Ұстаздар сайты u-s.kz Сайттың атауы www.u-s.kz
» » Алкоголь және денсаулық


Алкоголь және денсаулық
АЛКОГОЛЬ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ

ТӘРБИЕЛІК ШАРА

Жауапты: мектеп психологы - А.У.Жукен

29.10.2014

Тақырыбы: "Алкоголь және денсаулық"

Мақсаты:

• Оқушыларға алкоголь дегеніміз не;
• Алкоголь тұтынудың керегі бар ма;
• Алкоголь ағзаға қалай әсер етеді;
• Алкогольдің адамға келтіретін зияны;
• Жағымсыз әдеттер мен қателіктерден аулақ болу үшін не істеу керек осылар жайлы ақпарат беру;
• Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын ұғындыру;
• Денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, карточкалар (сұрақтар, жағдаяттар), жетондар.

Қатысушылар: 8-11-сынып оқушылары, Медбике, биология пәнінің мұғалімі.

Барысы:
1. «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» бөлімі.
2. Алкоголь туралы сөйлесейік?
а) кіріспе сөз,
ә) ойыңды ортаға сала біл (карточкамен сұрақтар беру)
3. Пікірлесейік бөлімі
а) жағдаяттар шешу
б) сауалнама қорытындысы
4. «Мақал – сөздің мәйегі» бөлімі
5. Алкогольдің зардабы (толтыру)
6. Қорытындылау
А.Бердалин «Қазақ мен арақ» - 9-сынып ұлдары

1. Салауатты өмір салтын қолдаймыз.
Психолог:
Әркім бірақ бір өзіне сенеді
Сау болады жетсе еркі, жігері.
Ешбір затпен уламай жас денені,
Бағытталған мол қозғалыс керегі
Адам болу ел болудың жолы да,
Оңай емес ойлау керек оны да.
Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,
Бақыт құсын қондыру да қолыңда.
Сондықтан да салауаттылық сабағын,
Шығарма естен басқан сайын әр адым.
Жаман әдет жуымасын жаныңа,
Табиғаттай таза ұлы бол даланың.
Ниетің де, тілегің де, ойыңда,
Сұлу болсын, таза болсын бойың да.
Адал еңбек сені алға бастасын,
Барлық бала спортпенен достассын.
Аналар мен ұстаздарға
Айтарымыз бір тілек:
Берекелі заман болсын,
Балаларыңыз аман болсын,-
дей отырып, бүгінгі конференциямызды бастайық.

Алғашқы сөз кезегін мектеп медбикесі Рымкуль апайымызға берсек

2. Алкоголь туралы сөйлесейік бөлімі. Бүгінгі коференциямызға бұл тақырыпты таңдаған себебіміз, 29 қазан — дүиежүзілік алкогольден бас тарту күні болып жарияланғаны белгілі. Қазақстан мен бүкіл әлемге қауіп төндіріп, жүйке-неврологиялық және басқа да инфекциялық аурулардың өршуіне әкеліп соқтыратын, бауыр циррозы, қатерлі ісіктің әр түрлері мен мезгілсіз, ерте өлімнің негізгі себебі боп табылатын «ащы суға» тәуелділіктің алдын алу мақсатында атап өтіліп жүрген даталы күн барын біреу білсе, біреу білмейді. Елімізде жылда тіркелетін кісі өлімінің 11 пайызы осы ішімдіктің әсерінен болатындығын айтып отырған мамандар адамды ақылынан алжастыратын «әзәзілге» қарсы қоғам болып күресуге шақырады. Мен өзім жасөспірімдер арасындағы ішімдік ішуге үйрену, әдеттену барлық зиянды әдеттердің бастауы деп ойлаймын. Ертеде бір зинақор әйел өте бір тақуа адамды тура жолдан тайдырмақ болып, азғыра бастапты: Менімен әуейі бол немесе күйеуімді өлтір немесе менімен бірге шарап іш деп.Тақуа болса күйеуі бар әйелмен жақын болу күнә, адам өлтіру одан да зор күнә, жарайд одан да шарап ішіп құтылайын деп ойлаған екен. Таңертең есін жиып жан-жағына қараса шарап та ішкен, әйелмен де жақын болған, күйеуін де өлтірген.Міне, шараптың азғыру күші қандайлық.
Келесі сөз кезегі биология пәнінің мұғалімі Г.С.Зиятоваға беріледі
Алкоголь – бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотиктік әсері бар этил спирті. Алкоголь – бүкіл әлемге тараған ежелгі есірткі. Алкогольді тұтыну алдымен адамдардың көңіл-күйін жасанды көтере бастайды, одан кейін бас миына қысым түсіреді, агрессия әкеледі. Ағзадағы алкоголь 4 негізгі әсер береді:
• Ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді /спирттің жоғары энергетикалық құндылығы бар, бірақ қоректендіру заттары жоқ/
• Орталық нерв жүйесінің жұмысын бәсеңдетіп, әрі тиімділігін төмендете отырып, анестезиялау құралы ретінде әрекет етеді;
• Несептің жиналуына ықпал етеді.Алкогольді тұтынғанда адам көп су жоғалтады, сондықтан клеткалар құрғайды;
• Бауырдың қызметін уақытша төмендетеді. Спирттік ішімдіктің белгілі бір мөлшерін тұтынғаннан кейін бауырдың үштен бір бөлігінің жұмысы төмендейді, ол әдетте бірнеше күннен кейін ғана қалпына келеді.

б)Карточка сұрақтары:
1. Алкоголь тұтынудың керегі бар ма?

2. Жасөспірімнің ішімдікке салыну себептері?

3. Жасөспірімдер алкоголизмінің ерекшеліктері?

4. Алкоголь ағзаға қалай әсер етеді?

5. Алкоголизмнің неше сатысы бар?

6. Алкоголь және зорлық?
3.Пікірлесейік.

а) 1-ші жағдаят. Бір күні сені жан досың бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстінен түстің.Сені бейтаныс жастар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырды. Досың да солар жағында. Бұған дейін сен досыңның мұндай әдеттерін байқамапсың. Осы жағдайда сен не істер едің, қандай да бір шұғыл шешім қабылдай аласың ба? Басыңнан мұндай жағдай өттіме?

2-ші жағдаят. Сен ағаңмен өте татусың. Бір күні түнде кешігіп келген ағаңнан ішімдіктің иісі шығып тұрғанын байқадың және қалтасынан бір қорап шылым тауып алдың.Ол ат-аналарыңа айтпауыңды өтінді. Сенің әрекетің.
б) сауалнама қорытындысы

4.Мақалдар.

1. Денсаулығың сай болса, көңілің жай болар.
2. Ішімдік - індет, оны тию міндет .
3. Мастық жоқ та масқара да жоқ
4. Адамға арақ ас болмас,
Ішкен адамда бас болмас.
5. Арақты сағалаған
Моласын жағалаған
6. Арақтың теңізіне алыптар да батады.
7. Араққа сәлем берсең,
Ақылға қош бол де.
8. Тамақтан сорламайсың
Арақтан сорлайсың
9. Есек шарап ішсе, ер-тоқымын сыйға тартар.
10. Маскүнем – өзіне-өзі қаскүнем.

5. Алкогольдің зардабы (толтыру)

6. Қорытындылау. Бүгінгі конференциямызды мына өлең жолдарымен аяқтауды жөн көрдік:

ҚАЗАҚ ПЕН АРАҚ
(Арман Бердалин)

Бұл арақты ішіп еді қай бабаң?
Ішпек түгіл, ауызын да шаймаған.
Алла бізге «арам» — деді арақты
Зияны көп болғаннан соң пайдадан.
Арақ деген наннан қымбат ас болып,
Төреге ұқсап, төрде тұрар бас болып.
Бабаларым сұрағанға су берген,
Балалары у беріп жүр қас болып.
Бұл күндері ішіп жүрген арағың,
Бір күндері төгіледі жас болып.
Ертеңіңді ойламайсың есіріп,
Мәз боласың бүгін жүрсең мас болып.
Түзде тойып жүргеннен соң не пайда?
Үйде қатын, балаң жатса аш болып.
Арақ сіңіп, арамданды қу денең,
Кірі кетпес жусаң-дағы суменен.
Пәк қазақтың ақ ниеті жойылып,
Жоқ боп кетті-ау көкке ұшып буменен.
Аз да болсын қуанышқа кенелсең,
Айналаңнан сөз естисің «Жу!» — деген.
Содан кейін дүйім елді шақырып,
Тойғаныңша той жасайсың, бұ неден?
Осылайша туысың мен досыңды,
Жиып алып құрметтейсің уменен.
Арақ үшін азапқа да шыдаймыз,
Бұрын соңды жасамап ек бұлай біз.
Біреу тойды арақ құймай өткізсе,
«Шық бермейтін Шығайбай» — деп сынаймыз.
Қолымызға арақ алып: «Я, Алла!
Ұл-қызымды бақытты ет!» — деп сұраймыз.
Ұл-қызымыз бақытсыз боп кетсе егер,
«Саған, Құдай, не жаздым?» — деп жылаймыз.
Екі жасты сылтау етіп, есіріп
Тост айтатын той жасаймыз бір ай біз.
Арақпенен санаң бір күн сарқылып,
Түзу жерде тік жүре алмай құлаймыз.
«Дастарханға егер арақ қоймасам,
Құдам ертең не дейді?» — деп шулаймыз.
Ағыл-тегіл арақ құйып ақыры,
Құдай емес, құдамызға ұнаймыз.
Арақ сені абыройдан айырар,
Мың сауабың бір тамшымен шайылар.
Арақ ішіп, қартың жүрсе қартылдап,
Жастарыңның бетін кімдер қайырар?
Жетпісіңде жұтып алып жүз грамм
«Жас жігіттен мықтымын» — деп жайылар.
Бата беріп, тойдан кейін тойып ап,
Аяғында сол үшін деп қайырар.
Қызың қызыл, ұлың жүрсе ақ ішіп,
Бір-ақ күнде бастан кетер бақ ұшып.
«Әй» — деп ақыл айтар ата-анаң жоқ,
Қайта бірге арақ ішер қағысып.
Әкесі мен ұлы ішіп керісер,
Екінші күн көз көгеріп, жақ ісіп.
Жастықпенен ішімдікке құмартып,
Бастықпенен кісі өлтірер, қан ішіп.
Күнде-күнде күнә жасап, бұл қазақ
Тозақ жаққа бара жатыр жарысып.
Ақ арақтан бір босамай кесеміз,
Әркімдерге кетіп жатыр есеміз.
Бар өмірің бұлдыр-бұлдыр бірдеңе,
Жын соққандай беймәлім күй кешеміз.
Сол арақтың емес пе еді кесірі,
Үйде отырып бала тапты неше қыз?
Бірақ біздер қалай арақ ішпейміз?
Күнде мас боп жүрсе әке-шешеміз.
Айналайын, ақылы бар ағайын,
Ұлтың менен ұрпақ қамын жесеңіз.
Алдыменен өзің ішпе арақты,
«Балам ертең адам болсын» — десеңіз.
Арақ осы қай адамды бай қылған?
Талайларды түзу жолдан тайдырған.
«Қайран жұртым қайда барып тоқтар?» — деп,
Құнанбайдың баласы да қайғырған.
Арақ ішсең кімге сыйлы боласың?
Мас адамның құны төмен маймылдан.
Ішіп алып үсіп өлсең, ұл-қызың
Өлігіңді тауып алад қай қырдан?
Уағыз айтсам, «қалжың сөз» — деп сенбейсің,
«Өлгеннен соң көрерміз» — деп өрлейсің.
«О дүниеде азап бар» — деп ескертсем,
«Онда барып келіп пе ең?» — деп тергейсің.
Бар ақшаңды жұмсап арақ, сыраға
Қайыршыға бес тиын да бермейсің.
«Осы арақ ауруыма ем» — дейсің,
«Денсаулыққа зияны оның кем» — дейсің.
«Бұл арағың жасалады бидайдан,
Сондықтан да нанмен құны тең» — дейсің.
Тірлігіңде мұның бәрін ойламай,
Тегін жатқан мол сауапты термейсің.
Ішіп жүріп, өлім барын ескермей,
Жетпес жерге қылышыңды сермейсің.
Бірге жүрген туысың мен досыңды,
Өліп қалса, қимасаң да жерлейсің.
Сонда-дағы өлім жайын ойламай
Түсінбейсің, күтеді алдан нендей сын?
Күнің жетсе, сен де бір күн өлерсің,
Ажалыңды күрессең де жеңбейсің.
Мәңкүр-Нүңкір: «Раббың кім?» — деп сұраса,
Сөз таба алмай, сонда сасып терлейсің.
Алған күнің өтіп қайғы-азаппен,
Жәннат баққа жыласаң да енбейсің.
Ішкен әрбір тамшы от боп күйдірсе,
«Неге ит боп жаралмадым мен?» — дейсің.
Өлгеннен соң өкінгеннен пайда жоқ.
Бұл өмірге қайта айналып келмейсің.
Өр басыңның төмендетіп бағасын,
Жұлқыласып жұрттың жыртып жағасын.
Арақ деген туғаныңнан бездіріп,
Алыстатар ағайынның арасын.
Осы арақ «Әй» дегізіп әкеге
Інісіне ұрғызады ағасын.
Қаншама адам кесіріменен арақтың
Ұрып соғып әкесі мен анасын.
Қартайғанда сүйреп қарттар үйін.
Қайырылып көрсетпейді қарасын.
Байғұс ана қанша иттік көрсе де,
Сағынады өзі туған баласын.
Күтіп жүрер «Балам келіп қалар» — деп,
«Құлыным» — деп жасырады наласын.
Тым құрыса, немересін сүйе алмай,
Жүрегінің жаза алмай жүр жарасын.
Ана сүтін айырбастап араққа
Қайран қазақ, қайда кетіп барасың?!

Тәрбиелік шарамыздың құрметті қонағы болғандарыңызға көптен-көп рахмет!!!
Күлкілеріңіз — ашылған гүлдей, Көңілдеріңіз — шашылған нұрдай болсын!!!
Сау-саламатта болыңыздар!
Соңғы жарияланған материалдар тізімі
«Салауатты өмір салты»
Есірткісіз болашақ !
Жыныс жасушаларының дамуы. Ұрықтану, оның генетикалық маңызы
ЖИТС- ғасыр обасы
Ессіз құмарлық - денсаулықтың жауы сыныптан тыс жұмыс
Ішек-қарын ауруларының алдын алу
Денсаулықты баптаймыз, өмірімізді сақтаймыз
Денсаулығым - бар байлығым
Туа жаман жоқ, жүре жаман бар
Салауатты өмір салты
Бөлім: Уроки / Психология | Көрсетілім: 4738 | Қосты: Жукен Актолкын Улановна | Ілмек сөздер:
Информация
Посетители, находящиеся в группе Гости, не могут оставлять комментарии к данной публикации.
Бөлімдер
История
открытые уроки по истории
Педагогика
открытые уроки по педагогике
Биология
открытые уроки по биологии
Информатика
открытые уроки по информатике
Математика
открытые уроки по математике
Физика
открытые уроки по физике
Химия
открытые уроки по химии
Разное
открытые уроки
География
Открытые уроки по географии
русский язык