

Бауырмалдылық сол жақсы.

 

2.Екіншіден не жақсы?

Ерте жатып мезгілмен

Ерте тұрып төсекті

Ерінбей жисаң , сол жақсы

 

3.Үшіншіден не жақсы?

Үйдің  ішін тазалап

Үстіне де қарайлап

Үлгіре алсаң сол жақсы.

 

4.Төртіншіден  не жақсы?

Тал шыбықтай  таңертен

Тамаша әдет сол жақсы

 

5.Бесіншіден не жақсы?

Былдырламай көбірек

Байыпты да байқағыш

Бала болсаң сол жақсы

 

6.Алтыншыдан не жақсы?

Ашу деген бәледен

Алшақ жүріп жанаспай

Ақылды болсаң сол жақсы

 

7.Жетіншіден не жақсы?

Жауқазындай  жайраңдап

Жұрт ісіне қайран қап

Жатса шіркін, сол жақсы.

 

8.Сегізіншіден не жақсы

Саспай, жастай өнердің

Сүйсен бәрін беріліп,

Сан  істерден сол жақсы

 

9.Тоғызыншыдан не жақсы?

Тәтті досқа сөз беріп

Танып жүрмей артынан

Табынды болсаң сол жақсы.

 

10.Оныншыдан не жақсы?

Ойлап істеп ісіңді

Озып шықсаң ортадан

Бәрінен де сол жақсы

 

 

 

1.Не  жаман?

Біріншіден   не жаман?

Беті –қолың  кір-кір боп,

Берекесіз  ыржақтап

Бейбастық өссең ,сол  жаман.

 

2.Екіншіден  не жаман?

Ессіз деніп, желпініп,

Екіленіп, ерігіп.

Ерке боп өссең , сол  жаман

 

3.Үшіншіден  не жаман?

Ұшып қонып жүретін

Шегірткедей   жеңілтек

Ұшқалақ болсаң , сол  жаман

 

                   4.Төртіншіден  не жаман?

Төменде тұрған өздерің

Төбеде  тұрған алмаған

Талассаңдар, сол жаман.

 

5.Бесіншіде не жаман?

Бар кітабың шашылып

Берілген сабақ оқылмай

Екі  алсаң сол жаман

 

6.Алтыншыда не жаман?

Ата-ананың  ақылын

Ала  білмей кезінде,

Ақымақ болсаң ,сол жаман

 

7.Жетіншіде не жаман?

Жиренішті  әдеттен

Жирене білмей кезінде

Жетесіз болсаң ,сол жаман

 

8.Сегізінші не жаман?

Соқтықпай күнде ойнайтын

Серік таппай қиналып

Сергелден болсаң сол жаман

 

9. Тоғызыншы не жаман?

Топ  ішінде мақтанып,

Төбелесіп жұртпенен

Таяқ жесең сол жаман

 

10.Оныншыдан не жаман?

Ойын қуып  жасыңда,

Оқусыз өтсен, балақай

Бәрінен  де сол жаман

Өлең оқу.

Енді балалар Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін тыңдайық.

Ғылым таппай мақтанба  Орын таппай баптанба

Құмарланып шаттанба  Ойнап босқа күлуге

Бес нәрсеге асық бол, Бес нәрседен қашық бол

Адам болам десеңіз  Тілеуің өмірің алдында

Оған қайғы жесеңіз  Өсек өтірік мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ Бес дұшпанды білсеңіз

Талап еңбек терең ой  Қанағат рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз

Слайдтан көрсету: 5 жақсы қасиет- талап, еңбек, терең ой,  қанағат, рақым. 5 жаман қасиет   -Өсек өтірік мақтаншақ,еріншек ,мал шашпақ

Мақал –мәтелдер айтЖақсылық пен жамандық туралы.Оқушылар өздері айтып шығады.

Ал,балалар,мен сендерге Л.Толстойдың «Екі дос»деген әңгімесін айтып берейін.

Орман ішінде екі дос келе жатқанда олардың қарсы алдынан аю шығады.Сонда біреуі жолдасын тастап қашып ағашқа өрмелеп шығып,тығылып қалады.Ал екіншісі жолда қалады.Ол не істерін білмей,жерге жата қалады. Жатқан адамды аю иіскелеп,өлі екен деп кетіп қалады. Аю кете салысымен,досы ағаштан түсіп жолдасына келіп:

-Аю құлағыңа на деп сыбырлады?-деп сұрайды.

-«Қауіп-қатер төнгенде,қиналған уақытта досын тастап кеткен адам жақсы адам емес,ондай адаммен дос болма» -дейді.

  Әңгіме желісі бойынша сұрақтарға жауап аламын.

1.Екі достың алдынан не шыға келді?

2.Досы неге қаша жөнелді?

3.Бұл досты қандай дос деп ойлайсыңдар?

-«Нағыз дос» деп қандай адамды айтуға болады?

 Достықты тек жақсы сөздері ғана емес,жақсы істері арқылы тануға болады.Достар әрқашан бір-біріне көмектеседі.Бір-біріңе адал,сенімді болсаңдар достықтарың тұрақты болады

Сиқырлы сөздер: Мұғалім: Балалар кез-келген жағдайда адам бойына ашу шақырмай сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін бірлесіп іздейік

 

1) Апаң сенің базардан.

Алма сатып әкелді

Ең үлкенін жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек

 

Рахмет апа деу керек

 

Әжең сенің түскі асқа

Қант, кәмпит салды мол

Жұрттан бұрын ыдысқа

Өз бетіңмен салдың қол

Рұқсат па деу керек еді

 

Балалар жүр көшеде

Естілді шу айқай,

Сенде шықтың көшеге

Қағып кеттің байқамай

Кешіріңіз деу керек

Ауыр сумка көтеріп ,

Белі кеткен иіліп ,

Келе жатты қарт ана .

Ербол қарсы кезікті ,

Өте шықты жанынан .

Мұндайда не деу керек?

Оқушылар : «Көмектесейін» деу керек.

 

Ерте тұрып , мектепке

Ербол келді сабаққа .

Қарсы алдынан кезігер

Ұстазы оның әр уақытта .

Ұмытты Ербол бұл кезде

Ұстазына не дейді ?

Мұндайда не деу керек ?

 

 

« Ақиқат немесе жалған» ойыны

Шарты: Айтылған пікір ақиқат болса, қол соғыңдар, айтылған пікір жалған болса, аяқпен жерді тарсылдатыңдар.

Пікірлер:

Үлкендердің алдынан кесіп өтпеймін, Мен ұрлық жасағанды ұнатамын

Ініме оқку үйретемін,  Кішкентай баланы ұрмаймын

Итті аяғыммен тебемін, Ойыншығымды ешкімге бермеймін

Сабақтан кешікпеймін,Досыма көмектеспеймін

Нанды шашпаймын, аяғыммен баспаймын

Бас киімді доп қыламын, Анама ренжітіп сөздер айтамын

Дәптерлерімді, кітабымды таза ұстаймын,Әкемнің айтқанын тыңдаймын.

Үлкендерге сәлем беремін,Ешкімнің айтқанын тыңдамаймын

Күлді баспаймын,Жақындарыма көп жақсылық жасаймын

Жарайсыңдар сендер ізетті баласы екенсіңдер, жарайсыңдар!

ІV.ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ.    Не үйрендік? Не білдік?   (ой түю)

«Жақсы болу - өз қолыңда» деген халық даналығында үлкен мән бар.Жақсы болуды басқа біреуден іздеудің қажеті жоқ.

Адамның жақсы істерге,жақсы әрекеттерге ұмтылуы, айналасындағылармен сыйлы қарым-қатынастар жасауы, өтірік айтпауы, сөзінде тұруы, жақсылықты жақсылардан үйренуі өзіне байланысты.

Сонымен біздер жақсыдан үйрен,жаманнан жирен атты тақырыпты қарастырдық.

Ненің жақсы, ненің жаман екенін айыра білдік. Сіздер еліміздің болашағысыздар. Ендеше осы бастан бойларыңызға жақсы қасиеттерді жинақтап, жаман қасиеттерден аулақ болыңыздар.

Жақынды,досты аяла,

қанатың сонда талмайды.

Барыңды жұрттан аяма,

жақсылық жерде қалмайды.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тассын» — дегендей сіздер әрқайсысың мектеп мақтанышы болыңыздар!

Егер бүгінгі сабақ ұнаса, көңілдеріңізден шықса,үш рет қол соғамыз.

( ашық тәрбие сағаты)

Өткізген:   1 «Б» сынып мұғалімі

Аманиязов Даурен З.

15 ақпан 2014 жыл


Соңғы жарияланған материалдар тізімі
Жақсы сөз -жылы тілек
Мақтаншақ бұлақ
Әдептілік-тәрбие бастауы.
Жақсы деген немене, Жаман деген немене.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Мұзафар Әлімбаевтің "Әдептілік әліппесі"өлеңімен таныстыру.
Әліппемен қоштасу
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен.
Абай Құнанбаев Адам болам десеңіз
Бөлім: Уроки / Өзін-өзі тану | Көрсетілім: 15636 | Қосты: Аманиязов Даурен Зейнуллаевич | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык